«Қызықты информатика» атты интеллектуалдық сайыс.
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Минабил Амангуль Минабиловна
|
8 - в сынып арасында өтетін «Қызықты информатика» атты
интеллектуалдық сайыстың өту жоспары.
Өтетін күні: 28.11.2013жыл.
Өтетін орны: 204 кабинет
Ұйымдастырушы: Минабил Амангуль
Мақсаты: Ойын арқылы оқушылардың информатика сабағына деген қызығушылығын арттыру. Шапшаңдыққа, терең ойлана білуге, бірігуге, сыйластыққа тәрбиелеу.
Қайырлы күн құрметті көрермен !
Сөз бастайын термелетіп өлеңмен.
Тәрбиелі, білімді бол әрқашан.
Өс, өркенде қанат жайып кемелден.
Жоспар
Сайыс 5 турдан тұрады.
І-тур. «Таныстыру»
ІІ-тур. «Бәйге»
ІІІ –тур. «Тапқырлар»
IV-тур. «Керемет төрттік»
V-тур. «Полиглот»
І-тур. «Таныстыру»
Оқушылар екі топқа бөлінеді, өз командаларын таныстырады.
1 топ: ақпараттандыру
2 топ: информатика
Топ аттарындағы әріптерден сөздер құрастыру. Қай топ көп сөз құрастырады соларға бал.
Екі топтың капитандары келіп 5-слайдтан 2 фигураның бірін таңдайды, №1 санын таңдаған топ бастап сұрақтарға жауап береді. Барлығы 10 сұрақ қойылады. Қанша сұраққа жауап берілсе сонша жұлдызша таратылады.
II-тур. «Бәйге»
1. Логикалық алгебраның атасы кім? (Джордж Буль)
2. Конъюнкция дегеніміз не? (Логикалық көбейту)
3. Логикалық қосу дегеніміз не? (дизъюнкция)
4. Инверсия дегеніміз не? (Логикалық теріске шығару)
5. Өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар (Компьютерлік вирустар)
6. Архивтеу (Мұрағаттау) бағдарламаларын атаңыз (WinRar, WinZip)
7. Екілік санау жүйесі қандай сандардан тұрады? (0 мен 1)
8. Он алтылық санау жүйесінің негізі нешеге тең ?(16)
9. Ақпарат сөзі қандай мағына береді? (түсіндіру, баяндау)
10. Компьютердің «миы» (процессор)
ІІІ-тур.”Тапқырлар”
Жүйрік болсаң тауып көр.
(Бұл кезеңде математикалық есеп беріледі, сол есептің жауабынан басталатын мақал – мәтел құра. Дұрыс жауапқа 30 ұпай.)
1. 1558 – 1518 = 40( Қызға қырық үйден тыю)
2. 1017 – 1010 = 7 (Жеті рет өлшеп, бір рет кес)
3. 5960 – 5954 = 6 (Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді)
4. 10455 – 10454 = 1(Бір қарын майды, бір құмалақ шірітеді)
5. 10740 – 10710 = 30 (Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге таралады)
6. 25638 -25631 =7 (Ит жеті қазынаның бірі)
7. 17395 – 17388 =7 (Жігітке жеті өнерде аз)
IV. «Керемет төрттік»
Информатика
1. Компьютер мен адам арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)
2. 1 Килобайтта неше байт бар? (1024 байт)
3. Бірінші программист кім ? (Ада Лавлейс)
4. ESC пернесінің қызметі ? (болдырмау)
5. Қағаздағы кескінді монитор экранына шығаратын құрылғы (сканер)
Алгебра
1.Төртбұрыштардың түрлерін ата (ромб, трапеция, квадрат, тіктөртбұрыш)
2.Санның жүзден бір бөлігі (пайыз)
3.Сағаттың 60/1 бөлігі (минут)
4.2 мен 3-тің арасына қандай таңба қойғанда 2-ден үлкен,
3-тен кіші сан шығады? ( үтір,)
5. Қандай санның кез –келген дәрежесі сол санның өзіне тең? (1)
Физика
1.Молекулалардың ретсіз қозғалысы қандай қозғалыс? ( жылулық қозғалыс)
2.Сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі дегеніміз не ? (Конвекция)
3.Фаренгент шкаласында адамның қалыпты температурасы нешені көрсетеді? (360+273=309К)
4. Судың еру және қату температурасы (00С)
5. Сұйыққа немесе газға батырылған денеге жоғары бағытталған кері итеруші күш (Архимед күші)
Логика
1. Адамның 10 қолында неше саусақ бар? (50)
2. Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4сағат)
3. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3)
4. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)
5. Ресейде бірінші, Парижде үшінші? (Р)
V. «Полиглот»
1. Мектеп-кеме,білім-...(теңіз,море, sea)
2. Өлімнен ұят... (күшті, сильный, strong)
3. Денсаулық- зор...(байлық, богатство, riches)
4. Білім-сандығы...(кітап, книга, book)
5. Әдепті бала-арлы...(бала, ребенок,child)
6. Ашу дұшпан, ақыл-...(дос, друг,friend)
7. Фонограф бағдарламасы қандай мәліметті өңдеуге мүмкіндік береді? (дыбыс, звук, sound)
8. Графиктік курсорды басқаруды жеңілдететін құрылғы? (тышқан, мышь, mouse)
9. Өнер алды – қызыл .....(тіл, язык, language)
Жанкүйерлер көз – қарасы.
Қорытындылау.
Марапаттау.
Көрермендермен ойын. Жұмбақтар
1.Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі
Бір күн бар да, бір күн жоқ
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны жүз жеті (пернетақта)
2.Экранның бетінде тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)
3.Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (монитор)
4.Кемірушіге ұқсайды бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.
Ойланып. Білгіш болсаң жауап берші,
Қалай деп аталады аты оның? (тышқан)
5.Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды (бос орын)
6.Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер
Информатикада өлшем бірлік
Ақпаратты өлшер (бит)
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 4.7 Mb |
Количество скачиваний: | 18 |