Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі. Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергиясының өзгеруі. Меншікті балқу жылуы.

Предмет: Физика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі. Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергиясының өзгеруі. Меншікті балқу жылуы.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: қатты денелердің балқу және қатаю процесі жөніндегі білімдерін жаңа ұғымдармен толықтыру. Қатты денелердің балқуы және сұйық заттардың қатаю графигін түсіндіру.

2. Дамытушылық: заттың сұйық күйден ұатты күйге, қатты күйден сұйық күйге айналуын молекула-кинетикалық теория негізінде талдауға, салыстыра отырып дамытуға жаттығу.

Тәрбиелік: заттың агрегаттық күйдегі қасиеттерін түсіндіру барысында оұушыларды байқампаздыққа, өз ойын ғылыми тұрғыдан түсіндіре білуге үйрену.

Сабақтың міндеттері: 

1. Заттыңагрегаттықкүйлерітуралымәліметтердітолықтыру.

2. Қатты денелердің балкуы және сүйық заттардың қатаюы кезіндегі ішкі энергияның өзгеруін түсіндіру.

3. Жаңа тақырыпты оқып-үйрену кезінде өткендегісін есіне түсіре отырып, ойларын қорыта білуге және қорытынды жасауға дағдыландыру.

Сабақтың өту кезендері:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Өткен сабақ бойынша оқушылардың білім-білік дағдысының қалыптасуын тексеру.

3. Жаңа сабақты баяндауға дайындық.

4. Жаңа материалды оқып-үйрену.

5. Сабақты бекіту.

6. Қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау.

7. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

· Сабаққа дейін кезекші мәліметін алу;

· Көрнекіліктерді тексеру;

· Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;

· Оқушылардың сабаққа дайындығын білу;

2. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық.

· 1892 жылы төртінші желтоқсанда Саксонияда өлшемі 12 см-ге дейін жететін қар қиыршығы жауған. Атмосфераның жоғарғы қабатында Жер бетіндегі температураға қарағанда температурасы төмен болады. Осы қабатта мұздың кристалдарынан "алмаз шаңы" пайда болады. Олар ауаның бу қабатына құлап түскенде, конденсацияланып, өлшемін арттырады. Егер температура 0оС болса, қар қыршықтары бір-біріне жабысып, үлкен «қар мақтасын» түзеді. 

 

· Бұлтта мұздың кристалдары және өте салқындаған су тамшылары болады. Су тамшылары ауа ағынымен соқтығысқанда бұршақ құлап түсетіндей жағдайға дейін өседі. Сол кезде көтеруші күш әлсіреп, бұршақ  Жерге түседі. Бұршақтың көп жаууы экономикалық дағдарыс әкеледі.

 

· Үй төбесінде «сүмелек мұз» пайда болу үшін бір мезгілде екі температура қажет, еру үшін 0оС-тан жоғары, қатаю үшін 0оС төмен. Күн сәулесі үйдің шатырына тік түседі. Осы энергия есебінен шатырдағы қар еріп төмен түседі. Ал шатырдың астындағы температура төмен болғандықтан шатырдан құлап аққан су салқындап үлкереді. Төмен түскен су тамшылары буланып, су тамшылары кристалданып үлгереді де, «сүмелек мұз» пайда болады. 

 

 

 

              

Қандай күйлер туралы сөз болды? Бүгінгі сабақтың тақырыбы заттың агрегаттық күйінің өзгерісіне байланысты өтетін құбылыспен байланысты.

Слайдта сабақтың тақырыбы жазылып тұрады және оны оқушылар дәптерлерге жазады.

 

Сабақтың өту кезеңдері:

I.                  1. Өткен сабақ бойынша оқушылардың білім білік дағдысының қалыптасуын тексеру үшін тест алынады (тест жұмысы Activstudio Professional бағдарламасындағы Activiote тесттік жүйесінде жасалынды).
Мақсат: Оқушының жаңа сабаққа дайындығын тексеру. Өткен сабақ бойынша қысқа уақытқа арналған тест тапсырмасын орындайды.
1. Энергияның сақталу заңы:
А)  Энергия жоғалады, энергия берілмейді;
В)  Энергия жоқтан пайда болмайды;
С)  Энергия жоғалмайды, жоқтан пайда болмайды. Ол бір денеден екінші денеге беріледі;
Д)  Энергия бір денеден екінші денеге берілмейд;
2. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы деп...
А)  Денені қыздыру үшін берілген жылу мөлшерін;
В)  Денені салқындатқанда бөлінетін жылу мөлшерін;
С)  Денені қыздыру үшін ерілген және салқындатқында бөлінетін жылу мөлшерін;
Д)  Жылу алмасу кезіндегі бөлінетін энергияны айтамыз.
3. Жылу берілудың түрлері:
А)  Жылу өткізгіштік, конвекция, сәулелену;
В)  Жылу өткізгіштік;
С)  Конвекция;
Д)  Сәулелену;
4.  Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері?
А)  Жылу беру;
В)  Жұмыс істеу арқылы;
С)  Жылу беру және жұмыс істеу арқылы;
Д)  Жылу алмасу арқылы;
5. Қандай денелерде кнвекция жүре алмайды?
А)  Сұйық заттарда;
В)  Қатты денелерде;
С)  Газдарда;
Д)  Қатты денелер мен сұйықда; 
2. Жауаптары тақтада тексеріліп, қорытындысы шығады.

II.               Жаңа тақырыпты баяндауға дайындық.

1. Мұғалімнің сөзі: Мен Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Абай ауданында туып, Абай атындағы орта мектепті бітірдім. Маған қазақ тілі және әдебиет пәнінен Кәмен Оразалин деген мұғалім сабақ берді. Ол кісінің «Абай ауылына саяхат» деген кітабы бар. Мұғалім сабақ сұрағанда «алмасу» деген тәсілді жиі пайдаланатын. Ол өткенде ұмытпау, бүгінгіні есте сақтау үшін пайдаланатын. Мен де бүгін осы тәсілді пайдаланамын.

Тақтада онлайн түрінде интернет желісіне қосылған жер шарындағы веб-камералар арқылы жыл мезгілдері ауыса отырып, ақын Абай Құнанбаевтың жыл мезгілдеріне жазылған өлеңдерінен үзінді оқылады (Қыс мезгілі - Антарктидаға, көктем мезгілі-Жаңа Зеландияға, жаз мезгілі-Австралиядағы, күз мезгілі-гимназия ауласындағы веб-камералар арқылы онлайн түрінде көрсетілген).

  

 

 

 

Көрсетілімнен кейін экранға жазылған сұрақтарға жауап алынады:

1.     Бүгінгі сабақтың тақырыбымен жыл мезгілдерінің ауысуының арасында қандай байланыс бар?

2.     Жыл мезгілдерінің ауысуына қандай процестер жүріп жатады?

3.     Заттың агрегаттық күйлерін атаңдар?

 

Көрсетілім:

·        Қатты заттың сұйық күйге өтуі заттың балқуы (қалайының балқуын көрсету).

·        Сұйық заттың қатты күйге өтуі (судың мұзға айналуы).

III. Тақтада сызба арқылы жаңа тақырып түсіндіріледі.

·        Отын жанғанда бөлініп шығатын энергия

·        Энергия көздері

·        Кристалл денелердің балқуы және сұйықтың қатаюы

·        Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі

·        Меншікті балқу жылуы, физикалық мағынасы, өлшем бірлігі

·        Заттың сұйық күйге айналуын молекула-кинеткалық теория негізінде талдау

·        Заттың қатты күйге айналуын молекула-кинеткалық теория негізінде талдау

 

Қорытынды:

1.     Энергияның сақталу және айналу заңы бойынша энергия жоғалмайды, жоқтан пайда болмайды. Энергия тек бір түрден екінші түрге өзгере алады.

2.     Бір дене әртүрлі агрегаттық күйде бола алады. Ол қандай зат?

3.     Судың әртүрлі агрегаттық күйдегі молекулалардың орналасуын суреттеу.

 

4.     Заттардың күйлерінің қасиеттерін жазу.

5.     Затты бір күйден екінші күйге ауыстыру үшін не істеу керек?

6.     Егер денеге энергия берілсе, онда қандай өзгеріс болады?

7.     Егер дене энергия жоғалтса, онда қандай өзгерістер болады?

IV.           Жаңа сабақты бекіту.

1.     № 59 беттегі кестемен жұмыс.

·        Алюминийдің және мыстың қайсысын алар едің, біреуінен ыдыс жасап, екіншісін балқыту үшін?

·        Балқыған темірге тасталған болат пен вольфрамның қайсысы қатты күйде қалады?

·        Қалайы қасықта алтынды ерітуге бола ма? Ал алюминийді ше?

·        Температурасы 39оС-тан төмен ауаның температурасын өлшеу үшін сынап термометрді пайдалануға бола ма? Термометрге бұл мақсатта қандай сұйықты пайдалануға болады?

2.     Заттың балқу графигіне қарап мына сұрақтарға жауап беріңдер.

 

Графиктің бөліктеріне сәйкес процестерді атаңдар:

ОА-...

АБ-...

БВ-...

Балқу қанша уақытқа созылған?

Балқу температурасы неге тең?

Қыздыру тоқтағаннан кейін график қандай болады?

Тәуелділік графигін анықта.

V.              Қорытынды тест (тест жұмысы Activstudio Professional бағдарламасындағы Activiote тесттік жүйесінде жасалынды).

1.     Балқу температурасы деген...

а) балқу кезіндегі ішкі энергияның өзгермеуі

б) заттың балқитын тұрақты температурасы

с) заттың кез-келген температурада балқуы

2.     Кристалдану температурасы деген...

а) жылу бөлінген кездегі температура

б) кез-келген температурада қатаюы

с) балқу сияқты тұрақты температурада өтеді

3.     МКТ тұрғысынан балқу процесі кезінде...

а) ішкі энергия өзгереді

б) ішкі энергия өзгермейді

с) энергияның айналуы болмайды

4.     Отынның меншікті жану жылуы деп...

а) жану кезінде ішкі энергия өзгермейді

б) отын жанғада бөлінетін жылу мөлшері

с) отын жанғанда энергиясы сақталады

5.     Температурасы 300оС қорғасын қандай күйде бола алады?

а) сұйық

Тип материала: Неизвестен (pdf)
Размер: 765.7 Kb
Количество скачиваний: 91
Просмотров: 349

Похожие материалы