«Өздігінен білім алуға дағдыландыру»
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Карибасова Гулжанар Нургазиновна
|
Адам өмірінің ең басты қажеттілігі - білім алу. Білім арқылы оқушының дүниетанымы дамиды, ой-өрісі кеңейеді, белгісізді таниды, өзін толғандыратын сауалдарға жауап табады. Оқушы бойында қалыптасатын осы қажеттіліктердің барлығы сабақ үдерісінде орындалатын түрлі тапсырмалар мен жаттығуларға байланысты болады. Жүйелі түрде тиянақты тапсырмалар беру арқылы оқушы зейінін шоғырландырып, назарын нақтылы тақырыпқа аудару оларды ғылыми негізде ойлауға, өмірді танып-білуге, өзін-өзі дамытуға үйретеді. Мұғалім тарапынан берілген мазмұнды тапсырмаларды орындап, тиянақты білім алуға ұмтылады. Соның ішінде өзбетімен білім алуды қалыптастыру яғни, сабақ үстінде алған білімді мұғалімнің көмегімен және бақылауымен, бірақ оның қатысынсыз орындауында. Олардың ойлау мүмкіншілігін жан-жақты аша түседі, өз бетімен ізденуіне, талаптануына жол ашады. Мұғалім үнемі жеке тұлғаға танымдық қабілеттерін дамыту жолдарын нұсқап отырса, онда балалардың өздері де ізденіске түседі.Қазіргі өзекті мәселелердің бірі-осы. Ал жеке тұлға-қоғам мүшесі ретінде, өзіндік өмір сүру бейнесіне сай, жеке құқыққа, танымдық қаиетке ие, саналы әрекет, қарым-қатынас жасай алатын, рухани құндылықтарды бойына жинаған, дүниетанымдық, интеллектуалдық мінез-құлық ерекшеліктерімен дараланған, өздігінен іздену арқылы білім мен іскерлігін жетілдіріп ұдайы даму үстінде болатын жан. Оқушының өз бетімен жұмыс істей алуы, өзіндік жұмыстарды бетінше орындау үшін тек теориялық білімнің болуы ғана жеткілікті емес, оқушыда қалыптасқан әрекеттік дағдылар мен ой әрекеті тәсілдерін жақсы меңгеруі тиіс. Нәтижесінде, әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге тырысып, оқушының жеке қабілеттілігі айқындалады, іштей бір-бірінен қалмауға ұмтылады, әр бала шамасына қарай бағаланады да, кез келген қиыншылыққа төзуге, жеңуге икемденеді. Негізгі мақсат - оқушылар арасында еркін, ашық шығармашылық қарым-қатынас орнату, оқушыларға білімді өз бетімен ізденуге бағыт-бағдар сілтеу, оқушыларға қажетті білік-дағдыларды қалыптастыру, белсенділікті дамыту. Оқушыларды өз бетімен білімді игеруге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, сыни тұрғыдан ойланып, проблемаларды шешуге дағдыландыру. Осы орайда өткізілген сабақ жоспарымды ұсынып отырмын.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 25.81 Kb |
Количество скачиваний: | 16 |