"ҮЗДІК МАТЕМАТИК" сыныптан тыс сабақ жоспары

Предмет: Математика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

 

 

Сабақтың тақырыбы:  ҮЗДІК МАТЕМАТИК

 

Мақсаты: дарынды оқушыларды табу, олардың қабілеттерін ашу, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету; сергектік, зеректік және логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру.

 

Көрнекілік: карточкалар, слайдтар.

 

Сабақтың барысы:

 

Ал, кәнекей қаралық,

 

Мына жақта жаңалық!

 

Бүгінгі кеш төрінде,

 

Математика елінде,

 

Математика тілінде

 

Есеп шешіп жарысып,

 

Шабыт тасып шалқысып,

 

Есеппенен ән салып,

 

Көңілді кеш жасайық.

 

  • Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздерді «Үздік математик» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

    Біреуінің  жүрегінің түгі бар.

    Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

    Енді біреуінің қатты істейтін миы бар-дей келе қатысушыларды анықтап алайық. Ол үшін  мақал- мәтелдердің жалғасын тауып, ондағы сандарды орысша және ағылшын тіліне аудару керек.

    а) қатысушыларды анықтау.

    1. Бір елі ауызға ( он елі қақпақ). Он- десять-ten.

    2. Жүз сомың болғанша ( жүз досың болсын). Жүз-сто-one hundred.

    3. Білекті бірді жығар (білімді мыңды жығар). Мың-тысяча-thousand.

    4. Білгенің бір тоғыз,( білмегенің тоқсан тоғыз). Тоқсан тоғыз-девяносто девять-ninety-nine.

    5. Отыз тістен шыққан сөз( отыз рулы елге тарайды). Отыз-тридцать-thirty.

    6.7 жұрттың тілін біл,( 7 түрлі білім біл). Жеті- семь- seven.

    7. 2 жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас. Екі-два-two.

    8. Ат баспаймын деген жерін  3 басады. Үш-три-three.

    б) кезеңдермен таныстыру.

    1. Математикалық викторина

    2. Сиқырлы сөз « Тіктөртбұрыш»

    3. «Ой ұшқырлығы»

    4. «Ойлан, тап». Есептер шығару.

    - «Математика- ғылымдардың патшасы» дегендей , бүгін барлықтарын математикалық білімдеріңді көрсетесіздер. Бірақ әр түрлі тур сайын ұпайы  төмен қатысушылар ойыннан шығып отырады. Ал, іске сәт! Алдымен қатысушылар өздерін таныстырып өтсін.

    1. Математикалық викторина.

    Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан.

 

  • Төртбұрыштың барлық қабырғасының қосындысы қалай аталады? (периметр)

  • 60-ты 0,6-ға бөлсек қанша болады? (100)

  • Дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырым.(аксиома)

  • Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш.(шаршы)

  • 13/35+12/35? (5/7)

  • 2 нің 5 дәрежесі-32

  • Қай жағдайды квадрат теңдеудің 2 түбірі болады? (дискриминант 0-ден үлен болса)

  • 330 градус  қай ширекте орласқан? (4)

  • Герон формуласы қай фигураның ауданын табуғақолданылады?(үшбұрыш)

  • Орта сызығы табандарының қосындысының жартысына тең болады.(трапеция)

  •  12-ні 10 есе арттыр.ең үлкен 3 таңбалы сан  (100)

  •  «Математика – ғылымдар патшасы , ал арифметика – математика патшасы» сөзінің авторы кім?(Гаусс)

  • Ең алғаш математик әйел.(Софья Кавлевская)

  • Қаңдай сандардың жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр болады? (он, жүз)

  • 1-қандай сандардың көбейтіндісі?(Кері)

  • Математик, дәрігер, ақын, музыкант екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламасы? (Әл-Фараби)

  • 360 санын 10 есе кеміт. Кім барлық тілде сөйлейді?

  • 25%- санның қандай бөлігі?( ¼)

  • Тізбектей тұрған үш санның қосындысы ды, көбейтіндісі де 6-ға тең. (1,2,3)

  • Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы 4 жолда 4 бала жолықты.

    (5 бала )

    2. Сыйқырлы сөз « Тіктөртбұрыш».

    Осы сөздің құрамындағы әріптерден сөз құрау. 1 минут ішінде аз сөз құрағандар ойыннан шығады. Әр сөзге - 5ұпай.

    3.«Ой ұшқырлығы»

    Логикалық сұрақтар. Дұрыс жауапқа 10 ұпай.

 

  • Аспанда құстар ұшып жүр: торғай, инелік, қарлығаш, шыбын, қарға,ара. Қаншасы құс? 3

  • Қоршаудың ар жағынан4 адам аяғы және 4 аң аяғыкөрініп тұр.Қанша адам, қанша аң? 2 адам,1 аң.

  • 2 адам төрт сағат шахмат ойнады,әрқайсысы неше сағат ойнады? 4

  • Столдың бір бұрышын кесіп тастаса столда неше бұрыш қалады? 5

  • Барлық цифрлардың көбейтіндісі неге тең? 0

  • Үстел басында екі адам отыр. Бір адам екінші адамның әкесі, ал екінші адам бірінші адамның ұлы емес. Сонда ол кім? қызы

  • Аңның 2 оң аяғы, 2 сол аяғы, 2 алдыңғы аяғы, 2 артқы аяғы бар?Аңның барлығы неше аяғы бар? 4

  • Үстелдің үстінді 5 май шам тұр еді, Диас оның 4 өшіріп тастады. Үстел үстінде неше май шам қалды? 5

    Ұпай есептеліп аз ұпайға ие болғандар ойыннан шығады.

    «Ойлан, тап». Есеп шығару. 3 минут

    №1 6 терек өсіп тұр, ал әр теректе үлкен 6 бұтақ бар, ал әр бұтақта 6 алма өсіп тұр. Барлығы қанша алма бар? Теректе алма өспейді.

    №2   6  6  6=30  алтылардың арасына қандай арифметикалық амалдар қойғанда теңдік дұрыс болады? 6*6-6=30 

    №3 8 қалам 72 теңге тұрады. 10 қалам қанша тұрады? 90

    №4  Арифметикалық амалдарды қолдана отырып, бес 4 пайдаланып

    55 санын жаз.44-44/4

    №5 6 бірдей саннын көмегімен 100 жаз. 99+99/99 

    №6 Ыдыстағы 5 алманы  5 баланың әр қайсысы біреуден алатындай  және бір алма  ыдыста қалатындай етіп бөліп беріңіз. 1 алманы ыдысымен беру.

    №7 Менің әкем 31 жаста болғанда, маған 8 жас толды. Енді менің әкемнің жасы меннің жасымнан 2есе артық. Мен неше жастамын?

    23 жаста, себебі 31-8=23. Әкем 46, 46-31=15, 23-15=8.

    №8 Бесеу, он бес, екісіз жиырма. Барлығы қанша?20

    №9

    Тиімді  тәсілмен  есептеңдер.

     

    №10

    Тиімді  тәсілмен  есептеу  керек:

    45 ∙ 52 – 52∙42 + 42∙51 – 51∙39 + 39∙50 – 50∙36 + 36∙49 – 49∙33 = 606

    №11

         (1 2 3- 4 5)- (6 7- 8 9)   цифрларының  орналасу  ретін  өзгертпей   олардың  арасына  «плюс  немесе  минус»   таңбаларын,  барлығы  үш  таңба  қою  керек.Сонда   100   саны  шығу  керек.

    №12

    Үш  әке  мен  алты  бала  серуенге  шықты.Олар   42   алма  сатып  алды.Бұлардың  әрқайсысына   6   алмадан  келді.Бұл  қалай  болғаны?     ( 1  ата,   2   әке,   4   немере)  

    Қорытынды:

    Осымен «Үздік математик» атты сайысымызды аяқтаймыз.

    Алдыңызда жайнаған жүздерәні,

    Сіздермен кездесеміз біздер әлі

    Құрметті, көрермен, сау тұрыңдар

    Күтеді бізді жарқын күндер әлі,-деп қоштасамыз.

    Келесі кездескенше сау болыңыздар!

     

     

     

     

     

     

     

     

     

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 22.2 Kb
Количество скачиваний: 55
Просмотров: 192

Похожие материалы