Өзін - өзі тану пәні "Іздегенде табылатын қасыңнан" 8 сынып
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
МУРЗАГАЛИЕВА ЛЯЗАТ ТЕМИРГАЛИЕВНА
|
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: В.И.Шубин ЖББОМ Мерзiм 26.11.2014 жыл
Тақырып : Іздегенде табылатын қасыңнан
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Сыйластық, татулық, адалдық, кешірімділік.
Мұғалiм Мурзагалиева.Л.Т Класс 8 Оқушылар саны: 20
Сабақ мақсаты: Оқушыларға құрбыларының арасында жағымды қарым- қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, дос болуға , айналасындағы адамдарға тілеулес ізгі ниеттерін дамыту.
Міндеттері:
- Адам қарым- қатынасындағы «дос», «достық» ұғымдарына түсінік беру;
- Оқушыларға достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру, достық сезімдерін дамытуға ықпал ету;
- Оқушыларды сыпайылыққа, әдептілікке, жауапкершілікке, сезімталдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Ресурстар:
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
«Досыма тілек» тренингі.
2. Тыныштық сәті.
«Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
3. Үй жұмысын тексеру:
«Екі дос» (аңыз әңгіме)
- Аңыз әңгіменің басты идеясы неде?
- Достардың бір- біріне деген адал ниеті мен достығын қалай бағалар едің?
- Қандай адамдар досқа лайық?
Сабақ барысын талқылау:
4. Дәйек сөз
«Дос көзден кетсе де көңілден кетпейді»
Махмуд Қашқари.
- Қанатты сөздің мағанасын қалай ашар едің?
- Достықтың қандай түрлері бар?
5. Әңгiмелеу (сұхбат)
«Жақсылықты ұмытпау»
(аңыз әңгіме)
Бір күні екі дос келе жатып, сөзге келіп қалады. Біреуі екіншісінің жағынан тартып жібереді. Таяқ жеген досы жағы ауырса да, ештеңе деместен жердегі құмға «Бүгін менің ең жақын досым жағымнан тартып жіберді» деп жазады.
Олар әрі қарай кете береді де, суы бар шалғынды әсем жерге тап болады. Сол жерде шомылуды ұйғарады. Жағына шапалақ тигені суға батып кете жаздайды, оны жосы құтқарып, есін жиғаннан кейін ол тасқа «Мені бүгін ең жақын досым өлімнен құтқарып қалды» деп жазды.
Бір кезде шапалақпен ұрып жіберген, соңынан суға кетуден құтқарған досы одан былай деп сұрайды:
«Мен сені жәбірлеген кезде сен құмға жаздың, ал енді тасқа жазып отырсың. Мұны қалай түсінуге болады?» дейді. Досы оған былай деп жауап береді: «Егер бізді біреу жәбірлесе оны құмға жазуымыз керек, өйткені жел құмдағы жазуды өшіріп әкетеді. Ал біреу жақсылық жасаса, оны тасқа қашап жазу керек, өйткені ол жазуды жел де, уақыт та өшірмеуі керек»
Мәтін бойынша сұрақтар:
• Бұл аңыздан қандай қорытынды шығаруға керек?
• Достықта жақсылықты есте сақтап, ал жамандығты, өкпені ұмыту керек дегенді қалай түсінесіңдер?
• Досыңды жоғалтпас үшін оған деген өкпеңді кешіре білу керек пе?
2. Топпен ән айту:
«Жан досым»
Әні: Сейдолла Байтерековтікі.
Сөзі: Тұманбай Молдагалиевтікі
3. Үй тапсырмасы: 13 – сабақ 52 бет
Ә.Ахметовтың «Дос жүрегі» атты шығармасын оқып келу. «Достық» туралы нақыл сөздерді жазып келу.
Позитивті күйіне келу
Соңғы тыныштық сәті.Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен достарымызды көз алдымызға келтіре отырып, дүниедегі барлық жақсылықтарды достарымызға тілейікші.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 23.29 Kb |
Количество скачиваний: | 32 |