ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ – БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ

Предмет: Обществознание
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

·        Елбасы Жолдауы – елдіктің арқауы

 

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ – БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ

 

Бүгінгі таңда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде білім саласында өрге бастырар өзгерістер мен тың идеяларға толы жаңашылдықтарға қол жеткізіп келеміз. Жалпы орта білім беретін мектептерге «Өзін-өзі тану» пәнінің енгізіліп, жүзеге асуы да соның бір көрінісі іспеттес.

Ұстаздар қауымы үшін оқушылармен жұмыс жасау қазіргі уақытта өте күрделі екені баршаға бесенеден белгілі. Аталмыш пәннің өскелең ұрпақ үшін аса қажет екені даусыз. Мемлекет басшысы айтқанындай, келер 2015 жыл  ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Ал, біз бүгін Тәуелсіздіктің жемісі саналатын құндылықтарды өскелең ұрпақтың бойына сіңіріп, оны насихаттай білуіміз керек. Ең бастысы, бүгінгі жеткен жетістіктердің қандай қиындықпен келгенін дәріптеп, әр жастың бойына адалдықтың дәнін себу керек. Бұл ретте мектеп жасындағы оқушылар үшін қандай жұмыс атқарылуы тиіс десек, оқушыларға арнаулы біліммен қоса адами құндылықтарды өн бойына дарытып, азаматтылық пен адамгершіліктің қайнар көзі саналатын өзін-өзі тану пәніне баса ден қойған жөн.

Қазіргі уақытта мектеп жасындағы жасөспірімдерді алаң қылатын, айналадағы рухани байлықтан ада ететін, өз бойындағы қабілетті аңғармаушылықты тудыратын жайттер қоғамда жиі белең алып келеді. Соның ішінде дәстүрлі ислам атын жамылған теріс діни бағыттағы ағымдардың шырмауына шырмалғандар мәселесі алаңдатпай қоймайды. Бүгінгі жасты бірінші кезекте, олардың осы әрекеттен аулақ ұстау қажет. Ол үшін Елбасы айтқанындай, өскелең ұрпаққа Қазақстанның бүгінге дейін жетістігі ел бірлігін, тұтастығымызды сақтаудың арқасында қол жеткізгенімізді баса айтуға тиіспіз. Бұл ретте Мемлекет басшысының «Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік – тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік» деген сөзін басшылыққа алып, ұрпақ тәрбиелеуде оны басты кілтіміз санаған жөн.

 Сондай-ақ, Елбасының жетекші телеарна өкілдерімен сұхбатындағы  тәуелсіздік пен еңбекті ұшастыра айтқан сөздері жастарды алға сүйреуде аса қажетті құрал десек болады. «Адамның қандай мамандықты таңдағаны маңызды емес, соны кемелдікке жеткізуге, өз ісінің шеберіне, кәсіпқойына айналуға тиіс. Сонда оны жұрт сыйлайтын, бағалайтын болады, өмірден өз орнын табады» дейді Елбасы. Расымен де, оңай келген табыстың кез келген уақытта қолдан ұшып кететінін, ал, білім мен мамандықты ешкім ешқашан тартып та ала алмайтынын жас буынға жеткізе білсек, Мәңгілік Елге басқан қадамымыздың зая кетпесі анық.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.36 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 83

Похожие материалы