Өзін-өзі тану пәнінен конспект (4сынып)

Предмет: Обществознание
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Ата- баба өнері

Сабақтың мақсаты:  “Өнер” құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың білімділік міндеті:Ата- баба өнері, соның ішіндегі ою-өрнектің маңыздылығы жайлы түсініктерін кеңейтіп ұғындыру, өнердің құндылық ретіндегі мәнін ашу;

Сабақтың тәрбиелік міндеті:  Ата-баба өнерінің адам өміріндегі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер түрлерін сыйлай білуге тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың дамытушылық міндеті:Шығармашылық және ойлау қабілеттерін, есте сақтау және өнерге деген қызығушылықтарын дамыту.

 Өнер – шығармашылық іс. Өнер- адамды өрлетеді.Ата-баба өнері- «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өседі. Қыздар аналары немесе әжелерінен тоқыма тоқуға, әр түрлі төсек жабдықтарын жасауды үйренеді. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер түрлерін қаз қалпында келер ұрпаққа жеткізу  үшін ата-әжелеріміз бізге үйретеді. Халқымыздың қасиетті өнерін бағалап үйренуіміз керек. Ата-бабамыздан қалған ұлттық өнерімізді жалғастыратын, көркейтіп, дамытатын сендерсіңдер, ал оның көркеюіне әрқайсымыз үлес қоссақ, қазақ халқының өнері мәңгі жасайды. Өнер туындыларын жасайтын, өз бойындағы өнерге қабілетін дамытып, танытатын адамды  Өнерлі адам дейді. Өнердің адам өміріндегі орны- өнер адамды жеңістерге жетелейді, танымал етеді.Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осыған орай мақал – мәтелдер “Жігітке жетпіс өнер де аз”, “Өнер таусылмас азық, жұтылмас байлық” – деп өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертенгі күнгі жейтін тамағы ішетін сусыны, рухани байлығы деп бағалаған.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 30.11 Kb
Количество скачиваний: 35
Просмотров: 233

Похожие материалы