Өзін-өзі тану сабағы "Адал достық" /4 класс/

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:

Қызылорда қаласы,№171 Ғ.Мұратбаев орта мектебі директорының бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары,өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Абенова Зухра Кеңесқызы

Тақырыбы: Адал достық 4сынып

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: Достық,адалдық,қамқорлық,

Сабақ мақсаты:«Достық» ұғымын дұрыс әрекет құндылық ретінде мәнін ашу .

Міндеттері:

-адал достықтың мәнін түсіндіру;
- өзара сыйластық,қамқорлық қарым- қатынастарын дамыту;
-достықты бағалауға,қадірлей білуге тәрбиелеу;

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi: Нұрға бөлену

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  • 1.«Достық» сөзін сендер қалай түсінесіңдер?
  • «Достық – өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім, ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес».
    - Достық алдымен екі адамның бір – біріне деген адалдығы. Адалдық деген рухани тазалық.

  • 2.Достықтың шынайы белгісі қандай болады деп ойлайсыңдар?
  • - Жаны таза,жүзі жылы, ақылды, парасатты болу – нағыз достықтың белгісі.
    - «Жақсы адам – тәңірдің нұры» дегендей өзің жақсы болсаң досың көп, жаман болсаң досың жоқ, орташа болсаң бір жақсыға ілесе аласың.

Ресурстар:Күнделік,оқулық, дәптер,пенал,(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысын талдау:

Оқушылар өз ойларын анық,нақты жеткізді.

Нағыз достың қандай болуы керек екендігін нақты дәлелдермен айтты.

  1. Дәйексөз: Айнымас досы бар адам-ең бақытты адам

Мұғалім: Айнымас досы бар адам –ең бақытты адам.Досы уәдесіне берік болса,досымен бірге болса,қолынан келген көмегін аямаса,жабырқағанда қасынан табылса,ол әрине айнымас дос.Ондай досы бар адамның бақытты болмауы да мүмкін емес.

Дәйексөз мағынасын аша білді

  1. Әңгiмелеу :Адал достар

Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, 3 баласы бар. Екіншісі бойдақ. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күннің бірінде бойдақ болған ішінен: “Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады” деп ойлайды, “Мен жалғыз тұрамын, сондақтан да айтарлықтай көп қажеттілігім да жоқ”. Осындай ойымен, түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үй алдындағы қорасына апарып тұратын болады. Досы да ішінен: “Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар – қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды” дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден шығып досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан екі қорадағы қаптар саны неліктен еш азаймағаның екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған жайды түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып достардың бір-біріне дегенадал ниеті мен достығы алдында көз жастарын тия алмады.

Әңгіме желісін мұғалімнің баяндауы өте әсерлі болды.

Мазмұнын жақсы түсінді.

Өмірде осындай достардың бар екендіктеріне көздерін жеткізе білді.

Екі достың бойындағы адалдық,шыншылдық,адамгершілік қасиеттердің мол екендігін түсінді.

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Талап тобы:«Менің досым» эссе жазу

Ақыл тобы:Мақал-мәтелдер айту

Ой тобы:

Бағанадағы сөздерден адал достыққа тән қасиеттерді тауып айтыңдар.

Қуаныш . Күлкі

Өзара сыйластық . Оқу

Еңбек . Өзара көмек

Шыншылдық . Сұлулық

Сүйіспеншілік . Түсіністік

Мейірімділік . Қамқорлық

Кешірімділік . Адалдық

Жауапкершілік . Әдептілік

Әр топ достыққа байланысты өз ұсыныстарын айтады

1.Талап тобы.

Олар адал дос болу үшін басқа оқушыларға талап қояды.

Менің талабым-адал дос болғаның дұрыс.

Менің талабым-адал дос болуда шыдамдылық танытқаның жөн.

Менің талабым-досыңа берік болуға тырыс.

2.Ақыл тобы.

Олар адал дос болу үшін басқа оқушыларға ақылдарын айтады.

Менің ақылым-досыңа адал болсаң мақсатыңа жетерсің

Менің ақылым-досыңа жасаған жақсылығыңды міндет етпе

Менің ақылым-әрқашан да осыңа сыйлы бол

3.Ой тобы:

Олар адал дос болу үшін барлық оқушыларға өз ойларын айтады.

Менің ойым- нағыз адал дос болып қалыптасу.

Менің ойым-досыңның ісіне жауапкершілікпен қарау.

Менің ойым-өзімді,досымды сыйлау.

Әр топ өз тапсырмасын жоғары деңгейде орындады.Топтар бірін-бірі әділ бағалады.

Әр топ өз атына сай достарына талап қоя білуге,ақыл айта білуге және ойларын нақты айтуға үйренді.

  1. Топпен ән айту.

Жан-досым(Т.Молдағалиев)

  • 1.Iздегенде табылатын қасыңнан,
    Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
    Көрiспесек кағыныштанжүдейтiн,
    Кiмбарекенбалакүнгiдосыңнан!

    Қайырмасы:
    Жан досым, үстем болсын мерейің,
    Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
    Сырымызда бiтпесiн,
    Жырымызда бiтпесiн, жырымызда бiтпесiн!

  • 2.Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
    Қатар жүріп сырымызды санаштық.
    Жолтапсақтабiргежүрiпжолтаптық,
    Адассақта бiрге жүрiп адастық.

    Қайырмасы:
    Жан досым, үстем болсын мерейің,
    Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
    Сырымыз да бiтпесiн,
    Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесін!
  • 7.«Арыстан мен адам» видео

Топпен біріге отырып әнді ұйымшылдықпен орындай білді.

Аңдар мен адамдар арасындағы достық туралы түсінік алды.

8.Үй тапсырмасы:

1.“Досыммен өткен бір күнім” әңгіме жазу

2.“Достық” сөзіне сөзжұмбақ құрастыру

Не жетеді нағыз досқа, асылға
Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда.
Қиналады – сен қиналсаң болғаны,
Ұйықтамасаң – ұйықтамайды ол дағы
В. Шекспир

9.Досыма тілек

Әр оқушы өз достарына тілек жазып,жүрекшеге ілді.Олардың көбі достарына бақыт тіледі.

10.Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

Оқушылар тыныштық сәтінде өздерін қалай ұстауды жетік меңгерген.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 630.5 Kb
Количество скачиваний: 36
Просмотров: 223

Похожие материалы