Өзін-өзі тану сабағында тыныштық сәтін ұйымдастыру

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

-Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

-Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз, жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз, ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жануар, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасына жайланып отырып, өзіңізді қауіпсіз сезініп, су астында жүзу қандай керемет екендігін түсініп отырсыз. Жан-жағыңызға қараңыз, мұнда әсем қалқыған балықтар өте көп. Ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты, әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңызба? Мұнда неткен тұңғиыққа толы тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.
Ал қазір жоғарыға өз әлеміңізге кері қайтуға дайындалыңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Енді дельфин кері қарай жолға шықты, сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажайып саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Рахмет!

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 13.45 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 100

Похожие материалы