Өзін-өзі тану Тақырыбы: "Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

                                                                                     

Сабақтың тақырыбы: Үлкенге – құрмет, кішіге –ізет  2-сынып

Білімділік мақсаты: сыйластық, құрмет, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру

Дамытушылық мақсаты: сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту

Тәрбиелік мақсаты: үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

 

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

 

 

 

 

1. Шығармашылық кез­десу кезінде өзіңді қызық­тырған сұрақ қойғың келді. Ол...

2. Сенің досың сыныптастарына ренжіп қалды. Себебі...

 

 

 

3. Сабақ үстінде досыңа қызық әңгіме айтқың келді. Бірақ...

 

Рақмет, ата!

Баламның амандығын біліп, немеремді иіскеп қайтайын деп үйден шықтым. Мен өтетін жолдың қиылысында төрт-бес жа­сар шамасындағы қыз тұрды.

Қасына келіп:

– Бұл жерде неғып тұрсың? – дедім.

– Сізді күтіп тұрмын. Үлкен кісінің алдын кесіп өтуге болмайды ғой.

– Ой, айналып кетейін, көп жаса! Атың кім?

Гүлнар.

– Кімнің баласысың?

– Әжемнің баласымын.

Немереме алып шыққан құрт, ірімшігім бар болатын. Соларды Гүлнарға бердім.

 

– Үйде кішкентай Сая бар.

                                                                             Соған беремін. Рақмет, ата! – деп жүзіме қуана қарады. Кіп-кішкентай Гүлнардың тәрбиелі, тәртіптілігіне риза болып қоштастым.

 

·         Гүлнардың бойынан қандай қасиеттерді аңғаруға болады?

·          «Үлкенге –құрмет, кішіге – ізет» дегенді қалай түсінесің?

·         Өз достарыңа, туыстарыңа және жақын адамдарыңа қандай құрмет көрсетесің?

Өзгеге жасаған ізетің –

өзіңе жасаған құрметің

 

Өлеңді рөлдерге бөліп оқыңдар.

Кішілік – кісілік

Көп ойланып есебі,

Келсе керек білгісі.

Сөз сұрапты деседі

Қариядан бір кісі:

– Уа, қария, данамыз,

Алайық бір түсініп.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.     Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 1.33 Mb
Количество скачиваний: 47
Просмотров: 175

Похожие материалы