Валеология Тақырыбы: "Спорт- денсаулық кепілі"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Оқу іс–әрекетінің тақырыбы: Спорт –денсаулық кепілі.

Оқу іс–әрекетінің мақсаты: Балаларды дене тәрбиесінің маңызымен таныстыру. Дене тәрбиесін және емдік дене шынықтырудың пайдасын түсіндіру. Балаларды адамның ең негізгі мүшесі –жүрекпен таныстыру. Жүректің жұмысы және оны қызметі туралы мәлімет беру.

 

Оқу іс–әрекетінің барысы:

Шаттық шеңбері. Әуен ырғағымен балалар қолдарын бүйіріне қойып, түзу тұрады. Педагог балалармен кездескеніне қуанышты екенін хабарлайды. Ол оң қолын жайып, жүрегінен қуаныш алып балаларға сыйлайды. Осы қимылды сол қолымен соңынан екі қолымен бәрге жасайды.

Әңгімелесу.

–Адамдар неліктен өзін қоршаған әлемді қорғауға тиіс?

–Шынықтыру дегеніміз не? Ол не үшін қажет?

–Шынықтырудың қандай түрлерін білесіңдер?

–Адамдар не үшін таңертеңгілік жаттығуды жасайды?

Дене тәрбиесі сабағы негізінен қозғалыс үстінде өтеді. Қозғалыс – түрлі аурудан сақтандырып, оларды емдеу үшін тиімді болып табылады.Дене тәрбиесі тек емдеп қана қоймай, сонымен бірге бұлшықетті жаттықтырып, дамытып нығайтады. Сүйектер мен қаңқаларды қалыптастырады. Бұл сабақтар жағымды көңіл күй туғызып, бірге әрекет жасау іскерлігін қалыптастырады. Баланың байқағыштық,дәлдік, еркіндік, бірбеткейлік қасиеттерінің дамуына көмектеседі.

Дене тәрбиесіне емдік дене шынықтыру мен дене шынықтыру сабақтары жатады.

Емдік дене шынықтыру сабағы – белгілі бір аурудың алдын алу мақсатында,ал дене шынықтыру сабағы негізінен оқу–тәрбие мекемелерінде жүргізіледі. Оның құрамына жаттығулар, жалпы дамытушылық және негізгі қозғалыстар жатады.  Дене шынықтыру сабағында балалар жаттығу жасап үйреніп, спорт әлеміне алғашқы қадам жасайды.

Түрлі жаттығуларды орындағанда, спорттың арнайы бір түрімен айналысқанда, достарыңмен немесе бүкіл сыныптын балаларымен бірге тапырмаларды орындағанның қызық та көңілді екенін педагог баяндап өтеді.

Дене шынықтыру сабағы әр түрлі бөліктерден тұрады, негізгі қозғалыстарды орындауда көңіл күйін қалыптастырып, денесін жаттықтырады, шаршағандарын басады.

Балаларға дене шынықтыру сабағынан үзінді жасау ұсынылады. («Қырықаяқ» ойыны).

Жеңіл әуен ырғағымен балалар бірінің артына бірі тұрып, сап түзейді. Саптың алдында қырықаяқтың басы болып –педагог, соңында құйрығы ретінде бала, ал қалған балалар аяқтары болады. Балалар иректеліп бүкіл зал бойымен орындық үстімен, аяқтарының көп екенін, егер олар өзара шатасып қалған жағдайда күлмей, керісінше көмектесу керектігін түсіндіреді. Педагог «Басқаға көмектессең, өзіңе де көмектеседі» деген тұжырымды сөздің мағынасын түсіндіреді.

Балаларға «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» ұранын еске түсіру ұсынылады. Олар бірлесіп жұмыс жасаса, кез келген уақытта бір біріне көмекке келе алатындарына көздері жетеді.

 

Әңгімелесу.

Педагог адамның тағы бір аса маңызды мүшесі бар екенін, онсыз өмір сүруге болмайтынын айтады. Бұл қай мүше? «Сағат емес, бірақ соғады». Бұл –біздің жүрегіміз. Жүрек сол жақ көкірек қуысында орналасқан.

Жүрек соғуын кім де болса тыңдай алады. Педагог балаларға бір–бірінің жүрек соғысын тыңдауды ұсынады. «Біздің анамыздың, ікеміздің, бауырымыздың, әпкеміздің жүректері де осылай соғады».

Жүрек – қан айналымын реттейтін басты мүше. Үлкен күшпен жиырылғанда өзінен жарты стақандай қан айдап, сонан соң қайта жиырылады. Жүрек үнемі, демалыссыз жұмыс істеп тұрады.

Жүрек ауырмауы үшін және дұрыс жұмыс істеуі үшін, оны шынықтыру қажет. Дене шынықтырумен, спортмен шұғылдану, шаңғымен, конькимен сырғанау, суға түсу, таза ауада қыдыру, күнделікті жаттығу–дененің бұлшықеттерін нығайтады. Сондай–ақ жүректің бұлшықеттерін дамытып, жақсы жиырылуына көмектеседі.

Спортпен, гимнастикамен шұғылданбаса, жиі қимылдамаса, бұлшықеттер серпінділігін жоғалтады, жүрек әлсіреп, түрлі ауруларға шалдығады. Ұарап ішу, темекі тарту жүрекке үлкен зиян келтіреді. Сонымен қатар әлсірегенше жұмыс істеуге, жүгіруге болмайды: бұлай ету жүректі әлсіретіп алады.

Бала жүрегінің үлкеннің жүрегінен айырмашылығы – өлшемінде.

Педагог жұдырықтарын түйіп, зер салып қарауды ұсынады.

«Сендердің жүректерің өз жұдырығыңның көлеміндей».

Адамда жүрек – біреу ғана. Оны сақтау қажет.

 

Қорытынды:

Дене шынықтыру сабағы бала денсаулығының негізі болып табылады.

Жүрек үнемі, демалыссыз жұмыс істеп тұрады.

Спортпен шұғылдану бұлшықеттерді дамытып, жақсы жиырылуына көмектеседі.

Шарап ішу, темекі тарту жүреккке үлкен зиян тигізеді.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 31.5 Kb
Количество скачиваний: 23
Просмотров: 161

Похожие материалы