Экология Тақырыбы: "Байланыс құралдары"
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Каримова Айжан Еслямгалиевна
|
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.
Тақырыбы: Байланыс құралдары.
Мақсаты: 1. Байланыс қызметі түрлерімен таныстырып олардың атауларын меңгерту.
2. Балалардың жас шамасына қарай компьютер туралы қарапайым түсінік беру, оны пайдалану ережелерімен таныстыру, бастаған ісін аяғына дейін тыңғылықты аяқтауға, зейінді, шыдамды болуға тәрбиелеу.
3. Адамдардың пайдалы іс-әрекеттерін бағалап, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: байланысшы, хат тасушы, телеграмма қабылдаушы, компьютер.
Іс – әрекет бөлімдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Ынталандыру.
Сезімді ояту
Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын айтқызады:
Армысың, асыл күн!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым.
Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылу сезімдерін білдіреді.
Ізденістер.
Ұйымдастыру
1.Байланыс құралдары жайлы түсінік беру:
- Телефон, факс, хат, құттықтау хаттары, сәлемдеме байланыс түрлеріне жатады. Байланыс қызметінің бұл аталған түрлерінің бәрі адамдардың тұрмысына өте қажет. Компьютерде байланыс қызметінің түрлерінің қатарына жатады. Компьютермен әлемнің барлық жерлерінен әртүрлі хабарлар алынады және жіберледі. Қазіргі кезде мектептер мен балабақшалар да компьютермен толық қамтамасыз етілген.
Пошта – хат,телеграмма, ақша, газет-журнал, сәлемдеме сияқты заттарды бір жерден екінші жерге жеткізумен айналысатын мекеме. Бұл мекемеде байланыс қызметкерлері – хат, телеграмма, т.б. қабылдаушы-операторлар, хат тасушылар жұмыс істейді.
2.Сергіту сәтін өткізу.
Біздер тату баламыз,
Гүл-гүл жайнап аламыз.
Жаттығулар жасайық,
Жақсысергіп қаламыз.
3.Әліппе-дәптермен жұмыс.
Суреттегі байланыс құралдарын ататып,олардың атқаратын жұмыстары жөнінде әңгімелету.
Мысалы:
Факс-фотокөшірмелерді телефон желілері арқылы беру құралы.
Сәлемдеме – пошта арқылы жіберілген сәлем – сауқат.
4.»Телефон» дидактикалық ойыны. Шарты: екі бала ойыншық телефон тұтқасымен бір-бірімен сөйлеседі. Мысалы:
-Сәлеметсің бе, Алма?
-Сәлеметсің бе, Аружан?
-Ертең мен анаммен хайуанаттар бағына барамын. Сен бізбен барасың ба?
-Анам рұқсат берсе, барамын...
5.Дәптердегі тапсырмаларды орындату.
Баалаларға тақырыпқа қызығушылықпен жауап береді.
Компьютер, телефон сияқты байланыс құралдары туралы білетіндерін айтады.
Өлең мазмұнына қарай қимыл-қозғалыстар жасайды.
Сурет бойынша байланыс құралдарының атқаратын қызметін әңгімелейді.
Балалар бір-бірімен ойыншық телефон арқылы сөйлеседі.
Сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды орындайды.
Қорытындылау.
Өзін-өзі бағалау.
6.Сабақты қорытындылау.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Байланыс қызметінің түрлерін ата.
2. Компьютер байланыс құралына жата ма?
3. Сәлемдемемен не жіберуге болады?
4. Құттықтау хаттарын кімдерге және не үшін жазады?
Балалар байланыс құралдары мен оның қажеттілігін айтады.
Күтілетін нәтиже: байланыс қызмет түрлерімен танысу.
Білуі тиіс: әрбір байланыс құралдарының қызметін білу.
Түсінігі: адамдардың пайдалы іс-әрекетін бағалау,оларға құрметпен қарау.
Көрсете білуі: өзінің бастаған ісін аяғына дейін жеткізе алатындығын көрсете білу.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 37.5 Kb |
Количество скачиваний: | 26 |