Зоология өкілдері (сыныптан тыс сабақ)
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Кудайбергенова Жулдыз Салимгереевна
|
ЗООЛОГИЯ (зоо... және грек. logos – ілім) – жануарлар организмдерінің құрылысын, жеке дамуын, жүйеленімін (систематикасын), Жер бетінде таралуын, басқа организмдермен қарым-қатынасын, тіршілік ортасымен байланысын анықтайтын және тарихи даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым; биология ғылымының бір саласы. Зоол. ғыл.-зерт. арқылы жануарлардың халық ш-ндағы рөлі анықталады. Олардың ішіндегі пайдалылары, а. ш. және орман ш-ның зиянкестері, түрлі аурулар таратушылары ажыратылады. З. зерттеу мақсатына байланысты бірнеше салаларға бөлінеді: жануарлар жүйеленімі, жануарлар морфологиясы, жануарлар анатомиясы, жануарлар эмбриологиясы, жануарлар гистологиясы, жануарлар физиологиясы, жануарлар генетикасы, жануарлар палеозоологиясы және зоогеография. Сондай-ақ зерттейтін объектілеріне қарай З-ның: протозоология, энтомология, ихтиология, герпетология, орнитология, териология бөлімдері бар. Жануарлар туралы мағлұматтар көне дәуірлерден белгілі. Ежелгі Қытай, Үндістан, т.б. елдерде жануарлар туралы кітаптар шығарылған. Дегенмен, З. ғылым ретінде алғаш Ежелгі Грекияда дамыған және ол Аристотель (б.з.б. 384–322) есімімен тығыз байланысты. Ол өз еңбектерінде тұңғыш рет жануарлар дүниесін жүйеге келтіріп, оларды қаны бар жануарлар және қаны жоқ жануарлар деп екі топқа бөлді. З-ның дамуына 16 ғ-дың аяғы – 17 ғ-дың басында ойлап табылған микроскоптың маңызы зор болды. Оны ойлап тапқан голландия ғалымы А.Левенгук (1632–1723) алғаш рет жануарлардың қан түйірлері мен қан капиллярларын сипаттап жазды. Левенгуктың басты жаңалығы – микроскоп арқылы су тамшыларын зерттеп, оның құрамында қарапайым жәндіктердің тіршілік ететінін ашуы болды. 17 ғ-дың аяғы және 18 ғ-дың басында жануарлар жүйеленімінің негізін ағылшын табиғат зерттеушісі Д.Рей жасады. Ол өзінің «Жануарларға жүйеленімдік шолу» (1693) атты кітабында жануарларды сыртқы белгілеріне қарай жіктеді. Мыс., сүтқоректілерді ол екі топқа: саусақты сүтқоректілер және тұяқты жануарлар деп бөлген. Одан кейін швед ғалымы К.Линней «Systema naturae» (1735) деген еңбегінде жануарлар мен өсімдіктерді жүйелеуде түр, туыс, класс деген зоол. атаулар ұсынды. 18 ғ-дың аяғы – 19 ғ-дың басында француз ғалымы Ж.Кювье жануарлардың салыстырмалы анатомиясы палеонтологияның негізін салды. Ал 1825 ж. француз зоологы А.Бленвиль жануарлар жүйеленіміне тип деген ұғымды енгізді. 19 ғ-да француз ғалымы Ж.Б.Ламарк тірі табиғаттың тарихи дамуын зерттеді.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 1.97 Mb |
Количество скачиваний: | 25 |