Зоворное теста

Предмет: Технология
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
 Тақырыбы: Қайнақты қамыр Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға қамырдан жасалған тағамдар түрімен, дайындалу ерекшеліктері жөнінде түсінік беру. Тәрбиелік: Оқушыларды іскерлікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушылардың тамақ пісіруге деген қызығушылығын,                              қабілеттерін, аспазшылық кәсіби шеберлігін шыңдау. Сабақтың әдісі: аралас сабақ Көрнекілігі: интерактивті тақта, үгілмелі қамыр әзірлеуге қажет құрал –                      жабдықтар, печенье, пирог, торттар. Пәнаралық байланыс: математика, биология, физика, химия, экономика. Сабақтың жүрісі:  І. Ұйымдастыру          Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау          Ұннан жасалған кондитер бұйымдары ІІІ. Білімді жан – жақты тексеру 1.     Кондитер бұйымдарының құрамы қандай? 2.     Кондитер бұйымдарына нелер жатады? 3.     Қамырдың түрлері қандай болады? 4.     Құймақ, оладий, бисквит әзірлеу үшін қандай қамыр керек? 5.     Қарапайым тұщы қамырдан нелер дайындалады? 6.     Тұщы қамырды әзірлеу үшін қандай қоспалар керек? 7.     Құймақ дайындау үшін қандай ұнды пайдаланады? 8.     Құймақтың дайындалу технологиясын кім айтады? ІV. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау V. Жаңа білімді меңгерту Қайнақты қамырдан дайындалған өнім. 1.     Шағын кастрөлге су құйып, май немесе маргарин, ұн сеуіп қайнағанға диін жеткіземіз. 2.     Кастрөлді оттан алып, ыстық сұйықтыққа біртіндеп ұн сеуіп, түйршіктері жоиылғанша араластырамыз. 3.     Кастрөлді отқа қайта қойып , кастрөл қабырғасына жабыспай біртұтас массаға айналғанша араластыра отырып, жылытады. 4.     Қамырды біраз салқындатады, әйтпесе жұмыртқа пісіп кетеді де, өнім піскенде көтерілмеи қалады. 5.     Араластыра отырып бір біріне жұмыртқа қосылады. 6.     Екі қасықпен шариктер жаса, кондитерлік құйма қалтаға металл ұштық кигізіп қамырды жұқалап майланған тапаға ұзынша етіп 10-12 см қысып шығарады, шариктер немесе сақина үшін 6-7 см. 7.     210-220 С- тақыздырылған қаңылтыр пештің төменгі торына тапаны қойып, 10-15 мин пісіреді. 8.     Қаңылтыр пештің қақпағын кішкене сығалатып ашып, дайын өнімді кішкене суытады.   Сонымен балалар, біздер сіздермен өткен сабақта ұннан жасалған кондитер бұйымдарымен таныстық. Кондитер бұйымдарына печенье, пряник, рулет, торт, бәліш, т.б. жатады екен.                              Қайнақты қамыр Қайнақты қамырдың іші қуыс,сырты қатты қабықпен оралған пісірмелер дайындайды. Қайнақты пирожный  піскен кезінде көлемін екі үш есе үлкитеді. Піскен пирожныйдың іші қуыс болады. Қайнақты қамырдың дәмі битарап, сондықтан тәтті немесе ащысалма салуға да болады. Қайнақты қамырдан пирожнылар, профитроль, эклер, т.б дайындалады. Эклер франция éclair-жылдырым ұзын немесе түтікше пішінді, ішіне қайнатпа крем толтырылған француз дисерті. Эклерді француз аспазы Мари Антуан Карем ойлап тапқан 19 ғасырда кеңінен тараған. Көбіне эклордытәтті креммен толтырып, бетіне глазурь қант сиропын құяды. Немесе бетіне бисквит күлшесін жағады   ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ  1.     Қызып тұрған кәстрөлдерді немесе басқа да ыдыстарды үстелдің шетіне қоюға болмайды. 2.     Қызып тұрған ыдыстың тұтқасын  арнайы тұтқышпен ұстау керек. 3.     Қолың суланған болса, разеткаға, іске қосылып тұрған электр аспаптарына жақындама. 4.     Үйден шығар кезде барлық электр аспаптарын сөндіруді ұмытпа. 5.     Газ белгілі бір себептермен шыға бастаса, оны тез арада жабу керек те, терезе мен есікті ашып, бөлменің ауасын тазарту керек. Мұндай жағдайда электр аспаптарын қосуға, сіріңкені тұтатуға болмайды. VІ. Қорыту          Сонымен балалар бүгінгі сабақта қайнақы қамырдан дайындалатын тағамдарды, оның екі түрлі тәсілімен таныстық. Жаңа сабақ бойынша сұрақтарың бар ма? Олай болса сіздерге жаңа сабақ бойынша сұрақ. VІІІ. Бағалау ІХ. Үйге тап: Қайнақы қамыр    
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.61 Kb
Количество скачиваний: 49
Просмотров: 205

Похожие материалы