" Бозбала мен бойжеткен"сайысы
Предмет: | Русский язык и литература |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Акмурзина Гульназ Болаткызы
|
Бозбала мен бойжеткен
Байқаудың өткізілу мақсаты:
• «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» ғашықтар күнін жоғары дәрежеде атап өту;
• Оқушыларға халқымыздың салт-дәстүрін насихаттау;
• Талантты оқушыларға қолдау көрсету.
Байқау 4 кезеңнен тұрады.
• Таныстыру (5 минут)
• Саған сенемін.
• Өз өнері (жырдан үзінді, көрініс т.б.)
• Сөз тапқанға қолқа жоқ (салт-дәстүрге байланысты)
1 – жүргізуші: О, махаббат!
О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?
Көзімнен ғайып болған күнім едің!
Гүлім едің,
Елтіген түнім едің.
О, махаббат сен әлі тірі ме едің?!
2 – жүргізуші:
Мен сені ұмытқанмын
Жылытқаның есте жоқ, суытқаның,
Суып қаным,
Жинағам құрып хәлім.
Құлаған отауымның уықтарын,
Содан бері мен сені ұмытқанмын.
1 – жүргізуші: О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?
Тірі болсаң, мен де енді тірілемін
Ақ періште алдына жүгінемін,
Қолдай гөр, ғашықтардың пірі мені!
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!
2-жүргізуші: Бүгінгі «Бозбала мен бойжеткен» сайысына қош келдіңіздер
Халқымыз ежелден ер азамат тәрбиесіне бар ниетін салып, үміт артқан. «Ел азаматымен сыйлы», «Елдің атын ер шығарады» деп ұлдарына қашан да сенім артқан.
1-жүргізуші: Қыз бала қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы. Қазақ халқы мінезі жақсы, әдепті жігітті «қыз мінезді жігіт екен» деп тегін айтпаған. Халық аузындағы «қыздың жиған жүгіндей», «қыздың тіккен кестесіндей» деген тіркестер қыз баланың нәзіктігін, шеберлігін, ұқыптылығын аңғартып тұрған жоқ па?!
2-жүргізуші: Ендеше бүгінгі кешіміз ата-бабаларымыздан келе жатқан салт-дәстүрлерді сақтап, өнеге ұстаған ұл-қыздарымызға арналады.
1-жүргізуші: Кім жеңеді байқауда үміт алды
Қобалжу бар, жүректе күдік барды.
Қазы алқасы атыңды ақта
Жүйріктерге арман мен бақыт жолда, - дей келе сайыстың қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 25.34 Kb |
Количество скачиваний: | 160 |