Здесь была ссылка на работу : Бір таңбалы және екі таңбалы сандар автора Әбуова Дидар Есенбекқызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Мақсаты: 1. Сандар қатары бір және екі таңбалы сан туралы түсініктері, сандар қатары құрылуының заңдылықтары анықталуының, сандар қатарын сандарды салыстыру үшін пайдалануын қалыптастыру. 2. Математикалық ережелерді ұғынып шығармашылық ойын дамыту, тапсырмаларды мүдірмей орындауға дағдыландыру 3. Өз бетінше жұмыс жүргізуге,компьютермен жұмыс жүргізуге үйрету. Сабақтың типі: ұжымдық, топтық Түрі: Жаңа сабақты меңгерту Пәнаралық байланыс: әліппе, дүниетану Әдісі: жеке, топтық жұмыс , түсіндіру, сұрақ-жауап, есептеу Көрнекілігі: интербелсенді тақта, электронды оқулық, магнит тақта, сандар санағын, деңгейлік тапсырма. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Психологиялық дайындық (слайд) 1. –Балалар, көңіл-күйлерің қалай? 2. –Біздің сыныптың ұраны: Хор: Біздер тату баламыз, Өсіп алға барамыз Есептерді шығарып, Білімді шәкірт боламыз. 3. Мұғалім сөзі. -Біздің Отанымыз қалай аталады? -Елбасы кім? -Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бағдарламасында 8 нақты тапсырма көрсетілген. Соның 4-шісі мектептерді компьютерлендіру болатын. « Математика – ғылымдар патшасы» десек; « Компьютер - келешектің қожайыны» екен. Қазақстан 50 дамыған елдің қатарына жету үшін білім берудегі жоғарғы технологияны, компьютерді меңгерту керек. Олай болса, өткенді еске түсіру үщін электронды оқулықты пайдаланамыз.