" Жұмбақтар еліне саяхат. "
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Хамзина Гулизат Қайратқызы
|
Сабақтың мақсаты: Балаларға жұмбақтар туралы білім беру. Сөздік қорын байытып , жұмбақты нақты етіп айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Табиғат көріністері , жан – жануарлар, жеміс- жидектер, көкөністер бейнелері, әртүрлі суреттер.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру , айту, көрсету, жұмбақ жасыру .
Сабақтың барысы: Тәрбиеші сабақты жұмбақтар еліне саяхаттан бастайды.
Балалар , бүгін біз «Жұмбақтар еліне» саяхатқа барамыз. Жұмбақбай атамыздың бізге дайындаған жұмбақтарын шешіп берсек, Жұмбақбай ата бізді өзінің еліне жібереді. Балалар ,біз қазір екі топқа бөлінеміз. Бірінші топ- «Айгөлек» , ал екінші топ – « Раушан» .
Әрбір топқа Жұмбақбай ата әртүрлі жұмбақ түрлерін жіберіпті. Ал, енді атаның бізге жіберген сиқырлы сандығын ашып көрейік. Екі топта мұқият тыңдап отырыңдар.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 14.64 Kb |
Количество скачиваний: | 71 |