. «Менің Астанам» тіл дамыту, мектепалды даярлық тобы
Предмет:
Начальные классы
Категория материала:
Конспекты
Автор:
Алтынбекова Сауле Алтынбекқызы
Материал . «Менің Астанам» тіл дамыту, мектепалды даярлық тобы автора Алтынбекова Сауле Алтынбекқызы временно недоступен по запросу правообладателя.
Если вы являетесь автором этой работы, вы можете восстановить публикацию на Uroki.me и сохранить своё имя в каталоге учителей.
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Сабақтың тақырыбы: Менің Астанам Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жас Астана қаласының ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақстанның астанасы Астана туралы мәлімет беру. Дамытушылық: Астана қаласындағы мәдени орындарды естеріне сақтау қабілеттерін қалыптастырып, Астана жайлы білімдерін кеңейту. Тәрбиелілік: Туған өлкеге, елге, Отанға, еңбек адамдарына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап Сабақтын көрнекілігі: Суреттер (әрбір балаға бір-бірден) Қазақстан картасы, көрсеткіш. Сабақтың барысы: Балалар біз қандай республикада тұрамыз? - Иә дұрыс айтасыңдар. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет. Балалар: Қазақстан астанасы қай қала? Тәуелсіз еліміздің рәміздерін білесіңдер ме? Кім айтады? - Ал біздің президентіміз кім? - Ал балалар бәріміз орнымыздан тұрып, әнұранды айтайық. - Жақсы балалар. - Астананы көзбен көргеніміз, теледидардан тамашалағанымыз бар ма? - Қане, қандай қала айтайықшы. Біздің Қызылорда қаласына ұқсай ма? Ұқсастығы жайлы әңгімелеу. - Дұрыс балалар, бүгінгі зәулім көрінісі мен қатар, тарихи жағынан да ұқсайды. Себебі Қызылорда қаласы 1924-1929 жылдары Қазақстанның астанасы болған. Енді осы астанасы жайлы әңгімелесу үшін оны картадан тауып алайық. Қане кім таба алады? - Біз көріп отырған суретімізде Қазақстан Республикамыздың бас қаласы-Астана - Балалар, біз жаңа айтып кеттік біздің астанамыз Астана қаласы деп. Бізге астана туралы сурет бойынша кім әңгіме айтып береді. - Мен Астана қаласында болдым. Онда менің ағам, тәтем тұрады.