« Рахмет саған Әліппе!»1-сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Канафина Гульнара Шоматовна
|
Ашық тәрбие сағаты« Рахмет саған Әліппе!»
Мақсаты:
1. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тексеру 4 айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлерімен жан - жақты білімдерін ата - аналарға көрсету.
2. Өз ойларын ашық, еркін айту, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын дамыту.
3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бір - бірін сыйлауға, өзін - өзі дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Безендірілуі:
Тақырып жазылған, мазмұнды суреттер, әліппе туралы тақпақтар жазылған көрнекіліктер, нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, кеспе әріптер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулығының макеттері, слайдтар.
Мұғалім:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата - аналар. Балаларыңыздың білім шынына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!
Бүгінгі біздің 1 - сынып оқушылары әзірлеген «Рахмет саған әліппе» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Өсті міне бойларың
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың.
1 – оқушы
Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достассаң
Әліппемен қоштаспақ
Мұғалім:
- Балалар, мен сендерге сұрақ қоямын:
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар хормен:
Болашаққа жол ашар,
Ол - сүйікті Әліппе,
Ол - сүйікті Әліппе!
Мұғалім:
Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе
Әліппе ортаға шығады:
- Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Мұғалім:
- Балалар, өнер - білімнің барлығы да мектептен басталады.
- Біздің білім алатын ордамыз - мектеп.
-«Мектеп - кеме, білім - теңіз». Мектеп – екінші үйіміз, себебі, біздің бір күніміздің жартысы мектепте өтеді, бір аптаның алты күні мектепте өтеді.
1 оқушы: Мектебің мынау, сыныбың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
2 оқушы: Әліппені құрметте,
Күтіп ұста кірлетпе.
Кішілерге табыс ет.
Дақ түсірмей бір бетке.
3 оқушы: Алфавитті үйрендік,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
1 оқушы: Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертек,
Үйретті оны Әліппе.
Ән: «Әліппе»
Әліппе: Оқушылар мына күннің көзін бұлт басыпты, осы бұлтардың артында тапсырмалар бар, сол тапсырмаларды орындасақ, күннің көзі шуағын шашып жарқырап шығады.
Бұлттардың тапсырмасы:
Табақта үш алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығы
Болады неше алма? (5 бес)
42 жауынгер
Сапын түзеп тұрады,
Бүлдіршіндер қауымы
Сырын терең ұғады. (Алфавит)
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза - жаза арықтаған. (Бор)
Алты қырлы,
Алтын сырлы. (Қарындаш)
Үйреткен ілімді,
Қырық екі білімді. (Алфавит)
Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама. (Кітап)
Өшірді, сүртті,
Өзгені құртты,
Өзін де құртты. (Өшіргіш)
Апта күндерін ата?
Қазір қай мезгіл?
Қазақстан Республикасының Президенті?
2 оқушы: «Әліппе»даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.
Ән: « Мұғалім ол біздің»
Мұғалім:
- Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң - қуанып, ренжісең - жұбататын асыл адам – Ана!
- Ана - біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау - біздің парызымыз.
Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата - аналарымыздың үлесі бар. Ендеше біздер ата - анамызға ризашылығымызды білдіреміз.
2 оқушы: Ана - ол біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысын Отанды да
Ана деп біздің халық текке айтпаған.
3 оқушы: Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт, беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
Ән: «Ақ мамам»
Әліппе: - Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар, сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар.
Мұғалім:- Математика ғылымдардың атасы деген.
Ендеше математикадан алған білімдеріңді тексерейік.
5 – 3
6+2
9 – 1
3+5
2+0
5 - 0
Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шағырайық.
Ана тілі:- Сәлеметсіздер ме балалар?
Туған елдің тілімін
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
3 оқушы: Әріптерді жаттаймыз,
Есте мықты сақтаймыз.
Ұмытпаймыз бәрін де
Атын, затын, түрінде.
1 оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Әліппе:- Ал, енді мен сендермен қоштасамын, Қош болыңдар балалар. Сабақты жақсы оқыңдар.
«5»- болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер - білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.
Хор:- Қош бол, қош бол
Құтты Әліппе.
Мұғалім: Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Бүгінгі күн тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар. (шашу)
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 18.59 Kb |
Количество скачиваний: | 28 |