« Ұстаз - мектеп жүрегі»

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

« Ұстаз - мектеп жүрегі»Ұстаздар мейрамына арналған  мерекелік шара

1.      Пролог. 

Сахнада ескі үлгідегі мектеп партасы және бутафор портфель тұрады.  Оқушылар мектеп сөмкесін асынып шығып, сабақ үстіндегі сәттен тақырыптық көрініс көрсетеді. Мұғалима балаларға сабақ өткізіп жатқан сәті, оқушылар арасынан кішкентай қыз партаға отырып ұйықтап қалады. Балалар бутафор портфельді көтере алмай әрең кулиса сыртына алып кетеді. Сабақ аяқталып балалар сыныптан шығып жатқанда мұғалима кішкентай оқушы қызды қолынан жетектеп алып шығады.

2.      Диктор даусы:

       Күнделік пен жанында жүр қаламы

       Кітап, дәптер, парта, тақта сабағы

          Шәкірттері портфельдерін асынған

           Осы емес пе ұстаздардың қалауы!

 Сахнаға жүргізушілер шығады.

І жүргізуші: Ұлылықтың  ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.

ІІ жүргізуші: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы –

І жүргізуші: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық
нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.

ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың Шолпан
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

І жүргізуші: Иә, Мұрат.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

ІІ жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

І жүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.

І, ІІ жүргізуші: Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз

І жүргізуші: А. Байтұрсынов « Әуелі мектепке керегі мұғалім. Ол мектептің жаны»  деді..Ал сол мұғалімнің білгенін тоқыта білетін мектептегі сан салалы істерді тындыруға әрқайсысын рет ретімен жұмсап, ортақшыл жұмысқа ұршықтай үйірілте алатын бір адам бар. Ол мектеп басшысы. Олай болса мектеп басшысы Сейлханов Берік Дүйсенғалиұлына сөз береміз.   Рахмет, ағай!

Хор: « Алғашқы ұстазыма»  5«ә» класс

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 23.75 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 108

Похожие материалы