“ The Museum of Abay in Zhidebay”
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Акимжанова Айгерим Сагитжановна
|
Ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың мұражай үйі алғаш рет 1940 жылы ҚазКСР Халық комитетінің кеңесі шешімімен ақынның туылғанына 95-жыл толғанына орай ашылды. Алғашында ол Бекбай Баисовтың үйінде, ал кейін 1944 жылдан 1967 жылға дейін Анияр Молдабаевтың үйінде орналасты. Бұл екі қабатты дербес үй XIX ғасырдың соңғы ширегінде салынған. Бұл үйдің тарихы мынадай. Қызу шығармашылық жұмыстан бөлек Абай қоғамдық, ағартушылық және қайырымдылық жұмыстармен де айналысқаны белгілі. Ол жақындарының балалары білімге ұмтылып, қалада оқуына үлкен назар бөлді, оларға барынша қамқорлық көрсетті. Анияр Молдабаев осындай қамқорға алынғандардың бірі болды. Абайдың талабы бойынша Анияр Ресейде оқуды аяқтап, адвокаттың куәлігін алғаннан кейін еліне оралады. Семейге келген сайын Абай осы үйге ат басын тірейтін. Қалада аты танымал жеке үй Абайдың мемориалдық мұражайына айналуға барлық негіздері болды. Мұражайды құру нышаны ретінде таңдау осы үйге түскені кездейсоқ емес. Оның алғашқы директоры жас талантты әдебиетші Қайым Мұхамедханов болды. Үйдің орналасуы өзінің бұрынғы, өзгермеген қалпын сақтаған. Мұражайды жүз жылдық құрылыстар қоршап тұр. Бұл түкпір тірі ақын туралы естелікті сақтап қалғандай. Мақсаты:Оқушыларды Абайдың мұражайымен таныстыру, белгілі адамдар өмірін өнеге етіп тәрбиелеу.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 27.5 Kb |
Количество скачиваний: | 4 |