Тәрбие сағаты."Аты алтынмен апталып тарихқа енген, қазақтың тұңғыш ғарышкері атында мектебім!"
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Алибекова Тарбия Кантургановна
|
ОҚО,Мақтарал ауданы
"Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі"
7 сынып жетекшісі,тарих пәні мұғалімі
Алибекова Тәрбие Қантұранқызы
Ашық тәрбие сағаты: "Аты алтынмен апталып тарихқа енген,
қазақтың тұңғыш ғарышкері атында мектебім!"
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның тұңғыш ғарышкері,Кеңес Одағының ақырғы (72-ші) ғарышкері,Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға,отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласқан Тоқтар Аубакировтің өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған ортасы,қызмет еткен орындары туралы рухани білім беру.Қазақ ғарыш мектебінің негізін салушы екеніне көздерін жеткізу.
Дамытушылық: Т.Аубакировтың өнегелі өмір жолы мен ерлігін насихаттау арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өмірде кездескен қиындықтарды жеңіп,өзі армандаған мамандығына жеткен азамат ретінде шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту,үлгі алуға,құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету,суреттер.
Барысы: І.Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Эпиграф: «Біз болашағымызды ғарышпен тікелей байланыстырып отырған елміз. Білесің бе,Байқоңырдан осынау отыз жылдың ішінде ғарышқа кімдер ұшпады? Ал сол жердің иесі — қазақтар, біздің ғарышкерлер қашан шығады деп армандаумен келеді. Өзіңді туған сол халықтың, егеменді Қазақстанның арманын орындаудан неге бас тартпақсың?! Оның үстіне сен барлық жағынан дайын тұрсың... Керек десе, Кеңес Одағының Батырысың!.. Қалай да осы қазір ұшуға тиіссің!» Н.Ә.Назарбаев.
1-оқушы:Тоқтар Оңғарбайұлы Аубакиров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1-ші Май ауылында дүниеге келді.Ол кез соғыс жаңа бітіп, батырлықты, ерлікті уағыздаған уақыт болатын. Әкесі Оңғарбай мен шешесі Қамия көзге көрініп, көз жұмған 9 ұлдан кейінгі перзентіне «енді осы жаманымыз аман болсыншы» деген ниетпен азан шақырып, Тоқтар есімін беріпті. Ата-анасы ерте дүние салды. Кішкентайынан ата-анасынан айырылғаннан ба, Тоқтар бұйығы, оқшау өсті. Ол апасы Бикен мен жездесі Нығметтің тәрбиесінде болды.
2-оқушы:Қанатым! Қарағайым! Өзің едің!
Бір қуаныш, шаттықты сезінемін:
Ұшқыш болсаң, жәйлап ұш, тек ақырын,
Сонда тыныш көз ілемін.
Анасының тілегі аппақ еді,
Пейілі сары май мен мақта еді.
Қарқаралы топырағы тебіреніп,
Ұлына «Ақ жол» тілеп жатқан еді...
3-оқушы:1962-1965 жж. Теміртау құйма механикалық зауытында токарь болды. Есімі облыстық Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды.
1965 жылы Қарағанды облыстық комсомол комитетінің жолдамасымен РСФСР-дың Краснодар өлкесіндегі Армавир қаласындағы ұшқыштар даярлайтын жоғары әскери училищеге жол тартқан. Бұдан кейінгі өсу, ержету кезінде зеңгір аспанда «МиГ»ұшағымен мінсіз ұшу, жаппай тұрмай жаттығу, тәжірибе жинақтау міндеті едәуір уақытын алған.1965—1969 жылдары — Армавир Әуе қорғанысы ұшқыштарының жоғары әскери оқу орнында оқыды, ұшқыш- инженер.
4-оқушы: 1969 жылы КСРО Әскери әуе күштерінде.
Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін бітірген (1969 ж). 1969-1975 жж. Кеңес Одағы әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилия командирінің орынбасары. 1976 жылы А.И.Микоян атындағы авиаконструкторлар бюросына қызметке қабылданып, ғұмырының ең қиын сәттерін бастан кешірді. Бұл тұста Тоқтар үшін өмір мен өлім ылғи қатар беттесіп отырыпты.
5-оқушы:1976 Авиация өнеркәсібі миниистрлігінің сынаушы ұшқыш мектебі, сынаушы ұшқыш.
Мәскеу ұшқыш сынақшылар мектебін (1976 ж.), Мәскеу авиация институтын бітірген (1979 ж.). Мәскеудегі А.И. Микоян атындағы Тәжірибелік-конcтрукторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы. Т.Аубакиров 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет әуеде қонбай ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы Солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады. 1989 жылы бірінші болып авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. Сондай-ақ, ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 203.58 Kb |
Количество скачиваний: | 13 |