"Елім деп соғар жүрегім" (8 сынып)
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Намазова Дана Галимоллаевна
|
Мектеп : № 36 мектеп-гимназиясы
Мерзімі : 3.09.14ж
Сабақ саны:1
Тақырып : Сен де бір кірпіш дүниеге...
Құндылық : дұрыс іс-әрекет Қасиеттер: жағымды қарым-қатынас
Мұғалім: Намазова.Д
Сынып: 8 "б"
Оқушылар саны:
Сабақтың мақсаты: әр адамның өз өмірінің мәнін түсініп,белгілей білуінің маңыздылығы жөніндегі ұғымдарын дамыту.
Сабақтың міндеттері:
· өмір жолының,өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;
· оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге,рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып,өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;
· оқушыларды өз өміріне ,өз сөзі,ойы және әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Ресурстар:
(құралдар, материалдар)
Оқулық, дәптер,
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.
Кеудемізді тік ұстап,аяғымызды айқастырмай қолымызды тіземіздің үстіне еркін қойып,денемізді босатып,көзімізді жұмып жағымды әуен сазымен тамаша ойға берілеміз.
Нұрлы аспаннан күлімдеген күннің жылы шуағы сіздің жан дүниеңізді жылытып, жүрегіңізге шуақ шашып тұр.Күннің нұры қолға барды, қолдарыңыздың саусақтары ыстық сезім ұялатты,қолдарыңнан шығып денеңді аралап аяғыңа жетті.Аяғың нұрлы жолға бастады.Аяғыңнан шығып нұр шуағы көзіңізге барды.Көздеріңіз тек жақсылықты көруде,көзден шыққан нұр шуағы түйсікке барады,түйсікте жағымды ойлар түзейді.Күннің нұры Мирас ықшам ауданын аралап жүр, барлық адамдарға жылылық сыйлауда.Күннің нұры өзіңізге оралды.Сіз күн нұрындасыз.Сіз нұр сәулесісіз!
2.Үй тапсырмасын тексеру.
7 сыныпта өткенді еске түсіру.
3.Әңгімелеу
*Адам өмірінің мәні неде?
*Қандай жағдайда адам өз өміріне риза болады?
*Өмірден өз орнын табу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек?
*Адамның өмірдегі орнын табуға өзін-өзі танудың ықпалы қандай?
Сабақ барысын талқылау:
4.Мәтінмен жұмыс
Оразақын Асқардың "Өмір өнегелері" өлеңін оқып,талдау ұсынылады.
Тіршілік пе,немене,өмір деген?
Шектеле межайша күн көруменен?
Бір ұғымға екі сөз неге керек,
Мағынасы бір болса,бөлінбеген?
Бір уақытын бос күйбең еншілесе,
Жайын сұрап жанына көрші келсе,
"Тіршілік қой,әншейін",-дейді адамдар,
Өз ісіне көңілі көншімесе.
Еліне арнап еңбегін дарынменен,
Ерді естісе,халқының қамын жеген,
"Нағыз өмір сонікі",-дейді адамдар,
Жар сап атын ардақтап бар үнменен.
Екеуінде елеулі айырма бар,
Қайсысына ойың бар дайындалар.
Адам болып сүрмесең,нағыз өмір,
Алдын ала ойламас жайыңды олар?
5.Ойланып көрейік
Оқулықта берілген көрнектітүколог,академик Әбдуали Қайдардың өмір туралы,өмірдегі жақсылық пен жамандықтуралы ой-тоғауын өз бетінше оқып шығу тапсырылады.
6.Мұғалім сыйы
Өмір дейтін М.Мақатаев
Өмір дейтін тайғанақ мұз-айдында,
Жырлап кетем, алдымен жылаймын да,
Сөредегі кермені кесіп өтсем,
Маған әлі жетпейді құдайдың да.
Мұң мен зарға ондайда шаң қаптырам,
Қайғы дейтін қаншықты қан жаптырам.
Ұры-уайым тиер деп қай жағымнан,
Секем алған киіктей аңдап тұрам.
Аттай жүріп өмірдің баспалдағын,
Бірі менмін қайғыдан қашқан жанның.
Көзім жасын көл етсем сөнер ме екен,
Көмейімнен лапылдап, шашқан жалын?!
Жөқ сөндірмен, сөндірмен, жыламан да,
Қуаныштан мұң жуық тірі адамға.
Дариясы өмірдің шайқалмайды,
Дәрмені жоқ бір пенде жылағанға.
Жүргемін жоқ қайғынын жүгін артып,
Ер сүрінсе еңкеймес, жығылар тік.
Бөліп, жарған қайсыбір қуаныштан,
Ойландырған оңаша мұңым артық...
7.Дәптермен жұмыс
1-2 тапсырманы орындау.
8.Топпен ән айту
Ән "Өміріңе немқұрайлы қарама"
Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,
Дүниеден кетті бай да, өтті бек.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп.
Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,
Зерлі шапан киінсең де жақұттан.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Шақша басың айналса да бақыттан.
Қайырмасы:
Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,
Өміріңе немқұрайлы қарама.
Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,
Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.
Сын сағатта сақтау үшін өз басын
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Айдын көлге айналса да көз жасың.
Қайырмасы:
Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Қанша азап көрсең-дағы, бауырым,
Өміріңе немқұрайлы қарама.
9.Үйге тапсырма
О.Асқардың "Өмір өнегелері" өлеңін жаттау.
10.Соңғы тыныштық сәті
Бүгінгі өткен сабағымызды тағы да ой елегінен өткізіп,тыныштықта баяу әуенмен ойымызды жинақтаймыз.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 35.56 Kb |
Количество скачиваний: | 75 |