№1 сарамаңдық жұмыс

Предмет: География
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тақырыбы: №1 сарамаңдық жұмыс

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – оқушылардың жалпы географиялық білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.

Дамытушылық мақсаты – Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. Дүниежүзілік мұхит суларында тіршіліктің таралу ерекшелігі, мұхит табиғатын зерттеу жолдары, мұхит табиғатын қорғау шаралары туралы экологиялық білім беру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, кескін карталар

Сабақ түрі: Қорытынды қайталау сабағы

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (3 мин)

ІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)

ІІІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Тапсырмалармен таныстырып, оларды орындауға бағыт-бағдар береді.

1 тапсырма. Физикалық карта мен жер қыртысының құрылысы картасын салыстыра отырып, әр байланыс түріне үш мысалдан келтіріңдер:

а) платформа – жазық;

ә) ерте қатпарлы аймақ – орташа биіктегі таулар;

б) жаңа қатпарлы аймақ – биік таулар.

2 тапсырма. Солтүстік тропик ауданындағы Африканың климатын төмендегі жоспар бойынша сипаттап беріңдер:

а) қаңтар айының орташа температурасы;

ә) шілде айының орташа температурасы;

б) тіркелген максимальды және минимальды температура;

в) қаңтар және шілде айларындағы басым желдер;

г) жылдық жауын-шашын мөлшері.

3 тапсырма. Климат белдеулері картасы бойынша анықтаңдар:

а) экваторлық климат белдеуі қай материктер арқылы өтеді?

ә) Австралия қандай климат белдеулерінде орналасқан?

б) қай материкте барлық климат белдеулері кездеседі?

в) қай материкте климат белдеулерінің саны аз?

Оқушылар тапсырмаларын орындайды. Түсінбеген жерлерін мұғалімнен сұрайды.

ІІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.


FOйынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Үй жұмысы:

1. §10 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Кескін картаға дүниежүзілік мұхит суындағы негізгі беткі ағыстарды түсіру.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 13.29 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 130

Похожие материалы