1 сынып.Сабақтың тақырыбы: 9 саны,цифы.Сиқырлы шаршылар.
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Тлегенова Камажай Улыкпановна
|
Математика ,1-сынып
Сабақтың тақырыбы: 9 саны,цифы.Сиқырлы шаршылар.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларды 9 саны мен цифрын танып,жауға үйрету,бір таңбалы,екі таңбалы сандар ұғымын қалыптастыру,сиқырлы шаршылардың мәнін ұғындыру;
ә)Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін сиқырлы суреттер,ребус,логикалық тапсырмалар арқылы дамыту;
б)Ұйымшыл,ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс,ойын сабақ.
Сабақтың әдісі.Сұрақ-жауап,талдап-жинақтау,ойын.
Сабақтың көрнекілігі: Жұмыс дәптері,ребус, слайд
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Математика сабағы,
Оқытады жаңаны.
Есеп,өрнек,теңдеудің,
Шешімін дәл табамыз!
Топтастыру.Ітоп «Алғырлар»
ІІ топ «Ойшылдар»
ІІ топ «Зеректер»
ІІ.Өткен сабақты ауызша пысықтау.
Топтық тапсырма. «Кім шапшаң?» ойыны.
Ауызша сұрақ-жауаптар.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.«9 саны және цифры.Сиқырлы шаршылар».
А)Топпен 9 санын кеспе дидактикалық материалдар арқылы ажыратып алу.
9 саны және цифрымен таныстыру.
№1 Сандар қатарын толықтыру.
*3***7**
***5**8*
***6**9*
Ә) Сергіту сәті.
Топпен жарыс.
10санына байланысты санамақтар жатқа айту.
1)Дәптермен жұмыс.
9 цифрын дұрыс жазып үйрену.
№2 Сәйкес келетін санды жазып шық.
2)Ойын: «Жалаушаны кім алады?».Ауызша есептеу.
Сиқырлы шаршылар.
Барлық бағыттағы сандар қосындысы бірдей болатындай етіп, торкөздерді толықтырып шық.
2
2
5
0
5
3
3
3
4
№3Логикалық қорытынды.
Инелік гүлде де,жапырақта да отырған жоқ.Шегіртке гүлде де,саңырауқұлақта да отырған жоқ.Қанқыз жапырақта да,саңырауқұлақта да отырған жоқ.Қайсы жәндік қай жерде отыр?
№4 Логикалық қорытынды.
Ойыншық піл аюдан кішкентай,ал аю қояннан кішкентай.Қай ойыншық бәрінен үлкен?Суреттерді боя.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 78.14 Kb |
Количество скачиваний: | 20 |