10 көлеміндегі сандарды қайталау.

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: 10 көлеміндегі сандарды қайталау .

Сабақтың мақсаты: 1.Қосу және азайту амалдарының иағынасын танытып,

 Балалардың білім дағдыларын  тиянақтау, қайталау,қалыптасу деңгейін анықтау .

                                     2. Танымдық белсенділігін арттыру, бастапқы негіздерін үйрету,

Ойлау өрісін ,ойлау қабілетін ,математикалық тілін дамыту .

                                     3. Мақсатқа және жете білуге ,еңбек етуге ,ойын дұрыс айта білуге , шығармашылық еңбек етуге , ұқыптылыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:   Сұрақ-жауап, машықтық.

Көрнекілігі: Сандар, аққаланың суреті, сандарға қатысты, жеміс-жидектердің суреті .

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі;

1.     а) Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, сабаққа назарын аудару.

2.     ә) Психологиялық сәт.

Армысың , асыл күн!

            Армысың , асыл жер !

            Армысың жан досым !

            Жылуыма жылу қос

             Міне менің қолым!

 

-         Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше. Себебі қонақтар қатысып отыр. Сабағымыз ойын түрінде өтеді.

-         Қазір жылдың қай мезгілі?

-         Қыстың нешінші айы, қазір қай ай?

-         Бір аптада неше күн бар?

-         Неше күн оқимыз ?

-         Неше күн дем аламыз ?

-         Бүгін аптаның қай күні ?

 

 

-         Балалар біз 10-ға дейін санау білеміз .Ендеше өз білімізді әртүрлі тапсырмалар орындау арқылы көрсетейк .

-         Балалар қыс айы сендерге несімен ұнайды? Қардан не жасаймыз ?

Ендеше аққаланы қағаздан  үлгісін жасап көрейікші . Аққаланың бір бөлігін құрастыру үшін ондағы тапсырмаларды орындау керек. Аққаланы қай бөлігінен бастап құрастырамыз

 

1.     тапсырма 

-         Алдарыңда сандар бойынша ретімен тұрыңдар (балалардың алдына сандар номерациясы үлестіріп беріледі)

-         Тура санау

-         Кері санау

-         Орыс тілінде санау

-         Ағылшын тілінде санау

-         Реттік санау

-         Көршілерін атау .

 

2.     Тапсырма . Қандай сан жетіспейді

 

 

1

2

 

5

 

3

 

 

10

 

 

7

 

 

 

4

 

 

6

 

3.    тапсырма

Әр суретті сана және тиісті цифрларды жаз.

             Сергіту сәті

                  Орнымыздан тұрайық

                 Алақанды ұрайық

                  Бір отырып ,бір тұрып

                  Демімізді алайық .

 

Дәптермен жұмыс .

 

-         Аспанда не жарқырап тұр ? Барлығымыз сол күн сиякты күлімдейікші ендеше даптердегі тапсырмаларды әдемі таза орындайық .

Логикалық есеп

(есеп оқылады балалар тақтаға текше сандар арқылы жазады .)

  Табақта үш алма

   Қолымда екі алма

   Қосқанда барлығын

   Болады неше алма ?  (3+2≡5)

 

Көлден ұшты төрт қаз

Қайтып қонды екі қаз

Ұшып кетті нешеуі ?  (4-2≡2)

 

 

Қорытынды . Мадақтау.

-         Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма ? Несімен ұнады .Бәріңде сабаққа жақсы қатыстыңдар !

 

                     

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 64 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 135

Похожие материалы