"100-ден жүйрік, 1000-нан тұлпар"
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Айназарова Раушан Сериковна
|
Сайыс тақырыбы: «100-ден жүйрік, 1000-нан тұлпар»
Мақсаты:
1. Интеллектуалдық ойын арқылы ептілікке, өзара сайыс түрінде қарапайым болса да логикалық ойлауды қажет ететін түрлі мазмұнды сұрақтар мен жұмбақтарды шешуде оқушылардың танымдық қасиеттерін дамыту, тапқырлыққа баулу;
2. Оқушыларды Қазақстан тарих, қазақ тілі, математика, ағылшын пәндеріне деген сүйіспеншілікке, білімге, құштарлыққа, шығармашылықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу;
3. Ойын арқылы оқушылардың тарихтан, қазақ тілі, математика, ағылшын тілінен сауаттылығын арттыру.
«Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір-бірімен жатқан шулап жалғасып.
Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар, арпалысып алға шық.
Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын,
Құштарлықтың толғағы мен көктемі»-деп Төлеген Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі жастар –халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын білгірлер мен тапқырлар білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгін 7 сынып оқушылары арасында Қазақстан тарих, қазақ тілі, ағылшын тілі және математика пәндерінен «100-ден жүйрік, 1000-нан тұлпар» атты білім сынағының куәгері боласыздар. Оқушылар тапқырлығымен көзге түсер деп ойлаймын. Ортаға ойынға қатысушы оқушыларды шақырамыз. Оқушылармен таныстыру.
1. Аяулым 7 а сынып
Ұнататын сабағы тарих, орыс тілі, алгебра, болашақта есепші болғысы келеді. Бүгінгі жарыста соңғы кезеңге дейін сүрінбей өтсем дейді.
2. Айжан 7 ә сынып
Сүйікті ойыны тоғызқұмалақ. Ұнататын пәні ағылшын тілі, математика және телеарнадан интелектуалды ойындарды үзбей көреді. Болашақта ұстаз болғысы келеді.
3. Еркебұлан 7 а сынып
Өскенде дәрігер болғысы келеді. Бос уақытында футбол ойнағанды ұнатады. Бүгінгі жарыста жеңіске жету.
4. Балнұр 7 ә сынып
Бос уақытында сабағын оқып, теледидар көріп, далаға шығып достарымен ойнағанды ұнатады.Мақсаты дәрәгер болу.
5.Айбар 7 ә сынып
Өскенде футболист болғысы келеді. Күреспен шұғылданады. Ұнататын пәндері алгебра, әдебиет, ағылшын. Бүгінгі жарыста қарсыластарына қуаныш, өзіне жеңіс тілейді.
6. Амина 7 а сынып
Болашақта дизайнер болғысы келеді. Сүйіп оқитын пәндері алгебра, тарих, биология, әдебиет. Бүгінгі жарыста жеңіске ие болу.
7. Амангүл 7 а сынып
Мақсаты жоғарғы оқу орнына түсу. Унтатын сабағы биология. Бос уақытымда бисермен шұғылданады. Бүгінгі жарыта жеңіске жету.
8. Әділ 7 ә сынып
Өскенде футболист болғысы келеді. Күреспен шұғылданады. Ұнататын пәндері алгебра, әдебиет, ағылшын. Мақсаты жеңіске жету.
Енді әділқазылар алқасымен танысайық.
Құрметті жиылған қауым, мен сіздерге мына бір мақалды айтқым келіп тұр. «Жүгірген ала ма, әлде бұйырған ала ма» демекші, ойыншыларға сәттілік тілеп, ойынды бастаймыз. Ойын 5 кезеңнен тұрады.
ØБәйге (10б)
ØПолиглот (30б)
ØҒажайып үштік (30б)
ØКөкпар (30б)
ØЖорға (10б)
Осындай дүбірмен күй ақтарған,
Бәйгеден озып келу сияқты арман.
Сыныптар үміт үзбей қарап отыр,
Тұлпардан қалған өңкей тұяқтардан.
І кезең
Бәйге жарысын бастаймыз.
1. Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан, ғалым математик? Әл-Фараби
2. Столдың 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? 5 бұрыш
3. Геометрияның негізін қалаған математик? Евклид
4. Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 1сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінуге болады? (1сағат 20 минут = 80 минут)
5. Қай ғасырда «Қазақ» сөзі этникалық мағынаға ие бола бастады? XIV ғасырдан бастап
6. Қазақ халқының құрамына енген ру – тайпалар өздерінің ен таңбаларын салған жартас? Таңбалы – Нұра
7. XIV – XV ғасырларда қыпшақ тілінде жазылған жазба әдебиет туындысы? Оғызнама
8. XIV-XV ғасырларда халықаралық қарым-қатынастарда сөздік ретінде пайдаланған еңбектің аты? «Кодекс куманикус»
Бұл кезеңнің сұрағы,
Көпшілікке ұнайды.
Көп сұрақтың орнында,
Қандай сөздер тұрады.
Ойланайық азырақ,
Уақытты үнемдеп.
Кім айтады кәнеки?,
Жауабын мен білем деп.
ІІ кезең
Полиглот
1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, ruler )
2. Бар жоғын білмейсің, онсыз өмір сүрмейсің. (ауа, воздух, air)
3. Егер Т-дан бастасаң, санмын.
Т-ны алып тастасаң жаумын. (төрт,четыре,four, өрт, пламя,fire )
4. Суға салсаң батпайды, отқа салсаң жанбайды. (мұз, лед, ice)
Тұяқтан құйын-перін шаңды ойнатып,
Бұл жолы дарындардан сыймайды аты.
Мәреге бұрын жетіп бос жусанда,
Шаттықтан аунап жату қандай бақыт.
ІІІ кезең
«Ғажайып үштік»
Логикалық есептер
1. 8кг алмадан тосап қайнату үшін оған 4 кг қант қосады. 24кг алмадан тосап қайнату үшін оған қанша кг қант қосу керек?
(12 г) 20 б
2. Медеуге бара жатқан Бауржанға қарсы 4 адам кездесті.Әр қайсысының қасында 1 баладан бар. Медеуге қанша адам бара жатыр? (Бауржан) 30б
3. Жанар қағазға 86 теңгені жазып, өзінің жолдасына айтты. Ешқандай жазу жазбай осы қолындағы қағазды 12-ге арттыруды өтінді. Ол қалай?
(86-98) 40б
Формулалар
1. (a +b)+с = a +(b+с)
а) Қосудың ауыстырымдылық заңы.
б) Қосудың терімділік заңы. 20б
в) Көбейтудің терімділік заңы.
2. a п= a a a …a
а) Натурал көрсеткішті дәреже 30б
б) Бүтін теріс көрсеткішті дәреже
в) Дәреженің қасиеттері
3. am: аn =
а) am-n 40б
б) a a
в) am+n
Ауызша есептер
1. Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шумақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты, қос ешкі.
Тор қозылы екі қой
Бәрін бірге ойлап қой. (17 бас мал)20
2. Атам, әжем, ағаммен.
Әкем, інім және мен, анам және енесі
Енесінің бөлесі, отыр едік шай ішіп.
Жеңгем кірді майысып, арқасында кіші інім.
Саны қанша айта ғой, үйдегі бар кісінің? (11 адам)
3. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысыққа қарама-қарсы 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр?
(4 мысық)
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 29.94 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |