11 сынып оқушыларын ҰБТ-ге математика және физика пәндерінен дайындаудың кейбір тиімді әдістері
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Отеген Зоя Базарбаевна
|
Тақырыбы: 11 сынып оқушыларын ҰБТ-ге математика және физика пәндерінен дайындаудың кейбір тиімді әдістері. Мақсаты: оқушыларға математика және физика пәндерінің арасындағы байланысты есептер шығару арқылы көрсету. ҰБТ-де келетін кейбір күрделі есептерді тез әрі уақытты үнемдеп шешуге үйрету. Дамытушылығы: оқушылардың ойлау,сөйлеу,есте сақтау қабілеттерін формулаларды түрлендіру, өлшем бірліктерді бір жүйден, екінші жүйге ауыстыру, есептер шығару арқылы дамыту. Тәрбиелілігі: оқушыларды өз беттерінше жұмыс істеуге,уақыты тиімді пайдалануға тәрбиелеу. Көрнекі-құралдар: интерактивті тақта, компьютер, слайтар, таблицалар. І. Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, түгелдеу) ІІ. Сынып оқушыларына бүгінгі іс-шараның мақсатын хабарлау. ІІІ. Пән мұғалімдерінің кіріспе сөзі. ІҮ. Физика пәнінен ҰБТ-ке дайындау кезеңдері. Ү. Математика пәнінен кейбір есептерді тез шығарудың әдіс-тәсілдері І. Таңдау пәні ретінде физика пәнін алған әрбір оқушы ең алдымен 1-кезеңде :физикалық шаманың анықтамасын, өлшем бірлігін, формуласын,өлшеуіш құралын,белгіленуін білуі тиіс. 2-кезеңде: формуланы түрлендіру мен өлшем бірліктерді бір жүйеден екінші жүйеге он санының дәрежесін пайдаланып көшіре білуі тиіс. 3-кезеңде: 1-кезеңдегі, 2–кезеңдегі білімдерін есеп шығаруға пайдалана білуі.
Тип материала: | Неизвестен (pdf) |
---|---|
Размер: | 359.56 Kb |
Количество скачиваний: | 31 |