»1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалы» (8 сынып)
Предмет:
История
Категория материала:
Конспекты
Автор:
Әбдікерова Гауһар Ажайқызы
Здесь была ссылка на работу »1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалы» (8 сынып) автора Әбдікерова Гауһар Ажайқызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Абылай ханның немерелерінің бірі Саржан Қасымұлы отаршылыққа қарсы қазақтардың күресін басқарды. Оны Қоқан ханы 1836 жылы зұлымдықпен өлтірді.Бұл көтелістің жалғастырушысы Жоламан Тіленшіұлы болды. Оның басты мақсаты отаршылықпен басып алған жерлерді қазақтарға қайтару еді. Кенесары Ресейдің билеп- төстеу саясатын жете түсінді. Ағасы Саржанның көтерілісіне қатысқан Кенесарының қалыптасуына әкесі Қасым тікелей әсер етті. 1836 жылы Ташкент билеушісінің қолынан қаза тапқан өзге бауырлары мен әке өліміне қайғырған Кенесарының ендігі мақсаты қоқандықтардың тепкісінен қазақтарды азат ету болды. Сонымен қатар Қазақстанның патшалық Ресейдің құрамына кіріп үлгермеген жерлерінің дербестігін сақтау ,қазақ жерін бекіністерден, жаңа округтік билеулерден азат ету басты мақсатына айналды. Көтерілістің қозғаушы күші: Он жылға созылған көтерілістің басты қозғаушы күші –қазақ шаруалары боды. Кейін белең алған ірі көтеріліске өзге ұлттар да қатынасты.. Көтерілісті: Қыпшақ, төртқара, жағалбайлы, тама, арғын, керей,шекті, жаппас, бағаналы, табын т.б. ірі рулар қолдап отырды. Көтеріліске қатысқан ірі ақсүйектер өз мүдделерін көздей отырып, жерді азат етуді көздеді. Ұлт азаттық көтерілісіне қатысқан тұлғалар: Көкшетау өңірінен Шыңғыс ұрпақтары: Шеген, Қанқожа Уәлиұлы, Таны Тортайұлы, Айғаным ханым, Ақмола аймағынан : Күшік, Жанай, Жадай Айшуақұлдары, Қарқаралы, Баянауыл, Құсмұрын елді мекендерінен 80-нен аса сұлтан ,би,старшындар қатысты. Көтеріліс барысындағы маңызды оқиғалар: 1837 жылы Петропавл қаласынан шыққан керуенді қорғайтын Ақтау бекінісі казактарына тұңғыш рет шабуылдау арқылы патша үкіметіне қарулы қақтығыс білдірді. 1838 жылы мамырда Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, бекіністі өртеп жіберді. Бұл ірі жеңіс еді. Осы жылы орта жүз қазақтарының біразы Кенесарыға қосылып, толыға түсті. 1841 жылы Кенесары қолы Ташкентке аттанды, бірақ ауру тарап, жорық жалғаспады. Көтерілісшілер қоқан әскерлері орналасқан Созақ, Жаңақорған, Жүлек , Ақмешіт бекіністерін азат етті. Бұл сарбаздарды рухтандырып жіберді. 1842 жылы Сібір әскери шебінің басшылығымен Сотников Кенесары жақтастарына шабуыл жасады. Бұл ауылдардың бірігуіне себеп болды.