22 - Қыркүйек Тілдер мерекесіне арналған "Тілім барда тірімін мен, мәңгімін " тақырыбындағы ашық тәрбие сағатының жоспары ( 8 сынып)
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Сатыбалдиева Гулзада Буркитовна
|
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Тілім барда тірімін мен, мәңгімін...»
Сыныбы: 7 «А»
Сынып жетекшісі:Сатыбалдиева Гулзада
Мақсаты: Оқушыларға қазақ тілін білудің маңызы жайлы айту. Қазақ тілі туралы өлең, мақал-мәтел, нақыл сөздерді оқыту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Қазақ тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Барысы:
Мұғалім:Құрметті ұстаздар,оқушылар ! Бүгінгі 7 «А» сыныбының Тіл мерекесіне орай өткезгелі отырған «Тілім барда тірімін мен, мәңгімін...» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер дей отыра, ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын!
1-ж:Қайырлы күн, ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!
2-ж: Армысыздар, өрлі де асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! "Тілім барда тірімін мен, мәңгімін..." тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
1-ж: Тілім менің-тірлігім
Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?
Тілім менің-тілім менің тірлігім!
2-ж: Ана тілім- тірлігімнің тірегі
Тілмен ғана кірер адам реңі
Тілсіз қоғам-өлі мынау дүниеде,
Түсініксіз тылсымменен бір еді.
Ана тілім-әрекетім азығы,
Бар ғаламды танушылық қазығы,
Ой-сананың өсуінің куәсі,
Ғасырлардың кейінгіге жалғасы.
1-ж: Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым,бақытым,дара тілім.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 33.75 Kb |
Количество скачиваний: | 26 |