5 саны мен цифры

Предмет: Математика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: 5 саны мен цифры

Сабақтың мақсаттары: Білімділік:Оқушыларды 5 санымен таныстыру,санның белгіленуін,дәптер бетіне жазылуын үйрету;

Дамытушылық: 4-ке 1-ді қосу,ұзындықты өлшеу арқылы 5 санының шығуы туралы,бесбұрыш туралы түсінік беру.Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік: Шапшаңдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: ойын сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Жемістер,таңбалар,сандар,ойындар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психалогиялық кезең. «Санамақ» айтылады.

-Неше жыл мезгіл бар?Балалар,қазір қандай мезгіл?Күзде адамдар қандай еңбекпен айналысады?Ендеше біз бүгін «жеміс бағаны» барып жеміс терейік.Үш қатар жемісті жасырып жинаймыз.Жеміс бағына бармас бұрын Фариза «күз береке» туралы тақпақ айтып береді.

Күз береке

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

ІІ.Өткен тақырыпты еске түсіру.

-Ең алдымен мынадай тапсырмаларды орындау арқылы өзімізге қажетті жемістерді жинаймыз.Ол үшін ортаға 4 оқушы шығады.

-Біз қандай сандармен таныстық?

-Осы сандарды салыстырайық.

4=4      3<4      1<4

-Міне,балалар,енді үй тапсырмасын тексермес бұрын «4» санының құрамын табайық.

Сонымен «4» қандай санның қосындысы?

1+3=4                 3+1=4           2+2=4

Осы теңдіктердің құраушыларын атаңдар.

3-қосылғыш,

1-қосылғыш,

4-қосындының мәні.

ІІІ.Жаңа сабақ.

-Балалар,біз бүгін «5» саны және цифрымен танысамыз.Әр қолда «бес» саусақ бар.Бес саусақ «бес» бірліктен тұрады.

«Бес» санының мағынасы.Мысалы, «бес саусақ»-бес бармақ,балан үйрек,ортан түйрек,шылдыр шүмек,кішкене бөбек.5-тік баға-өте жақсы жауап берген,дайындалған,оқушыға қойылатын үздік баға.

Абай Құнанбаев: «Ғылым таппай мақтанба».

Оқулықпен жұмыс.Сағаттың бес болуымен «5» санын сәйкестендіру.

№1 есеп.Суретке қарап сурет құрастыру.

4+1=5                           5-1=4

Кесіндінің ұзындығын өлше.(5 см)

4см<5см

№2 есеп.Көпбұрыштардың бұрыштарын санаңдар.

4+1=5-тура теңдік,

5-1=4-өзара кері амал.

Цифрлардың өсу ретіне қарай нүктелерді қос.

2.Дәптермен жұмыс.

Қосындыны құрастыр. «5» санының жазылуын үйрету.

Есептер шығару.

IV.Сергіту сәті.

V.Сабақты бекіту. «Алма теру» ойыны

Сұрақ-жауап.

 

VI. Бағалау.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 12.85 Kb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 154

Похожие материалы