7 - сынып "Тармақталу командасы"

Предмет: Информатика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Тармақталу командасы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алгоритмдер түрлері туралы толық түсінік алу. Оқушыларды тармақталу командасымен таныстыру; пайдалану жолдары мен тәсілдерін үйрету; Есептер түрлерін көрсету, есептер шығару, Алгоритм тілінде есептер көрсету, блок - схема құра алу. Блок – схеманы MS Word программасында сызып үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту, танымдылыққа, ізденімпаздыққа баулу, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Алгоритм тілінде тапсырмалық есептер шығара алу.
Тәрбиелік: жылдамдыққа, сауаттылыққа, әр сабақта қауіпсіздік ережесін сақтауға, техникалық құралдарды сақтауға тәрбиелеу.

Оқушылардың білімміне қойылатын талаптар: Оқушылар тармақталу командасының жазылу тәртібін біліп, тармақталған алгоритмдерге бағдарлама құра білуі тиіс

Сабақтың әдістері: түсіндіру – көрсету, іздену, сұрақ - жауап, ой қозғау, өз бетімен жұмыс, топтық жұмыс.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, карточкалар,, сабақта қолданатын программаларды қолдану, кітап, дәптер және қосымша заттар т. б.
Пәнаралық байланыс: математика, сызу, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгелдеу, сабаққа жұмылдыру, компьютердің дайындығын бақылау, техникалық қауіпсіздігін ескерту.
ә) Үй тапсырмасын тексеру.
б) Бүгінгі сабақтың барысымен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру үшін қысқаша сұрақтар беріледі:

 

Сабақжоспары:
1. Миғашабуыл
2. Жаттығукезеңі
3. Компьютерде жұмыс
4. Қорытынды “Ойлан, тап”, “Полиглот”
5. Бағалау. Үй тапсырмасы.
ІІ. Миға шабуыл

● Алгоритм дегеніміз не?
● Алгоритм тіл дегеніміз не?
● Программа дегеніміз не?
● Алгоритм орындаушысы дегеніміз не?
● Алгоритм тілі дегеніміз не?
Жауаптар:
1. Алгоритм дегеніміз – информатиканың іргелі түсініктерінің бірі.
2. Алгоритмдік тіл дегеніміз - алгоритмдерді біріңғай, анық жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі.
3. Программа дегеніміз - қандай да бір программалау тілінде жазылған алгоритм компьютерге қажетті командалардың жиынтығы.
4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз - құрастырылған алгоритммен басқаруға тиісті объект немесе субъект.
5. Алгоритм тілі – бұл алгоритмдер мен оларды орындаудың біртекті және дәл жазбаларына арналған белгілер мен ережелер жүйесі.
І. Қызығушылықты ояту
“Алгоритм”сөзі 21 ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі әл – Хорезми атының латынша жазылу - algorithmi – қалпынан шыққан. Алгоритм қатынас адамдардың күнделікті өмірінен, олардың әдеттегі жұмысынан айырғысыз.
Басым көп жағдайларда адам қызметінің нәтижесі оның өз әрекетінің алгоритмдік мәнін қаншалықты басым дәл білетіндігіне тәуелді: әр мезетте, қандай ретте не істеу керек, әрекеттер қорытындысы қандай болу керек. Бұл белгілі дәрежеде алгоритмдерді құрастыру мен пайдалана білуге қатысты.
Қазіргі заманда адам көп істі компьютерді пайдалану арқылы атқарады. Кез - келген міндетті орындау алгоритмнің болуын, яғни нәтиже алуға жеткізетін әрекеттердің алдын ала жазылғанын қажет етеді. Алгоритмнің негізінде программа түзеледі, есеп шешуінің алгоритмі оны компьютерде орындауға жарамды түрде жазылады. Осыдан барып компьютердің көмегімен есепті шешу процессінің мәні алгоритм құру екені көрінеді.
Алгоритм дегеніміз не?
Алгоритм - мақсатқа жету жолындағы орындаушыға берілетін амалдар, іс - әрекеттер, нұсқаулар жүйесі.
Алгоритмнің командалары? Жай және құрама
Алгоритм мен программаның қандай айырмашылықтары бар?
Алгоритм - берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.
Программа - командалар тізбегі.
Алгоритм жазылу түрі неден тұрады?

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 22.8 Kb
Количество скачиваний: 25
Просмотров: 146

Похожие материалы