7 cыныпқа арналған сабақ жоспары "ХХІ ғасыр көшбасшысы"
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Жаксылыкова Арай Жунисбаевна
|
7 сынып
« XXI ғасыр көшбасшысы»
Танымды –интеллектуалдық ойын.
Мақсаты: интеллектуалдық ойын-шоу арқылы информатика пәніне деген қызығушылығын дамыту және сыныптан тыс уақытта компьютерді қолдану үрдісінде оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру. Информатика және т.б. пәндерден алған білімдерін көрсете алу, жинақылық, талғамдық, өз позициясын дәлелдей алу, қасиеттерін дарыту.
Міндеттері:
1.Білім-білік дағдыларын арттыру;
2.Пәнге деген шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту;
3.Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: компьютерге жазылған сұрақтар, эмблема, слайдтар.
Әдіс-тәсілі: Танымды –интеллектуалдық ойын.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Бүгінгі «XXI ғасырдың лидері» интеллектуалдық шоу ойыны математика, физика, информатика апталығына арналады.
Қуанышпен қол соғып «XXI ғасыр лидерлерін» қарсы алайлық!
(Қуанышты музыка)
Танысу
Аңсаған арман ойы бар
Кездескенде қауыммен
Танысу деген салты бар.
Жүргізуші :
Компьютер-сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демесің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де-
Ақпараттық заманның!
Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып ХХІ ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
1 тур. Бәйге
Турдың шарты: жүргізуші сұрақ қояды, сигналды карточканы бірінші көтерген қатысушысы
сұраққа жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай қойылады.
Блиц-турнир.
2 тур. Полиглот
Тілдерді меңгеремін, тең көремінПолиглот сайысында күшімді сынап көремін.
Полиглот-грек тілінен аударғанда көп тілді меңгеруші адам деген мағынаны білдіреді.
Компьютерде сұраққа жауап 3 тілде жазылады (қазақша, орысша, ағылшынша).Жауаптарын графикалық редактор Paint-та жазу.
Дұрыс жауапқа 10 ұпай қойылады.
1.Мектеп – кеме, білім - ... (теңіз, море, sea)
2.Денсаулық – зор ... (байлық, богатство, richness)
3.Білім – сандығы ... (кітап, книга, book)
4.Желіге кіру үшін рұқсатсыз пайдалануға болмайтын файлдарды оқу үшін қолданылатын жасырын бүркеме атау. (Пароль-Password)
5.Баса қалсан сен оны, неше түрлі шығады
тапсырмалар көрініп, көрсеткіш боп тұрады (тышқан, мышка, mause)
6.Әдепті бала – арлы ... (бала, ребенок, child)
7.Жаңа заман талабы көп бөліктен тұрады,
Уақытынды үнемдеп көмек беріп тұрады (компьютер)
8.Бала тілі ... (бал, мед, honey, sweet )
9.Ашу дұшпан, ақыл - ... (дос, друг, friand)
10.Үш алфавитті символдар баса қалсан шығады,
басқа да белгілер бар бір мәтінді құрайды (клавиатура, пернетақта)
3 тур. Ғажап жетілік
Қазақ үшін қасиетті жеті саныОзаттар «Ғажап жетілікте» сайысады
Тапқыр, алғыр лидер ғана озады.
Берілген ұпайларды таңдап, сол ұпайға байланысты сұрақтарға жауап беру.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 69 Kb |
Количество скачиваний: | 25 |