7 сынып Дүние жүзі тарихы "11-15 ғғ.Испания"
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Сейдеханова Шамшинур Жумахановна
|
№ 16 орта мектеп-гимназиясының
тарих пәні мұғалімі Сейдеханова Ш.Ж
7 кл. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы:§16 XI-XV ғасырлардағы Испания
Мақсаты:Ортағасырлық испанияның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы арабтар әкелген шығармашылық өркениет пен католик шіркеуінің қатігездік саясатын оқушыларға түсіндіру.
б)Оқушыларды өздігінен жұмыс істету арқылы олардың ой-өрісін дамытып, өзіне деген сенімін қалыптастыру
3.Тарихи материалды дұрыс іріктеп, сапалы оқыту арқылы оқушыларды өзге елдің тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, өз бетінше кітаппен ,топпен жұмыс, пікір алмасу
Көрнекілік : карта, кесте, сызба
Сабақ барысы
I Ұйымдастыру II Үй тапсырмасын тексеру.а)Cұрақтар 1.XI-XV ғғ. Германия жеріндегі саяси даму ерекшеліктері қандай болды?2. Германия рыцарларының мақсат-мүддесі нені көздеді?Мақсаттарына жету үшін рыцарлар не істеді?3. Германияның ортағасырлардағы қалалары не үшін күресті?Олардың өзара және шет елдермен байланыстары қандай болды? 4. Шіркеу орталықтарының күшею себептері?
Б)Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Оттон Римді қай жылы басып алды?
А) 962 ж. ә)1356 ж. б)1237 ж. в) 1265 ж. г) 1381 ж.
2. «Алтын Булла» жарлығын жариялаған император.
А) I Оттон ә)IV Карл б) Альбрехт Медведь в)II Генрих
3. Ортағасырлық мәтел бойынша «қаладағы ахуал ... жеткізеді»
А) денаулыққа ә) бостандыққа б) тәуелсіздікке в) жауапкершілікке
III.Жаңа тақырып. Жоспар. 1.Арабтармен күрес.2 Реконкиста. 3 Испанияның бірігуі. 4 Католик шіркеуі.5 инкивизиция және күпірлерге қарсы күрес.
.Арабтар үстемдігінің орнауы
711-714жж Пиреней түбегіндегі арабтарды «маврлар» деп атады Арабтар -756 ж.
өз үстемдігін орнатты. Мавритания аймағынан келген құрып, 929ж.бастап
тәуелсіз халифаттық деп жариялад
Пиреней түбегіне араб мәдениетінің ықпалы
Кордова халифаты Ауылшаруашылығы жедел Медицина, математика, қалалар өсті
756-1031 жж. қарқынмен дамыды география ғылымдары
дамыды
а) кітаппен жұмыс 74- беттегі « Кейін Испания деп аталатын Вестгот корольдігінің арабтар иелігіне көшкен бөлігі гүлденген өлкеге айналды» деген сөзден бастап ,2-ші тақырыпшаға дейін.
Реконкиста
Арабтар ислам дінін христиан дініндегі шіркеу арабтардың дініне қарсы күрес
таратты жергілікті халықты арабтарға «реконкиста» деп аталды
қарсы қойды
«Реконкиста»-- «қайтарып алу» дегенді білдіреді.
Б) кітаппен жұмыс 74-беттегі «Рекокистаның орталығы....» деген сөзден бастап, «Арабтар Пиренейдің қиыр оңтүстігіндегі Гранада әмірлігін ғана иемденіп қалды» деген сөзге дейін.
Испанияның бірігуі
Екі корольдік бірігіп «Испания корольдігі» деп атала бастады.
1492ж олардың әскері Гранаданы басып алды. Пиреней түбегі арабтардан қайтарып алынды, сөйтіп, реконкиста аяқталды.
Испаниядағы корольдік билік
әлеуметтік топтар өкілдерінің ол жиналыс «кортес» кортес---3 топ өкілінен тұрды
жиналыстарын өткізумен деп аталды
шектелді
Пиренейде испандық король билігі орнаған соң 1492 ж еврейлер Испаниядан қуылды.Католик шіркеуі---- еврейлер мен морискілерді (шоқынған маврлар)қудалады
«Инквизиция»-- испан корольдері өз елдерін таза христиандар еліне айналдыру мақсатында- христиандыққа қарсы пікір айтушылар «күпірлер» деп жарияланды. Олармен күресу үшін 1480 ж. инквизиция құрылды.Оны қатігез Томас Торквемада басқарды. Қанды инквизиция кезінде Испанияда 23 мың еврей өлім жазасына кесілді, 200 мыңы тәркіленді. Нидерландыда 50 мың даамның басы шабылды.
IV Пысықтау. Сұрақтар 1. Реконкиста деген не? Ол қашан немен аяқталды? 2. Испанияны кімдер , қашан, қалай біріктірді? 3. Католик шіркеуі реконкистаға не үшін қатысты? 4. Күпірлерге қарсы күрестің мақсаты қандай болды? 5. инквизиция деген не?
А) Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Реконкиста қай жылы аяқталды?
А) 929 ж. ә) 1030 ж. б) 1085 ж. в) 1212 ж. г)1492 ж.
2 Еврейлер Испаниядан қай жылы қуылды?
А) 1479 ж. ә) 1430 ж. б) 1085 ж. в) 1492 ж. г)1292 ж.
3.Испаниядағы корольдік билікті шектеген әлеуметтік топ өкілдерінің жиналысы қалай аталды?
А) кортес ә) бас штаттар б)парламент в) сенат.
V Үйге тапсырма §16 оқып, мазмұндау, сұрақтарға жауап беру
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 142.5 Kb |
Количество скачиваний: | 83 |