7 сынып Табиғат кешені СТО технологиясы бойынша құрылған.

Предмет: География
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

                                           §11. Табиғат кешені

                                                 Тірек сөздер

                           1.Табиғат кешені           12.Компоненттері

                           2.Географиялық қабық 13.Күн сәулесі

                           3.Заңдылықтары       14.Табиғат процестері

                           4.Тұтастығы                   15.Полярлық

                           5.Зат алмасу                   16.Экватор маңы

                           6.Су айналымы              17.Аумақтық кешен

                           7.Ырғақтылығы            18.Шекара 

                           8.Түрлері                        19.Құрлық

                           9.Тәуліктік       20.Шаруашылық әрекеті

                         10.Жылдық                      21.Антропогендік

                         11.Ірі кешен                                      

 

                                            Қиылыс сұрақтар

1.Табиғат кешені дегеніміз не?  Өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір аймағы

2.Географиялық қабық дегеніміз не?  Литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның өзара күрделі байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын табиғат кешені

3.Географиялық қабықтың заңдылықтарын білу не үшін қажет? Айнала қоршаған табиғатқа нұқсан келтірмей, табиғат байлықтарын тиімді пайдалана білу үшін

4.Географиялық қабықтың заңдылықтарын ата. Тұтастығы, зат және қуат алмасуы, ырғақтылығы, зоналылығы

5.Географиялық қабықтың тұтастығын неден көруге болады?  Оның құрамдас бөліктерінің өзара байланысы мен олардың бір-біріне тәуелділігінен

6.Географиялық қабықтың тұтастық заңдылығын білу не үшін керек?  Шаруашылық үшін

7.Табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуы дегенді қалай түсінесің?  Табиғат кешенінің бір компоненті өзгерсе табиғаттағы тепе-теңдік бұзылады, яғни экологиялық өзгеріске ұшырайды

8.Арал теңізі аймағындағы табиғат кешенінің бұзылуының себебі неде?  Арал теңізіне құятын өзендердің суын тиімді пайдаланбаудан

9.Географиялық қабықта су айналымының атқаратын рөлі қандай?  Маңызы зор

10.Географиялық қабықтағы компоненттердің өзара байланысы неге байланысты?  Табиғатта тоқтаусыз жүріп жататын зат алмасуға байланысты

11.Зат алмасудың қозғаушы күштерін ата.  Күннің қуаты мен Жердің ішкі қуаты

12.Зат алмасудың қарқынды жүруін тездететін не?  Су, ауа, тіршілік дүниесінің әрекеті

13.Зат алмасудың тұйық болмауынан қандай процесс жүреді? Географиялық қабықтағы біртұтас зат пен қуаттың алмасуы

14.Ырғақтылықтың қандай түрлері бар?  Тәуліктік және жыл ішіндегі ырғақтылық

15.Тәуліктік ырғақтылыққа не себепші болады?  Жердің өз білігінен айналуы

16.Тәуліктік ырғақтылыққа мысал келтір.  Күн мен түннің ауысуы, мұхит суының толысуы мен қайтуы, бриз желдерінің бағытын ауыстыруы, т.б.

17.Жыл ішіндегі ырғақтылықтың болу себебі неде? Жердің Күнді айналуына байланысты

18.Жыл ішіндегі ырғақтылыққа қандай жағдай мысал бола алады?  Жыл мезгілдерінің ауысуы, өзендердегі су режимі, құстардың қайтуы, т.б.

19.Географиялық қабықтың ең ірі табиғат кешендерін ата.  Материктер мен мұхиттар

20.Географиялық қабықтың компоненттері арасында байланыс бар ма?  Әрине, олар бір-бірімен тығыз байланысты

21.Экватор маңында табиғат процестері неге анағұрлым тез жүреді? Жылу мен ылғалдың мол болуына байланысты

22.Құрлықтағы табиғат кешендері қанша уақытта қалыптасады?  Ұзақ уақыт аралығында

23.Табиғат кешендерінің географиялық ендікке байланысты өзгеру себебі неде?  Географиялық қабықта Күн сәулесінің әркелкі таралуына байланысты      

24.Қай белдеуде табиғат процестері анағұрлым тез жүреді? Экваторлық

25.Полярлық ендіктерде табиғат процестерінің баяу жүруі неліктен?  Жылу мен ылғалдың жеткіліксіздігінен

26.Табиғат кешені не себепті аумақтық табиғат кешеніне жіктеледі? Географиялық қабықтың ішкі айырмашылықтарына байланысты

27.Әрбір табиғат кешенінің өзіндік нақты шекарасы бар ма?  Бар

28.Мұхиттағы және құрлықтағы табиғат кешендерінің бір-бірінен айырмашылығы бар ма?  Иә, мұхиттағы табиғат компоненттерінің құрлықтағы табиғат компоненттерінен айырмашылығы бар. Әрі мұхитта тереңдікке байланысты ажыратылатын табиғат кешендері де бар

29.Адамның шаруашылық әрекеті мен табиғат кешенінің арасында байланыс бар ма?  Табиғат кешендерінің барлығы да әр түрлі дәрежеде адамның шаруашылық әрекетінің әсеріне ұшырауда

30.Антропогендік табиғат кешені дегеніміз не? Адам әрекеті нәтижесінде күшті өзгеріске ұшыраған табиғат кешендері (адам қолдан жасаған)

                                          Сыни тұрғыдан сұрақтар

1.Табиғат кешені дегеніміз – Жер қыртысының дамуы. –

2.Географиялық қабық дегеніміз – мұхиттар мен материктердің жер бедері. –

3.Географиялық қабықтың заңдылықтарын білу – айнала қоршаған табиғатқа нұқсан келтірмей, табиғат байлықтарын тиімді пайдалана білуге мүмкіндік береді. +

4.Географиялық қабықтың заңдылықтарына тұтастығы, зат және қуат алмасуы, ырғақтылығы, зоналылығы жатады. +

5.Географиялық қабықтың тұтастығын құрылымынан көруге болады. –

6.Географиялық қабықтың тұтастық заңдылығын білу картамен жұмыс істеу үшін керек. –

7.Табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуы деген табиғаттың бір компонентіне кері әсер ету арқылы толық табиғат кешенін өзгерту. +

8.Арал теңізі аймағындағы табиғат кешенінің бұзылуының себебі климаттың өзгеруінде. –

9.Географиялық қабықта су айналымының атқаратын рөлі аса маңызды емес. –

10.Географиялық қабықтағы табиғат компоненттерінің өзара байланысы жоқ. –

11.Зат алмасудың қозғаушы күштері Күн қуаты мен Жердің ішкі қуаты. +

12.Зат алмасудың қарқынды жүруін тездететін табиғат кешені. –

13.Зат алмасудың тұйық болмауынан географиялық қабықтың дамуы жүреді. +

14.Ырғақтылық  түрлері сағаттық, тәуліктік, айлық деп бөлінеді. –

15.Жердің Күнді айналуы тәуліктік ырғақтылыққа себеп болады. +

16.Тәуліктік ырғақтылыққа жыл мезгілдерінің алмасуы жатады. –

17.Жердің өз білігінен айналуы жыл ішіндегі ырғақтылықты тудырады. –

18.Жыл ішіндегі ырғақтылыққа күн мен түннің алмасуы жатады. –

19.Географиялық қабықтың ең ірі табиғат кешендері – ормандар мен тоғайлар.–

20.Географиялық қабықтың компоненттері арасында байланыс болмайды. –

21.Табиғат процестердің экватор маңында тез жүруінің себебі, полюстерден алыс жатуына байланысты. –

22.Құрлықтағы табиғат кешендері ұзақ уақыт аралығында қалыптасады. +

23.Жер бетіне Күн сәулесінің әркелкі түсетіндіктен табиғат кешендері географиялық ендікке байланысты өзгереді. +        

24.Қоңыржай ендіктерде табиғат процестері анағұрлым  тез жүреді. –

25.Полярлық ендіктерде табиғат процестерінің баяу жүруі жылу мен ылғалдың молдығына байланысты. –

26.Табиғат кешені жер бедері мен мұхиттардан алыс-жақындығына байланысты аумақтық табиғат кешендеріне  жіктеледі. +

27.Әрбір табиғат кешенінің өзіндік нақты шекарасы жоқ. –

28.Мұхиттық табиғат кешендері құрлықтағы табиғат кешендерінен айырмашылық жасайды. +

29.Адам өзінің шаруашылық әрекетінде табиғат кешенімен ешқандай байланыс жасамайды. –

 

30.Антропогендік табиғат кешені дегеніміз – табиғат кешенінің табиғи күйде сақталып қалуы. –

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 80 Kb
Количество скачиваний: 37
Просмотров: 226

Похожие материалы