7 сыныпқа арналған қысқа мерзімдік сабақ жоспар, "Инерция. Кеңістік және уақыт"

Предмет: Физика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,

Миялы селосы, Х. Досмұхамедұлы атындағы орта

мектептің математика және физика

пәнінің 2 санатты мұғалімі

Аккалиева Лайля Маратовна

 

 

 

                                                                                                                  

 

 

Инерция. Кеңістік және уақыт

Күні: 08.12.14

Сыныбы: 7

Пәні:физика

Сабақтың аты: §21-22.  Инерция.Кеңістік пен уақыт

Сілтеме:  Р. Башарұлы, У. Тоқбергенова, Д. Қазақбаева, Алматы «Атамұра» 2012 жыл, 237 бет      

Жоспар:               

Жалпы мақсаты:

Ø  Инерция.Кеңістік пен уақыт жайлы мағлұмат беру

Ø  Инерция.Кеңістік пен уақытты күнделікті өмірде, есеп шығаруда  қолдана білуге үйрету

Ø  Топта    бағалауға  баулу

Күтілетін нәтиже

Ø  Инерция.Кеңістік пен уақыт жайлы мағлұмат алады

Ø  Инерция.Кеңістік пен уақытты  күнделікті өмірде, есеп шығаруда  қолдана білуге үйренеді

Ø  Топта      бағалай алатын болады

Негізгі  идеялар:

Кез келген дене сырттан әсер болмағанда өзінің Жермен салыстырғандағы тыныштық күйін немесе бірқалыпты  түзусызықты қозғалысын сақтайды.

Мұның дұрыстығына мына тәжірибе арқылы көз жеткізуге болады:

 

Денеге басқа денелер әсер етпегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысын инерция деп аталады.

Адамдар күнделікті өмірде инерциямен жиі ұшырасады. Мысалдар:

 

                                         

 

Кеңістіктің негізгі қасиеттері: оның шынайы бар болуы, материямен біртұтастығы, шексіздігі, үш өлшемділыгы.

Уақыттың негізгі қасиеттері: шынайы бар болуы, үздіксіздігі, тәуелсіздігі, бір қалыптығы, бір бағыттылығы.

Ресурстар: Флипчарт, қағаздар, стикерлер, рубрикаторлар

Тапсырмалар

Топтық  жұмыс

Топтық   жұмыс 

Жеке   жұмыс: «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

1.1.    Сәлемдесу

1.2.    Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу

1.3.    Түгелдеу

1.2.   Топқа бөлу (үш түрлі кәмпит арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4  минут). «Өрмекші торы» арқылы оқушылар үй тапсырмасына берген тақырып туралы толық мағлұмат береді. Бейне көрсетілім арқылы жаңа тақырыпты ашқызамын.

  1. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің орын ауыстыруын оның қозғалыс жылдамдығы мен уақыт арқылы қалай өрнектеуге болады? Формуласын жазыңдар.
  2. Орын ауыстыруды координаталар айырым арқылы қалай өрнектеуге болады? Формуласын жазыңдар?
  3. Қозғалыс заңының формуласын қалай жазуға болады?
  4. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің қозғалым графигі қандай болады?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут). Жаңа тақырып ашылғаннан кейін оқушыларға «Бірге ойлаймыз, бірге талқылаймыз» әдісі арқылы 1 – топқа «Инерция» тақырыбына презентация дайындау, 2 – топқа ТВ постер қорғау, 3 – топқа ертегі құрастыру деген тапсырмалар берілгеннен кейін «Радиоға қоңырау шалу» әдісін пайдаланамыз. 3 топтан бір – бір профессорлар сайланып үш орындыққа отырады. Бір жүргізуші шығарып, сол жүргізуші арқылы кез – келген профессорға кезекпен оқушылардың  көкейлерінде жүрген сұрақ қояды. Осыдан кейін оқушылардың алдарына бағалау критерийлерін таратып беремін.

1.      Денеге еш нәрсе әрекет етпесе, ол қандай күйде болады?

2.      Инерция  деп нені түсінеміз?

3.      Кеңістік және уаұыт туралы не айтуға болады?

ІҮ. Топтық жұмыс  (15 минут)  Үш конвертті табу үшін 3 топқа жұмбақты шешкіздіріп, конверттің ішіндегі есептерді шығарады. 

          Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:   

          Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.                                                                                                                                                          

Бақылаушының  бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Көш

басшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу

 

 

 

 

2

Міндетін атқару

 

 

 

 

3

Топтық жұмысқа атсалысуы

 

 

 

 

   Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Оқушының аты-жөні:

1-әрекет.

Мақсаты:Тұрмыста кездесетін жұмыс туралы бейнематериалдарды  қарап  оз ойларын  ашық  айту  .

Табыс критерийлері:                

1.Бейнематериалды түсініп қарау

2.Өз ойын ашық айта алу

 

1.Бейнематериалды түсініп қарау

 

Толық түсіндім

2

Толық емес түсіндім

1

Мүлдем түсінген  жоқпын

0

2.Өз ойын ашық айта алу

 

Толық айттым

2

Толық емес айттым

1

Мүлдем айтпадым

0

 

Табыс критерийлері

Дескриптор

Лейблдер

Сабақты жақсы түсініп, меңгеруі

 

Есептерді өз бетімен есептеп шығаруы

Толық түсінді

Толық емес түсінді

Мүлдем түсінбеді

Толық есептеді

Толық емес есептеді

Мүлдем есеп шығармады.

0 – мүлдем қатыспады

1 – ауызша есепті орындады

2 – ауызша есеппен бірге оқулықтағы есептерді орындады

3 – барлық есепті шығарды

 

Оқушының аты - жөні

«Өрмекші торы» үй тапсырмасы

«Бірге ойлаймыз, бірге талқылаймыз»

«Радиоға қонырау шалу»

Жұмбақ шешіп, есептерді шығару

«Ыстық орындық»

Қорытынды бағасы

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

 

 

 

 

 

 

 

Ү. Топтық     жұмыс  (5 минут) (суреттерді түсіндіреді)

 

 

 

 

 

 

 

VІ.Жеке   жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)

1

Білу

Инерция    дегеніміз не?

 

 

 

 

 

 

 

 

2

Түсіну

Инерцияға мысал келтір?

3

Қолдану

Биіктен секіріп түскенде адам неге тізесін  сәл бүгіңкірейді?

4

Талдау

Жыл мен айды  салыстыр?

5

Жинақтау

Уақыттың негізгі қасиеттеріне нелер жатады?

6

Бағалау

Инерцияны  білу біздің өміріміз үшін   маңызы неде?

 

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.     

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар 

Эссе жазу

Кейінгі оқу

§21, 22  Инерция.Кеңістік пен уақыт

 

 

 

 

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 1.72 Mb
Количество скачиваний: 33
Просмотров: 134

Похожие материалы