8 класс биология Организмнің ішкі ортасы

Предмет: Биология
Категория материала: Конспекты
Автор:

8-сынып

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Организмнің ішкі ортасы бойынша (пысықтау сабағы)

 

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділігі: Оқушылардың организмнің ішкі ортасыбөлімі бойынша алған білімдерін тиянақтап, жинақтау. Организмнің ішкі ортасына жататын формалық элементтердің құрылысы мен атқаратын қызметі жөнінде білімдерін нығайту.

 

Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыта отырып,

алған теориялық білімдерін практикада қолдана білу.

 

Тәрбиелілігі: Оқушыларды ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, өзара ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:Пысықтау сабағы

 

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың  жоспары:

1. Ұйымдастыру

2. Жұлдызды сәт

3. Сандар сөйлейді

4. Ғажайып алаң

5. Донор-Реципиент

6. Ой қозғау

7. Үйге тапсырма беру

 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа деген ытасын аудару.

 

2. Жұлдызды сәт кезеңі

Оқушылар бұл кезеңде кез-келген жұлдызшаны таңдап, сұрақтарға жауап береді. 6 сұрақ болады:

1.      Организмнің ішкі ортасы дегеніміз не?

2.      Қанның құрамы, қызметі қандай?

3.      Тромбоциттердің құрылысы мен

4.      қызметі қандай?

5.      Лейкоциттердің құрылысы мен қызметі қандай?

6.      Лимфа айналымы, маңызы

 

3. Сандар сөйлейді кезеңі

Тақтадағы сандардың мағынасын ашады.

 

  

 

5л - Адам организміндегі қан мөлшері

7-8% - Қан плазмасындағы нәруыз мөлшері

4,5-5 млн – 1мм3 қанда болатын эритроцит мөлшері

7 күн – Тромбоциттердің тіршілік ұзақтығы

2-4 күн – Лейкоциттердің тіршілік ұзақтығы

50% - қан  жоғалса адам өлімге душар болады

120 күн – Эритроциттердің тіршілік ұзақтығы

23 секунд – Қан мүшелерді өзара байланыстырады.

6-8 мың – 1м3 қанда болатын лейкоцит мөлшері

1882 жыл – И.И.Мечников фагоцитоз құбылысын ашты.

 

 

4. Ғажайып алаң кезеңі

   Тақтада тұрған сөздерге анықтама беріп, ғалымдардың суреттері шығады, мұны оқушылар өздері тауып, еңбектерімен танысады.

 

 

5. Донор-Реципиент (сергіту сәті)

Бұл уақытта 4 түрлі қан топтарынан 4 оқушы тақтаға шығып, кім-кімге донор, реципиент болатынын табады, ал қалған оқушыларда дәл осыны қайталайды.

Содан соң Веен диаграммасын толтырады және резус-фактор туралы мәлімет береді.

6. Ой қозғау кезеңі

Бұл кезеңде алдыларында тұрған жемістерге талдау жасай отырып, пайдасын түсіндіреді.

 

 


Тест тапсырмаларымен жұмыс

 


1.Қан ұйымайтын ауру қалай аталады?

а) Пневмония

ә) Гемофилия

б) Холера

в)дифтерия

г)скарлатина

 

2. Қан беретін адам

а)донор

ә)реципиент

б)фагоцитоз

в)пиноцитоз

г)резус;

 

3. Әмбебап донор деп қандай қан топтарын атайды?

а)Ітоп

ә)ІІ топ

б)ІІІ топ

в) ІҮ топ

 

4. Фагоцитоз ілімінің негізін салушы ғалым кім?

а)Э.Дженнер

ә)Л. Пастер

б)И.И.Сеченов

в)И.И.Мечников

 

5. Өзіңнің қан тобыңды неге білу керек?

а)фагацитоз үшін

ә)пиницитоз үшін

б)аглютинация болмау үшін

в)резус-факторын білу үшін.

 

6. Бөгде заттарға қарсы ағзада түзілетін нәруыз.

а)эритроцит

ә)антидене

б)лейкоцит

в)тромбоцит

 

7. Адам ағзасындағы лимфа түйінделерінің саны.

а)400

ә)460-қа жуық

б)300

в)360-қа жуық

 

8. Қаназдықтың себебі

а)тромбоциттердің жетіспеушілігінде

ә) эритроциттер мен гемоглабиннің     жетіспеушілігінде

б) нәрыздың жетіспеуі

в) тромбтың пайда болуы

 

9.Гемоглобиннің негізгі рөлі неде?

а) оттегіні тасымалдау

ә)қанның ұюы

б) микробты жою

в)бактерияға қарсы тұру

 

10.Эритроциттер түзіледі

а)миокардта              

ә) сүйектің қызыл кемегінде

б) өкпеде

в)бауырда

 


 

Қорытындылау:

Сонымен, балалар біз бүгін организмнің ішкі ортасы бөлімін аяқтадық. Организмнің ішкі ортасы, олардың атқаратын қызметін және маңызын білдік. Осы алған білімдеріңді өмірде пайдалана білейік - деп біз бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 11.22 Mb
Количество скачиваний: 3
Просмотров: 138

Похожие материалы