Тәрбие сағаты Алдымен сүй ардақта ата-анаңды

Предмет: Биология
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тәрбие сағатының мақсаты:

            а) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу.

            ә) Ата-ана берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау.

            Тәрбие сағатының типі: Білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

            Тәрбие сағатының көрнекілігі: интерактивті тақта

          Тәрбие сағатының түрі: дөңгелек үстел

            Тәрбие сағатының барысы:

             I.      Ұйымдастыру кезеңі.

          II.      Интерактивті тақта арқылы түсініктеме беру және тақырыптың барысында кіріспе сөз сөйлеу, мақсатын түсіндіру.

       III.      Енді тәрбие сағатын әрі қарай оқушылардың өз бетінше өткізуіне көңіл бөлсек.

Мұғалім: Армысыздар ардақты ұстаздар, ардақты ата-аналар!

«Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды» атты 6 «Ә» сыныбының ашық тәрбие   сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!

 

            Амир:

Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,

Әкеге арнап, марапатты бастар күн.

Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.

Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.

Алтынай:

О, Ата-анам!

Таянышым, тірегім!

Бар бақытты бір басыңа тіледім

Бізді жақсы болсын екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Ақмарал: Ата-ана алдындағы әдептілік – баланың бармақтай кезінен бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау – елді сыйлау. Ата-әжесін құрметтеу - өмірді құрметтеу.

Мұғалім:Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,

Мейірімінен ананың жасалады.

Жырақ жүрген анасын сағынған,

Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.

Екеуінің қуанышы тілегі,

Әрқашанда бір арнадан табылған.

Ендігі кезекте ата-ана туралы дана сөздерді жеткізуші ұрпақтарға құлақ түрсек.

Бақдәулет: Ұл-қыз, ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата-ананың ұл-қызы болып өседі.

Ақбота: Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды.

Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей, ата-анаңды аялап бақсаң, армандарың орындалады.

Алмас:Ата-ананы сыйлау  - сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.

Айдана: Ата-ананың қадірін білмеген, халық қадірін білмейді.

Елдана: Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін, ерекше бағаламасаңдар, ол – қорлық.

Мұғалім: Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас-туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке- тірегің, қамқоршың, асқар тауың, Ана – жарық дүниеге әкелуші.

-                Адамның ақылы қайда балалар, кім айтады екен?

Әділет: Ханның ақылы тағында, әкемнің ақылы жанында, ғалымның ақылы басында, ананың ақылы жасында, жігіттің ақылы жақсылығында, ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қалтасында.

-                 Адамға ақыл беретін кім балалар?

Әлібек: Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досың. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады.

Енді балалар өмірде не жетім? – деген сұраққа жауап беріп көрейік.

Өмірде жеті жетім бар.

1.      Өмірде ата-анасы жоқ болса, бала тас жетім.

2.      Халқына сенімсіз болса, хан жетім.

Ханы ақылсыз болса, халқы жетім.

3.      Суы жоқ – құдық жетім.

4.      Досы  жоқ – жігіт жетім.

5.      Шәкіртсіз – ұстаз жетім.

6.      Қызы жетесіз болса, ана жетім.

7.      Ата-ана ақылы жерде қалса, бәрінен де сол жетім.

Иә, балалар, сендер ата-ананың тәрбиесін бағалап өскен боларсыңдар! Қанаттарың еш талмай, ақ жолмен ата-аналарыңды сыйлай біліңдер!

                       

            Елдана: Борыш – ата-анаға, үлкен ұстаздар мектебіне қызмет жасап, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу. Егер нағыз адам болсақ, ең әуелі ата-ана алдындағы борышты өтеу мақсатын қоямыз. Құрметті әке-шеше, атыңа кір келтірмеуге ант етемін!

Мұғалім: Бала тәрбиесі – бесіктен, - дейді қазақ. Әрбір ата-ана өз баласына қазақтың ырым-тыйым сөздерін айта отырып тәрбиелейді. Ендеше біздің оқушыларымыздың ата-аналарынан естіген ырым-тыйым сөздеріне құлақ түрсек.

Әділет: - Ата-ананы ренжітпе,

            Түнде суға барма,

            Таңдайыңды қақпа,

            Кісіге қарап есінеме,

            Дастарқанға қарап жөтелме,

            Үлкеннің сөзін бөлме, жолын кеспе,

            Нанды баспа,

            Табаныңды тартпа,

            Қолыңды төбеңе қойма.

Сонымен, балалар біз сенің ата-ана қандай деген сызбанұсқаны толтырып жіберйік.

 

 

 

Рассул, Нұрлан

 

Мақал-мәтелді жалғастыр:

 

1. Сіз деген әдеп... Біз деген көмек

 

2.Ана алдында – құрмет... Әке алдында қызмет

 

3.Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без…Шеше тұрып қыз сөйлегеннен без

 

4. Әдептілік белгісі …Иіліп сәлем бергені

 

5.Ана сүтін ақтамағанды… Ешкім жақтамайды

 

6.Қыз-қонақ

 

7.Әке көрген оқ жонар...Ана көрген тон пішер

 

8. Анасына қарап...Қызын ал

 

Қорытынды:

   Сонымен балалар біз бүгін сендермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік.Білмеген дерімізді бір-бірімізден үйреніп білдік.Ата-ана ардақтау хақында айтылған хадистерді оқып талдадық.Осының барлығы ата-аналардың арқасы. Ол үшін алдымен ата-анамызды ардақтап,құрметтеп,сыйлау біздің басты міндетіміз екенін ұмытпайық.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 693.44 Kb
Количество скачиваний: 204
Просмотров: 522

Похожие материалы