8 кластың сабақ жоспарлары толық

Предмет: Информатика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Информатика Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В» Сабақтың тақырыбы: ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы. Программалық Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы. Қауіпсіздік техникасы дидактикалық бойынша нұсқау алуды тіркеу журналы. Өрт сөндіру құралдары. қамтылуы: Жұмыс дәптері. Сабақ мақсаты: 1. Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру. Компьютер сыныбында өзін-зі алып жүру ережелерімен таныстыру. Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет ережелерімен таныстыру. 2. Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек көрсете білу қабілеттерін дамыту. 3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Сабақтың типі: Практикум элементтері бар көрсетіп түсіндіру сабағы. Білім мен білікке Оқушы білуі тиіс: қойылатын талаптар - ЕТ-пен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасының ережелерін; - компьютер сыныбындағы іс-әрекет ережелерін; - қауіпті жағдайдағы іс-әрекет ережелерін. Оқушының меңгеруі тиіс білігі: - көз талғандағы жаттығуларды жасауды; - өрт сөндіргішті қолдануды; - жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналын толтыруды; - статикалық кернеу әсерін кетіру жаттығуларын орындауды. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі II. Үй тапсырмасын тексеру III. Жаңа сабақты түсіндіру 1. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады: 1) жалпы; 2) ДК-де жұмысты бастау алдында; 3) жұмыс істеу кезінде 4) авариялық жағдайларда жағдайлардағы, 5) жұмысты аяқтағанда Жалпы қауіпсіздік талаптары: 1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады. 2. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды 3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды. 4. Дербес компьютерде су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды 5. Корпусы мен сымдардың бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады 6. Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс 7. Пернетақта үстіне ештеңені қоюға болмайды 8. Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады. Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары 1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмамағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек. 2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар сальбырап тұрмауына көңіл бөлу керек. 3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек. Дербес пайдаланылатын компьютер жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары 1. ЭЕМ жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық -50см. 2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ. 3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек. 4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек. 5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларды білуі керек. Апат (төтенше ) жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары 1. ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын бйқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек. 2. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек. 3. Қажет болса, электр тогынан зақымданғандарға алғашқы көмек көрсету керек. 4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білуі керек. Мұнда құмды немеса көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады. 5. Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушы электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады. ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары 1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек. 2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек. 3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі қою керек 3. ТАПСЫРМАНЫ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІНДЕ ОРЫНДАУ КЕРЕК. Төмендегі әрекеттердің орындауға болатындарын жасыл қарындашпен, ал орындауға болмайтындарын қызыл қарындашпен бояңдар да, сөйлемдердің мағынасына қарай «болады» немесе «болмайды» сөздерін қосып жазыңдар. Мұғалімнің рұқсатынсыз информатика кабинетіне кіруге болмайды Компьютер сыныбына сабырлықпен кіріп өзіңнің жұмыс орнына отыруға болады Информатика кабинетінде сырт киіммен жүруге болмайды Компьютердің көзге түсерлік ақауы немесе бұзылған жері жоқ екеніне көз жеткізуге болады Компьютер сыныбына кірерде бір-біріңді есікте итермелеуге болмайды Компьютердің көзге түсетін ақауларын көрсеңдер мұғалімге хабарлауға болады Байланыстырушы сымдардың ажыратылатын жеріне тиісуге болмайды Компьютерде жұмыс істеуді тек мұғалімнің рұқсатымен бастауға болады Электр тогымен жалғанған сымдарға тиісуге болмайды Сыныпқа басқа компьютерлерден компакт-диск пен дискет алып келуге болмайды Компьютердің ақауларын немесе бұзылған жерін өз беттеріңмен жөндеуге болмайды Сабаққа қатысты емес бағдарламаларды немесе ойындарды қосуға болмайды Компьютерде кір қолмен жұмыс істеуге болмайды Пернетақтаны тоқпақтамай, жай басуға болады Экранға және монитордың артқы қабырғасына тиісуге болмайды Пернетақта пернелерін кернеу қосылғанда ғана басуға болады Компьютерде су киіммен немесе су қолмен жұмыс істеуге болмайды Көзден монитор экранының қашықтығы 60-70 сантиметр болуына болады Компьютердің құрамдас бөліктеріне заттар қоюға болмайды Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын ретке келтіруге болады Мұғалімнің рұқсатынсыз қапшықтар мен файлдарды жоюға болмайды

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 702.5 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 130

Похожие материалы