8 сынып бойынша зертханалық жұмыстар.
Предмет: | Химия |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Жильжанова Нургуль Толегеновна
|
8 сынып
№1 зертханалықтәжірибе
Тақырыбы:«Заттардың (металдар және бейметалдар) физикалық қасиеттерін танып білу»
Мақсаты: Физикалық, химиялық құбылыстарға тән белгілерді түсіндіру, мысалдар келтіріп, құбылыстарды ажырату, химиялық құбылыс, химиялық реакция екенін оның жүру белгілерін меңгерту.
Көрнекілік: мыс, сым, ерітінділері, сынауық, ерітінділері
Химия кабинетінде қауіпсіздік техникасы ережесін сақтауды ескерту.
Тәжірибенің орындалуы:
1. Кестені толтыру
Құбылыс
1.2. Физикалық
1.3. Химиялық
Қорытынды
Шеге
2. Тапсырмалар:
1) Физикалық, химиялық құбылыстың айырмашылығы?
2) Мына құбылыстың физикалық, химиялық екенін анықтаңдара) Балқу, ә) бұлттану, б) жану, в) шіру, г) таттану
3) Химиялық реакцияның жүру белгілері.
3. 3 қатарда отырған оқушыларға физикалық және химиялық құбылыстар берілген карточкалар таратылады. Әр топ соң отырған оқушыдан алдыға қарай бір сұраққа жауап беріп жібереді.
1 - топ. Күнделікті тұрмыста мал сүтін былай өңдейді:
А) сүтті әуелі сүзіп тазартады;
Ә) сосын жылытады;
Б) сүт машинасынан өткізіп қаймағы мен «көк сүтке» айналдырады;
В) қаймақты бұлғап, майға айналдырады;
Г) ал «көк сүтке» ұйытқы салып ұйытып, майсыз айранға айналдырады.
Осы аталғандардың қайсысы физикалық құбылысқа, қайсысы химиялық құбылысқа жатады?
2 - топ. Айраннан жасалатын құртты былай дайындайды:
А) мал сүтін сүзеді;
Ә) сүтті пісіреді;
Б) ұйытқы қосып, жылы жерге қойып айран ұйытады;
В) Түзілген айранды әуелі дорбаға құйып, сары суынан сүзіп, бөліп қатық алады;
Г) алынған сүзбені тұз қосып араластырып, дөңгелек пішінге келтіріп кептіреді.
Осы аталғандардың қайсысы физикалық құбылысқа, қайсысы химиялық құбылысқа жатады?
3 - топ.
А) Бір тамшы су тас теседі;
Ә) Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді;
Б) Күзгі жапырақтың сарғаюы немесе қызаруы;
В) Жайған кірдің кебуі.
Осы аталғандардың қайсысы физикалық құбылысқа, қайсысы химиялық құбылысқа жатады?
8 сынып
№2 зертханалық тәжірибе
Тақырыбы: «Химиялық реакциялардың белгілеріне және типтеріне тәжіребелер жүргізу. Мыс сымын қыздыру. Малахиттің ыдырауы. Ағаш жаңқасының және парафиннің жануы»
Мақсаты:оқушылардың химиялық реакция туралы білімдерін тереңдету
Көрнекілік: Керекті құрал – жабдықтар: спиртшам, химиялық стакан, шыны тақша, сынауықтар, тұрғы, ағаш шырпы, сіріңке.
Керекті реактивтер: аммоний дихроматы ерітіндісі, натрий гидроксиді, натрий карбонаты, тұз қышқылы, мыс сульфаты, темір (ІІІ) хлориді, калий радониді, күміс нитраты.
Көрнекілік құралдары: презентация, компьютер.
Химия кабинетінде қауіпсіздік техникасы ережесін сақтауды ескерту.
Тәжірибенің орындалуы:
Не істедік
Не байқадық
Реакция теңдеуі,қорытынды
2.1. Химиялық реакциялардың белгілеріне және типтеріне тәжіребелер жүргізу
2.2. Мыс сымын қыздыру.
2.3. Малахиттің ыдырауы .
Әдемі жасыл түсті малахит минералының ұнтағын сынауыққа салып қыздырғанда, оның ыдырау нәтижесінде газ күйінде су бөлініп, суыған кезде сұйық тамшыға айналады. Сонымен бірге, көмір қышқыл газы бөлінеді және қара түсті ұнтақ мыс( ІІ ) оксиді түзіледі.
Күрделі зат малахиттің ыдырауынан үш түрлі жаңа күрделі заттар түзіледі
Малахит ерте кездерден бері жоғары бағаланған минерал. Малахиттің түсі ашық жасылдан атлас тәрізді қоңыр жасылға түрленіп отырады. Ежелгі гректер «мальва» деген өсімдік жапырағының жасыл түсіне ұқсағандықтан, бұл минералды малахит деп атаған.
2.4. Ағаш жаңқасының және парафиннің жануы
8 сынып
№3 зертханалық тәжірибе
Тақырыбы: «Түрлі байланысы бар заттардың табиғи үлгілерін зерттеу.»
Мақсаты: Физикалық, химиялық құбылыстарға тән белгілерді түсіндіру, мысалдар келтіріп, құбылыстарды ажырату, химиялық құбылыс, химиялық реакция екенін оның жүру белгілерін меңгерту.
Көрнекілік: әртүрлі кристалды тор үлгілері
Химия кабинетінде қауіпсіздік техникасы ережесін сақтауды ескерту.
Тәжірибенің орындалуы:
1)
1. 2. 3.
4.5.
Тапсырма: суреттердегі кристалдық тор үлгілерін атын тауып, әрқайсысына сипаттама бер.
2) Ермексаздан және металдан немесе пластмассадан жасалған шарлар мен таяқшалар берілген.
Мұғалімнің тапсырмасы бойынша: а) иондық; ә) атомдық; б) молекулалық кристалдық торы бар заттардың моделдерін жасаңдар.
3)Өздерің моделдерін жасаған заттардың физикалық және химиялық қасиеттеріндегі айырмашылықтардың мәнін түсіндіріңдер.
8 сынып
№4 зертханалық тәжірибе
Тақырыбы: «Сутек асқын тотығын катализатор қатысқанда айыру арқылы оттек алу.»
Жұмыстың мақсаты: оқушылардың оттегін
алу және оның химиялық, физикалық қасиеттері туралы білімдерін бекітіп, ауаны, суды ығыстыру арқылы газ жинау іскерлігін қалыптастыру.
Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: пробирка бекітетін қалақшасы бар темір штатив, спиртшам, газ жүретін түтігі бар тығын, 5 пробирка, оның үшеуі тығынмен тығыз жабылған шыра, кішкене мақта, ортасына дейін суы бар кішігірім конус, ұшына көмір бекітілетін жіңішке сым, 0,5 г калий перманганаты, әк суы.
Химия кабинетінде қауіпсіздік техникасы ережесін сақтауды ескерту.
Тәжірибенің орындалуы:
1. Карточка- нұсқау
Не істедік
Не байқадық
Реакция теңдеуі,қорытынды
Сынауыққа калий перманганатын салып, қыздырған кезде газ жүретін түтікке кетпес үшін, алдына бос қылып мақта қою керек. Газ жүретін түтіктің үшін оттегі жинайтын /стақан, сынауық/ ыдыстың түбіне дейін жеткіземіз. Оттегі аудан сәл ауыр болғандықтан, біртіндеп ауаны ыдыстан ығыстырады. Оттегі ыдысқа толғанын білу үшін тұтанған шыраны ыдыс аузына жақындатқанда шыра лып етіп жанады. Оттегінің суда ерігіштігі нашар болғандықтан оны суды ығыстыру арқылы да жинауға болады. Ол үшін 25-суреттегідей құрал жинап қолданамыз. Сеңгелге суға толған екі сынауыққа салып қоямыз.Калий пермаганты салынған сынауықты сәл қыздырып, газ жүретін түтіктегі ауа шыққаннан кейін оны су астындағы сынауыққа кіргізіп, сынауықтың түбін жоғары қаратып ұстаймыз.
Оттегі суды ығыстырып, сынауыққа жиналады. Су астында сынауықтың аузын тығынмен жауып, сеңгелден аламыз. Қыздыруды тоқтатпай түтікті судан алу керек, себебі, су калий перманганаты салынған сынауыққа дейін кетіп, қызған сынауық сынуы мүмкін. Сымға бекітілген көмірді спиртшамды қыздырып оттегі бар сынауыққа кіргізгенде, ол жарқырап жанады.
2. Төмендегідей сұрақ беру:
а) оттегінің қандай физикалық қасиеттерін байқадыңдар?
ә) қандай химиялық қасиеттерімен таныстыңдар? б)оттегін ауаны және суды ығыстыру арқылы жинау себебін түсіндір.
8 сынып
№5 зертханалық тәжірибе
Тақырыбы: «Зертханада сутек алу және оның қасиеттерін зерттеу»
Мақсаты:
- сутекті алып, жинап, бар екендігін дәлелдеу;
-сутектің кейбір физикалық және химиялық қасиеттерімен танысу;
- химиялық құралдармен жұмыс жүргізу дағдысын қалыптастыру;
Құрал-жабдықтар: газ өткізгіш түтігі бар тығын, шыны таяқша, химиялық стакан 50 мл,сынауық, сынауық қоятын штатив, сіріңке
Заттар: 4-5 мырыш түйірі, тұз қышқылы;
Жұмыс барысы:
Химия кабинетінде қауіпсіздік техникасы ережесін сақтауды ескерту
1. Карточка- нұсқау
Не істедік
Не байқадық
Реакция теңдеуі,қорытынды
Сутекті алуға қажетті құрылғы құрастыру. Герметикалығын тексеру.
Сутекті алу
Сутекті жинау.
Сутектің қасиеттерімен танысу.
2. Тапсырмалар
1) Неліктен бөлініпжатқангазды, ыдыстытӛңкеріпқойыпжинауқажет?
2) Сутекті, алюминийді тұз және күкірт қышқылымен әрекеттестіру арқылы алуға болады. Осы реакциялардың теңдеуін жазыңдар.
3) Бірінші цилиндр оттек газымен, екінші цилиндр сутек газымен толтырылған. Қай цилиндрде қандай газ бар екенін қалай ажыратуға болады?
8 сынып
№6 зертханалық тәжірибе
Тақырыбы:«Судын металдармен әрекеттесуі; судың кальций және фосфор (V) оксидтерімен әрекеттесуі, индикаторларк көмегімен алынған ерітінділердін ортасын анықтау.»
Мақсаты:Судын металдармен әрекеттесуін, ерітінділердін ортасын анықтау
Құрал-жабдықтар: сынауықтар, тұрғы
Реактивтер: мырыш,кальций, темір ұнтағы, к
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 237.66 Kb |
Количество скачиваний: | 51 |