9-мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69 жылдық мерекесі барша халықтың басын қала ортасындағы «Мәңгілік есте» ескерткішінің басында тоғыстырды. Таңертеңнен бері соғыс жылдарындағы айтылған әндердің топтамасы фонограмма арқылы ойнап, жұртшылықтың еңсес

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

9-мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69 жылдық мерекесі барша халықтың басын қала ортасындағы «Мәңгілік есте» ескерткішінің басында тоғыстырды.

Таңертеңнен бері соғыс жылдарындағы айтылған әндердің топтамасы фонограмма арқылы ойнап, жұртшылықтың еңсесін көтерді.
Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін сұрапыл соғыстың құрбаны болған ардагерлерімізді еске алып, тағзым ету үшін мереке өтетін алаңға жинала бастады. Ардагерлердің өшпес ерлігі Ұлы Отан соғысы жылдарында, қан майданға көрсеткен батырлық пен өжеттіліктері бойларына патриоттық рух беріп, Отанға деген сүйіспеншіліктің арқасында бейбіт өмірге қол жеткіздік.
Жыл санап Ұлы Отан соғысының ардагерлері арамыздан сиреп, алшақтап барады, десек те біздің аудан бойынша 40 ардагер аталмыш мерекені көпшілікпен бірге атап өтті. Әрине денсаулықтары сыр беріп, кейбіреуі төсек тартып жатса да дүбірлі мерекенің қадірлі қонағы ардагерлердің барына қуанамыз, оларды ардақтап төбемізге көтереміз.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 13.95 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 87

Похожие материалы