Сабақтың тақырыбы: Диктант «Таза бұлақ» 8

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

Күні: 9,10.04.2015                                         8 «а» , «ә»      

Сабақтың тақырыбы:  Диктант   «Таза  бұлақ»

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Оқушылардың тақырыптарды меңгергендігін тексеру,

    ережелерді естерінде бекіту.

Ә) дамытушылығы: Ережелерді тәжірибе жүзінде қолдана білуге  

    үйрету, сөздік қорларын молайту. Сауаттылығын арттыру.

 Б) тәрбиелігі: Оқушыларды ынта қойып тыңдауға, көркем ,

     таза жазуға және тыныс белгілеріне мұқият болуға дағдыландыру.

 

Сабақтың түрі: бекіту

Сабақтың типі: жазбаша жұмыс

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі,баяндау.

Көрнекілігі: диктанттар жинағы.

 

Сабақтың барысы:

                                                   І. Ұйымдастыру кезеңі.

                            Амандасу, түгендеу. Көңіл-күйлеріне назар аудару.                     

                                               

ІІ. Диктант жұмысы.

v  Күннің  жадын  жаздырту;

v  Диктант тақырыбын жаздырту;

v  Диктант мәтінін оқып беру.

Таза  бұлақ .

        Үш  жолаушы  бір  бұлақтың  басында  бір-біріне   кез  болыпты. Бұлақ  тастақ  жерден  шыққан,  суы  салқын,  шыныдай  жарқырайды.  Айналасындағы   ағаштардың  жапырағы  мол  түскендіктен,  бұлақ  суы  салқын  әрі  таза  екен. Біреу    су  шыққан  жердегі  үлкен  тастың  бетіне:

     -Әй,  жолаушы,  болсаң,  осы  бұлақтай  бол!-деп, жазу  жазып  қойыпты.

      Жолаушылар  бұл  сөздің  мәнін  өздерінше  шешеді.

      Жолаушының  бірі  саудагер  екен. Ол  былай  деді:

     -Бұлақ  толассыз ағып, алыс  жерлерге  барады.Сол  сияқты  сен  де  тынбай  қызмет  ет,  тоқтап  қалма, сонда  сен  де  мұратыңа  жетесің.

      Екінші  жолаушы молда  екен. Ол:

     -Біреуге  жақсылық  етсең, ол жақсылығыңды  ешкімге  міндет   етпе  дегені, -деді.

     Үшінші  жолаушы   көркем  келген  бір  әдемі  жігіт  екен.Ол  жалаушыларға:

     -Адамның  бұлаққа  күні-түні  тынбай  ағып,  тазаланып   тұрғаны  үшін  ынтық  болатынын, көңіліңді,  бойыңды  осы   бұлақтай  таза  сақтаудың  керектігін,мәселен, мына  бұлаққа  қарасаң,  күн  түссе,  күннің,  шөп  түссе ,  шөптің  сәулесін  көретінін,  сондықтан  көңілдің  осы  бұлақтай  сыртқа  ашық  көрініп  тұруының  мәні  зор  екенін  айтты.

 

(145 сөз.)  (Ы.Алтынсарин)

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 21.91 Kb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 135

Похожие материалы