Абай Кунанбаев шыгармашылыгы

Предмет: Директору-завучу
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырбы : Абай Құнанбаев шығармашылығын қайталау

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: А.Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы

бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтау,

бекіту

2. Дамытушылық : Шығармашылық тапсырмалар,

сұрақтар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін , тіл

байлығын дамыту

3. Тәрбиелік : Ұлы ақынға деген құрмет, мақтаныш

сезімге тәрбиелеу,адамгершілік қасиеттерге баулу .

Сабақтың типі : аукцион сабақ

Сабақтың әдістері : Баяндау, оқу, топтастыру әдісі, венн диаграмасы ,

«кубизм» стратегиясы , «Ой қозғау» т.б

Сабақтың көрнекілігі: А.Құнанбаев портреті, электронды оқулық, слайд

көрсету, кесте, кластер , эвро тарату

Сабақ барысы :

І . Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушыларды психологиялық жағынан дайындау, тілек тілеу, тақтадағы қол ұстасып тұрып оқиды.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.!

2. Сабақ мақсатын қою. Топқа бөлу . Оқушыларды асықтың түсі арқылы топқа бөлу .

І топ- қызыл түс

ІІ топ- жасыл түс

«Сары» түс бақылаушы ретінде топтардың жұмысына баға береді.

ІІ . Үй тапсырмасын тексеру «Ой қозғау » стратегиясы

«Білгенің абзал»

1.Абайдың туған жері /1€ /

2.Абай кім ? /5€ /

3.Абайдың бір өлеңін жатқа оқы /20€ /

4.«Ескендір » поэмасының негізгі идеясы не ? /50 € /

5.Ескендір неше жасында патша болды. Ол туралы не білесің? / 5 € /

6.Поэмада қандай қасиетер сөз болады ? /20€ /

7.«Ескендір » поэмасының түйіні неде ? /100€ /

ІІІ. «Білімдіден шыққан сөз, білімдіге болсын кез» .

«Кубизм стратегиясы » арқылы талда ,зертте, салыстыр

1-тапсырма .Өлеңдерін құрылысына қарай талдау /20 €/

І топ

Абайдың «Күз» өлеңін құрылысына қарай талдау

ІІ топ

«Жазғытұры » өлеңін құрылысына қарай талдау

-шумағы

-тармағы

-бунағы

-буын саны

-ұйқас түрі

-көркемдік ерекшелігі

-идеясы

2-тапсырма Қара сөздерінің мағынасынан не түсіндің, ой түйіндеп айт. /50€/

Қара сөздері

Не түсіндің?

І топ

Он тоғызыншы қара сөзі

ІІ топ

Жиырма төртінші қара сөзі

3-тапсырма Венн диаграммасы арқылы салыстыру /100 €/

І топ

Абай Құнанбаев «Күз» өлеңі мен Хамит Есентаевтың «Күз » өлеңі

ІІ топ

Абай Құнанбаевтың «Жазғытұры» мен І. Жансүгіровтің «Жазғытұрым » өлеңдерін салыстыру

Мысалы :

IV. Сергіту сәті

«Желсіз түнде жарық ай » әні орындалады.

V. Топтастыру стратегиясы

Постер қорғау

І топ «Абай- ақын, аудармашы »

ІІ топ «Абай – сазгер, ойшыл» Кластер толтыру / 50€ /

Орыс әдебиеті мен байланысы

ХІХ ғасыр әдебиеті өкілі


Ақын Семей жері


сазгер , аудармашы ойшыл

VІ . Сабақты қорыту

«Есті болам десең, Абайды оқы ерінбе » эссе жазу /5 €/ /3 минут/

VІІ . Сабақты бағалау . Оқушылар бірін- бірі жауап парақтары арқылы бағалайды.

VІІІ. Үйге тапсырма 121-122 бет оқу, қосымша материал дайындау

Рефлекция кезеңі . Кері байланыс жасау

Оқушыларға өтілген сабақ бойынша

Ұнады Ұнамады

деген ойларын білу

Қосымша 1

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 2.23 Mb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 157

Похожие материалы