Билим сапасын котеру факторы
Предмет: | Директору-завучу |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Рымбаева Заурехан Адилхановна
|
«Педогогтың кәсіби құзыреттілігі -білім сапасын көтерудің факторы »
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында еліміздегі білім беру ісі, бәсекеге нақтылы қабілетті 20 елдің қатарына ену жолындағы білім беру саласындағы міндеттер айқындалған болатын. Білім мен технология дәуірінде өркениетті елдердің білім беру үрдісіндегі алдыңғы қатарлы, озық әдістемені өзімізге тәжірибеге енгізу, халықаралық білім стандартына сай оқыту үрдісін дамыту қазіргі мақсатымыз болып отыр. «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін білім беру жүйесі қажет», – делінген жолдауда. Еліміздің дамуының алғы шарты білім дедік, яғни «Үшінші мыңжылдықтың жастары қандай болмақ?» деген сұрақ туындайды. Жауапкершіліктің биігінен көрінуі де жас ұрпаққа берілетін білім сапасын мейілінше арттыруды қажет етеді. Ал, білім сапасын арттыру, оның деңгейін әлемдік білім кеңістігіндегі стандарттарға сай келтіру түптеп келгенде, мұғалімге, оның кәсіби құзырлығына, әдістемелік біліктілігі мен шеберлігіне тікелей байланысты. Жас ұрпаққа жоғары сапалы білім беру ісін тек қана көп мәдениетті, шығармашыл, жаңашыл, инновациялық тұрғыда ойлап, қызмет жасай білетін ұстаз ғана мүлтіксіз атқара алады.
Құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама –қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды.
Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі - белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру. Ескі мазмұнды ығыстыра отырып,елімізде білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда. Әлемнің оқыту технологиялары жоғары дамыған елдерінің (Жапония, Германия, Голландия) тәжірибесіне назар аударсақ,түпкі мақсаты-баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни, бірінші орында баланың білім, білігі мен дағдысы емес,жеке тұлғаның білім алу арқылы дамуын қояды. Осы мақсатқа орай, бүгінгі педагогика ғылымында жаңа оқыту технологиялары: дидактикалық біліктерді шоғырландыру, ізгілікті-тұлғалық бағдарламалар, дамыта оқыту, мәселелік, тірек сигналдары арқылы, деңгейлеп саралап оқыту, өздігінен ізденіп даму, оқытудың компьютерлік, модульдік технологияларды ғылыми тұрғыда дәлелдеп, баламен бірге жұмыс жүргізіп жүзеге асырушы мұғалім..
Неліктен өзгеру қажет? Сіздің өзгеруіңіз қажет, себебі әлемдегі барлық адамдардың ішінен – мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Әлем өзгергендіктен, сіз де өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз. Сіз өзгересіз, себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз, оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет. Сондықтан сіз де, олар да өзгеруі қажет.
Негізгі терең ойлар бірден өзгере қоймайды, сол сияқты жаңа тәсілдер де тез орындалмайды. Уақыт өте келе осы тәжірибе және оның қағидаттары сіздің бойыңызға дарып, ойлау мен тәжірибенің басқа да салаларымен байланысып, сіңісіп кетеді. Мен ұжымның даму басымдықтары мен бастапқы деңгейін және оқу үдерісіне қатысты ойларын анықтау мақсатында сауалнама алдым.Сауалнамадан білгім келгені мектептің қазіргі қалыптасқан оқыту үдерісіне ұжымның көңілі тола ма, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер арасындағы қарым- қатынас қаншалықты деңгейде екенін байқағым келген.Сауалнама алар алдында мұғалімдер мен оқушылардан да , ата- аналардан да рұқсат алдым. Құпиялылық сақталынатынын ескерттім.Сауалнамадан өзім күткен жағдайларға қанағаттанарлық жауап ала алмады. Себебі қорытындысын шығарар кезде көп қиындық туындады. Жұмыс барысында мұғалімдер мен әкімшілік арасында тығыз байланыстың жоқтығы байқалғанмен сауалнамадан оны байқай алмадым. Мектеп өмірінде нені өзгертер едіңіздер дегенге әсіресе еңбек өтілі жоғары мұғалімдер ештеңені барлығы жақсы деген жауаппен шектелсе, қайта жас мамандар тарапынан шетелдің оқыту технологияларын , жаңа оқулықтар мен әдістемелік құралдарды енгізер едім және қосымша ақылы курстар енгізер едім деп ойларын ашық айтты. Маған осы жастардың білуге деген талпынысы жігер бергендей болды.Оқыту мен оқу үдерісін жетілдіру мақсатында іс-тәжірибеңізді қалай жетілдіресіз деген сұраққа әріптестермен тәжірибе бөлісемін, ғаламтордан мәлімет аламын деп жауап береді.АКТ – ны қолданамын деген де жауаптар кездесті. Қазақстан мектептерінде өзгерісті неден бастар едіңіз дегенге мектептің ішкі саясатына байланысты зерттеп бірақ өзгертер едім деген ұтымды жауап та ала алдым.Тура осындай сауалнама оқушылар мен ата- аналардан да алынды.
Оқушылардан «Мұғалім және оның оқытуы жайлы », «Оқушылар Оқушылардан «Мұғалім және оның оқытуы жайлы », «Оқушылар мен білім оқу жайлы » І, ІІ бөлімнен тұрса, ата-аналардан «Сабақ кестесі» , «Оқыту мен оқудың ортасындағы байланыс» І,ІІ бөлімнен тұрды.Оқушылар мен ата-аналар өзім күткендей сауалнамаға нақты жауап бере алмады. Ата- аналар сауалнамаға қоса өз коментарийлерін жолдады.
Осы сауалнамадан кейін мектеп ішіндегі ахуалды мектеп ортасының төрт аспектісі тұрғысынан қарастырып көруді ойладым: физикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және оқу (танымдық) факторлары бар (ресурс көздері)
Ізетті және оқуға ықпал етушы физикалық факторларға Ізетті және оқуға ықпал етушы физикалық факторларға келсек, мектебіміз 900 балаға арналған 487 оқушы оқиды. Мектеп ғимараты 1969 жылы қолданысқа берілген , күрделі жөндеу жұмыстарын керек етеді. Сыныптар таза , спорт алаңдары бар, асхана жұмыс істейді.Сынып бөлмелері жарық, жаңа заман талабына сай АКТ құралдарымен жабдықталмаса да балалардың оқуына жағдай жасалынған. оқушысы бар орта мектепте бар–жоғы 50 компьютер, 2 актив тақта орнатылған. Бала санына шаққанда 10 балаға бірден айналады екен. Мектеп кітапханасы оқулықтармен 90% қамтылған. Мұғалімдерге керекті әдебиеттер, құрал –жабдықтар, ресурс көздері жеткіліксіз.
Қарым-қатынас пен өзара әрекеттестікке түрткі болатын әлеуметтік орта жағдайына келсек, мұғалімдер мен оқушылардың қарым –қатынас деңгейі қанағаттанарлық . Мектепте ұжымдық татулық бар. Мұғалімдер қауымы өз мектебін мақтан тұтады. Соған қарамастан жалпы мен еңбек ететін мектепте жеке автономияның жоғары деңгейі байқалады. Себебі мұғалімдер өз тәжірибесін «жекешелендіреді» яғни кәсіби шеберлігін өз тәжірибесінде өз сыныбы шегінде ғана қолданады. Жүргізіп жатқан жұмыстарындағы жетістіктері туралы да ой бөлісіп айтудан қашады. Егер ол жүргізіп жатқан жұмысының тиімді жақтарын байқаса да , әріптестерімен бөлісуге батылы бармайды. Ол шынымен солай ма деген қорқынышты үрей бар сияқты. Ал оқушыларды ықпал ететіндер деп айтар едім.Себебі оқушылар келешекті анықтауға және жоспарлауға ұмтылады. Өткізілген сабақтар бойынша мұғаліммен оқыту мен оқудағы проблемаларын талқылауға ұмтылыс жасайды.Сыныптағы басқа оқушыларға көмекке келуге де дайын тұрады. Дегенмен қалыптасқан бұрыннан үрдіс бойынша мұғалім көп сөйлейді , мұғалім сыныпқа нұсқау беру үшін тақтаға жазады, оқушылар мұғалімге бетпе-бет отырады, сұрақты мұғалім қояды оған мұғалімнің қалауымен ғана оқушы жауап береді. Ал мен бүгін ХХІ ғасырда менің мектебімде орын алған осы үрдістің орнына мынаны ұсынар едім :
-оқушылар мұғалімге және өзінің сыныптастарына сұрақ қояды
- оқушылар бір-біріне бетпе-бет отырады,
- мұғалім мұқият тыңдайды оқушы түсіндіреді , айтады
Аффекттік орта жағдайына келсем, мектепте оқушы мен ата-аналар үні көп жағдайда қанағаттандырыла бермейді.Сауалнама жазу кезінде ата-аналар өздерінің балаларының нені қалайтынын , оған мектепке келу ұнай ма осы сұрақ төңірегінде жауап беруде қиналды. Мен бұған тек мектепті ғана емес ата- аналарды да кінәлі деп санаймын. Ата- анамен , оқушымен тығыз байланыста болуға мектеп әрқашан дайын ,тек ата- ана тарапынан қолдау болса. Ата-ана мектепке тек баласын біреу ренжітіп немесе нашар баға қойғанда ғана келмей, үнемі тығыз байланыста болса екен деймін.
Қоғамдастық:
• мұғалімдер үшін білімді пайдаланумен қатар, өздеріне сол білімді құру мүмкіндігін;
• ынтымақтастық құрылымдарының сан алуандығын;
• икемділігін және бейресмилігін;
• мектептен және ауданнан тыс жерде жұмыс істеу мүмкіндігін; тәуекелді шешім қабылдауға ынталандыратын (2 қосымша)
Ендеше, мен болашақта осы мәселелермен жұмыс жасауды жоспарлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық 2. Мектеп қызметіне аналитикалық талдау жасау, зерттеу әдістері Алматы 2007 ж . 3.Курс алды тапсырмалар
4. «Мектеп директоры орынбасары » журналы 2012ж №3
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 195.5 Kb |
Количество скачиваний: | 42 |