"Адам мінезімен танылады" (5 сынып)

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

             Өзін-өзі тану  сабағыныңжоспары

 

Мектеп : № 36 мектеп-гимназиясы

 Мерзімі : 18-19.2014

Сабақ саны:3         

Тақырып :  Адам мінезімен  танылады

Құндылық : дұрыс  әрекет           Қасиеттер: жағымды қарым-қатынас

Мұғалім:   Намазова.Д

 Сынып: 5 «а,ә,б,в,г»

 Оқушылар саны:  

 

 

Сабақтың  мақсаты: адамның мінезі,мінезді жетілдірудегі адамның мүмкіндіктері туралы түсінік беру.

  Сабақтың міндеттері:

·          жақсы-жаман мінез-құлықты ажырата білуге үйрету;

·         оқушылардың бойында жақсы мінез-құлық дамытуға ықпал ету;

·          өзін құрметтеу,өзіне деген  сенімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, материалдар)

Оқулық, дәптер,

Сабақтың  барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.

Кеудемізді тік  ұстап,аяғымызды айқастырмай  қолымызды тіземіздің үстіне  еркін қойып,денемізді  босатып,көзімізді  жұмып  жағымды  әуен  сазымен  тамаша  ойға берілеміз.

Нұрлы  аспаннан  күлімдеген  күннің жылы шуағы  сіздің   жан дүниеңізді  жылытып, жүрегіңізге  шуақ   шашып  тұр.Күннің  нұры  қолға   барды, қолдарыңыздың  саусақтары  ыстық  сезім  ұялатты,қолдарыңнан  шығып  денеңді  аралап  аяғыңа  жетті.Аяғың  нұрлы  жолға  бастады.Аяғыңнан  шығып  нұр  шуағы  көзіңізге  барды.Көздеріңіз  тек  жақсылықты   көруде,көзден  шыққан нұр шуағы  түйсікке  барады,түйсікте  жағымды  ойлар  түзейді.Күннің  нұры  Мирас  ықшам  ауданын аралап жүр, барлық адамдарға жылылық сыйлауда.Күннің  нұры  өзіңізге  оралды.Сіз  күн нұрындасыз.Сіз  нұр  сәулесісіз!

2.Үй тапсырмасын  тексеру.

Адамның көңіл-күйін  білдіретін суреттер  салу.

 

 

3.Әңгімелеу

*Мінез дегеніміз  не?

*Адамның мінезі қайда және қалай танылады?

*Мінез-құлық адамдардың қарым-қатынасына әсер ете ме? Қалайша?

*Адам  өз  мінезін өзгерте ала  ма?Қалай?

 

 

Сабақ барысын талқылау:

 

4.Мәтінмен  жұмыс

 

Мінездің  қайшылықты жақтары  көп.Мәселен,біреудің  мінезі  ашық,біреудің  мінезі  тұйық,біреу -өктем,біреу-жұмсақ,біреу-кешірімшіл,біреу  ызақор  болады.Бірақ  анықтап  қарасақ адамның  бойынан,әр  адамның бойынан  жақсы қасиеттер  мен  әрекеттерді  таба  аламыз.Оқулықта  ұсынылған  Іңкәр  Тоқаштың  "Жақсылық  шапағаты "  әңгімелеу.

 

 

5.Жағдаяттарды талдау

Адамның сыртқы келбетімен қатар ішкі жан дүниесі де сұлу болуы керек. Ішкі жан дүниенің сұлулығы көбіне-көп мінез арқылы көрініс береді.  Оқушылардың мінез туралы алдыңғы сабақта түйген ойларын бекітіп, тереңдету мақсатында  және алдыңғы сабақпен байланыс ретінде

оқулықтағы жағдаятепн танысу ұсынылады.

КІМ ҚЫЗ ЖІБЕК БОЛАДЫ?

5- «А» сыныбы өте ұйымшыл болатын. Бір күні сынып жетекшісі  Әсия апай:

            -Балалар, Наурыз мерекесіне біздің сынып « Қыз Жібек» жырынан үзінді қоятын болдық. Рөлдерді бөлуді сендердің талғамдарыңа салғым келеді. Қыз Жібектің кім екенің білесіңдер. Оның рөліне кімді ұсынасыңдар?

            -Арай болсын. Оның шашы ұзын, өзі де сұлу,-деді Қаламқас.

            -Мен  Маржанды ұсынар едім. Әрине, оның шашы ұзын емес. Алайда Маржан үнемі достарына көмектесіп, әрқашан сыныптың намысын ойлайды. Аулада да кішкене балаларға қамқор болып, үлкендерді сыйлап, ізет көрсетіп жүреді. Менің ойымша, Маржан Қыз Жібектің рөлін ойнауға әбден лайық,-деді Дәуренбек. Сынып балалары шуылдасып кетті.

            -Тынышталыңдар, балалар! Қане, дауысқа салайық,-деде Абзал, үлкен адамша дауысын көтеріп. –Кім көп дауыс алса сол Қыз Жібектің рөлін ойнайды...

            Көп дауыспен Маржан Қыз Жібектің рөлін ойнайтын болды.

·         Қалай ойлайсыңдар, Қыз Жібектің рөліне балалар неліктен

Маржанды ұсынды?

·         Өздерің кімді қалар едіңдер?

·         «Адам мінезімен көрікті» дегенді қалай түсінесіңдер?

 

 Жағдаятты талқылау барысында оқушыларға

                толық  еркіндік береді. Тек қана оқушылардың сынып ішінен  бірін-бірі мысалға келтіріп, салыстыру жасауын қадағалап отыруы керек. Әңгімені тек оқулықта берілген жағдаяттың айналасында өрбіткен жөн. Оқушылардың назарын қазақтың «түсі суық», «түсі жылы», «жаны жайсаң», «пейілі кең» деген ұғымдарына аудара отырып, «Табиғи тән сұлулығына адамның жарқын мінезі, ақ көңілі нәр береді. Қыз Жібек-халықтың сүйікті қаһарманы, сұлулық пен сүйкімділіктің, асыл махаббаттың, асқан парасаттылықтың символы, сондықтан да кез келген адам Қыз Жібек бола алмайды және де өзін Қыз Жібек сияқты етіп тәрбиелеу әркімнің өз қолында» деген оймен түйіндеу керек.

            6.Тапсырма

            Оқулықта «Тапсырма» айдарымен Әбунасыр әл-Фарабидің нақыл сөздері берілген. Бұл нақыл сөздердің берілу мақсаты-жақсы мінез-құлық адам өмірін нәрлендіретіндігін, шынайы бақытқа қол жеткізуіне, адами қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретіндігін оқушыларға ұғындыру.

1.      Мінез-құлықты сөз жүзінде емес, іс жүзінде шыңдау арқылы іске

асыруға болады.

2.      Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде-бұлар

Адамшылық қасиеттер болып табылады.

3.      Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.

7.Дәптермен жұмыс

Дат суретшісі Херлуфа Бидструпаның дәптерде  берілген адам мінезіне байланысты салған суретіндегі мінез-құлқы әр түрлі адамдардың мыжылған қалпаққа өз эмоцияларын, қатынасын білдіруін әңгімелеп, олардың арасындағы қарым-қатыснасты суреттеу тапсырылады

 

 

 

 

 

8.Шығармашылық жұмыс

«Жақсылық шапағаты» әңгімесінде және дәптермен жүргізілген жұмыста қозғалған мінез-құлық тақырыбын бекіту мақсатында оқушыларға «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбына шағын әңгіме жазу тапсырылады.

Түйіндеме

Сабақты қорытындылау мақсатында түйінсөз оқылып, талдау жасалынады.

                                                           Сыйлы, қадірлі болуға септігін тигізеді;

 

 

Жақсы мінез                                    адамдардың сенімін туғызады;

 

 

 

                                             Өзіңнің, өзгелердің өмірін қуанышқа бөлейді.

 

9.Үйге  тапсырма

Жақсы  мінез  туралы  әңгімелеу

 

10.Соңғы  тыныштық сәті

 

Баяу әуен қойылады.

 

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін өлең жолдарымен түйіндеп, сабақты аяқтайды.

 

Мінездер бар жақсы-жаман, әр алуан,

Әдептілік әділдіктен нәр алған.

Кең болғанның кем  болғанын көрмедім,

Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан.

 

 

 Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.23 Kb
Количество скачиваний: 69
Просмотров: 274

Похожие материалы