Адам құқықтары мен міндеттері

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Жамбыл облысы, Т.Рыскулов ауданы, Кулан ауылы, Ю.Гагарин атындагы негізгі мектебінің математика пані мугалімі Омиркулова Бакыткул Дуйсеновна   Адам құқықтары мен міндеттері   Мақсаты:             1.Оқушыларға құқықтық тәрбие беру. Оларға        мемлекет, қоғам және азамат туралы мағлұмат беру.        2. Оқушыларды жоғары азаматтыққа ,   елжандылыққа тәрбиелеу.   Түрі: іскерлік ойын 1. Кіріспе а) Егеменді, өркениетті елдің бүгіні мен ертеңінөрге бастар, жас жеткіншектер. Бүгінгі іскерлік ойынымыздың мақсаты – құқықтық тәрбие бере отырып, тәуелсіз мемлекетіміздің жас жеткіншектерін азамат ретінде көрсете білу. Іскерлік ойынымызға 2 команда қатысады. Бірінші қоманда «Құқық», екінші команда «Азамат» (музыка, оқушылар орнынан тұрады) «Құқық» командасының девизі: «Құқықтық тәрбие - өзекті мәселе» «Азамат» командасының девизі: «Азамат атанған адам - өзі туған мемлекеттің міндеті мен құқығына ие»   Әділ-қазылар алқасы сайланады. Іскерлік ойынымыздың бірінші бөлімі: «Кім көп біледі?» (музыка) 1. Қоғам деген не? (Саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде бірігуі) 2. Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы) 3. Қазақстан азаматы болуды қалай түсінесің? (Мемлекетте тұрақты түрде тұратын азамат заң бойынша Қазақстан мемлекетінің азаматы бола алады) 4. Құқықтық мәдениет деген не? (Қоғамдағы әрекет етуші заң негіздерін білу, оған құрметпен қарау. Содан үлгі алу бұл құқықтық сана және құқықтық мінез-құлық) 5. Декларация деген не? (Декларация – хабарлау. Мемлекеттік саясаттың, құқықтың халықаралық қарым-қатнастардың принциптерін салтанатты түрде жариялайтын документ) 6. Құқықтық норма деген не? (Қоғамдық қатынастырды реттеуге қолданатын әлеуметтік ережелердің бірі. Құқықтық нормаларға неғұрлым әдептік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттік, адамгершілік мәні жоғары болады) 7. Адам құқықтарының жалпыға ортақ «Декларациясы» қашан қабылданды және қабылдау себебі?(Адам құқықтарының заң күшімен қорғау қажеттілігінен туған «Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын» 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ- ның Бас Ассамблеясы қабылдады – 30 баптан тұрады. Ол барлық халықтар үшін орындалуға тиісті міндет ретінде жарияланады) 8. Қандай құқық жүйесін білесіздер? 1. Конституциялық 2. Әкімшілік 3. Азаматтық 4. Еңбек 9. Тәртіп деген не ? (әртүрлі әлеуметтік әдет – ғұрып, дәстүр және әдептік нормаларының әсерінен орнатылады) 10. Құқықтық мәденитеттің екінші түрі – құқықтық мінез – құлық деген не? (Ол қоғамдағы әлеуметтік қатынастардың құқықтық тәртіпке сәйкес болуын қамтамасыз ету, құқық нормаларын сақтау) Музыка. Екінші бөлімі «Менің құқығым және міндетім» Адам құқығының жалпыға ортақ Декларациясында «Әрбір адамның құқығы мен қатар міндеті де бар делінген» 1. Мектепте оқу тек қана құқық емес, сондай –ақ міндет екенін қалай түсіненсің? (Бастауыш мектеп оқушысы мектепке барудан бас тарта ала ма? Қаламасам –оқымаймын. Бұл менің құқығым. Жоқ олай емес, өйткені мемлекеттің заңында адамның құқығы мен қатар міндеті де көрсетілген. Орта білім алу баршаға міндетті және тегін, ал техникалық және кәсіптік білім – көпшіліктің қолы жетерліктей болуы керек) 2. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы. Баланы тәрбиелеу ата – ананың құқығы ғана емес сонымен қоса олардың міндеті дейміз, неге? (ҚР заңы бойынша орта білім алуға балалар міндетті болса, оларға оқу үшін жағдай жасап, қамқорлық көрсету ата – аналарының да, міндеті. Яғни, ержеткенше киіндіру, асырау, оқытуға, үйретуге, бәрін білуге баулу, өмірге керек болатын нәрсенің бәріне тәрбиелеуге баса көңіл бөлу ата – ананың міндеті.) 3. «Кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата – анасына қамқорлық жасауға міндетті (Конституциясының 27 бап) дейді, қалай түсіндіресің?» (Әлбетте баланың адамгершілік парызы – қартайған әке-шешесіне қамқор болуы міндетті. Адамның ата-анадан жақын ешкімі жоқ. Бала ата-анасына көмек көрсетуге, ілтипат танытуға, адамгершілік, материалдық қолдау жасауға тиіс. Оларды асырауға тиіс.) 4. Оқушы ретінде қандай міндеттерді білуге тиіссің? (Мен оқушы болғандықтан өзім оқитын мектебімнің ережесін қатаң сақтай білуім керек, яғни білім нәрін өз бойыма сіңіре білу, мектеп, сынып жұмысына белсене араласу, тәртіпті, қарапайым және кішіпейіл болу, халқымыздың мемлекеттік рәміздерін көздің қарашығындай сақтап сүю, қастерлеуге міндеттімін.)  Музыка. Үшінші бөлім «Сөздік турнир» Берілген мәліметтің нақты атауын беру. 1. Заң бойынша Қазақстан мемлекетінің бір мүшесі (Азамат) 2. Барлық мемлекетті өз азаматтарының азаматтығын мемлекет тарапынан мойындап, қамқорлық жасау (Декларация) 3. Жалпы тараптық шара (Заң) 4. Бала құқығы жөніндегі халықаралық шарт (Конвенция) 5. Мемлекеттердің арасындағы өзара көмек туралы шарт, келісім (Пакт) 6. Бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі (Конституция) 7. Жер бетіндегі халықтардың мүддесін қорғайтын халықаралық ұйым (БҰҰ) 8. Әрбір адам басқа адамдармен тең және еркін. Адамға өмірдегі ең қымбат нәрсе не? (Бостандық)  
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 36 Kb
Количество скачиваний: 52
Просмотров: 215

Похожие материалы