Африканың физикалық – географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі.
Предмет:
География
Категория материала:
Другие методич. материалы
Автор:
Мырзатаева Фариза Орынбасаровна
Материал Африканың физикалық – географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі. автора Мырзатаева Фариза Орынбасаровна временно недоступен по запросу правообладателя.
Если вы являетесь автором этой работы, вы можете восстановить публикацию на Uroki.me и сохранить своё имя в каталоге учителей.
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Мақсаты:Африка материгінің географиялық орнына сипатама беру. Табиғат ерекшеліктеріне тоқталу. Материк жағалауындағы мұхиттар, теңіздермен таныс болу. Африка материгін зерттеген саяхатшылар жөнінде әңгімелеу. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, картамен жұмыс жасауға дағдыландыру. Оқушыларды білімділікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар Түрі: десант сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, картамен жұмыс. Сабақтың жүрісі.1.Ұйымдастыру 2.Жаңа сабақ. Табиғатының басты ерекшеліктері: - Африка-экватор сызығы мен бастапқы меридиан кесіп өтетін бірден-бір материк - Материк арқылы Жер шарындағы ең ұзын өзен Ніл өзені ағып өтеді, ұзындығы 6671км. - Африкада Жер шарындағы ең үлкен тропиктік континенттік шөл Сахара орналасқан, оның ауданы 7млн км². - Африкада ең ірі жануар – Африка пілі тіршілік етеді. Салмағы 7,5 тонна. - Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі – Шығыс Африкадағы Килиманджаро жанартауы, биіктігі 5895м - Ең төмен орналасқан нүктесі Ассаль көлі, деңгейі -153м - Материк жағалауындағы ең ірі арал – Мадагаскар, ауданы 590 мың км² - Африкадағы ең ірі көл – Виктория, ауданы 68 мың км², ал ең терең көлі – Танганьика тереңдігі 1470м, Байкалдан кейінгі екінші орынды алады. - Материктегі ең ірі сарқырама – Оңтүстік Африкадағы Тугела өзені бойында орналасқан Тугела, биіктігі 933м.