«Ғажайыпстанға саяхат» білім сайысы
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Байбоз Жанар Жанжігітқызы
|
Тақырыбы:«Ғажайыпстанға саяхат»білім сайысы
Мақсаты:
Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасыменқатар, дүниетану және ойлау қабілетін ұштау. Сонымен қатар, ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу. Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.
Құрылымы: Бағдарламаға 4 оқушыдан құралған 2 топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны - 8. Ойын 5 кезеңнен тұрады.
Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінсіздер бастауыш сынып оқушыларына арналған «Ғажайыпстанға саяхат»білім сайысыинтеллектуалдық ойынын тамашалайсыздар.Біздің ойынымыз мынандай кезеңдерден тұрады:
Бағдарлама кезеңдері:. Ойын V айналымнан тұрады.
I-айналым «Білгенге маржан»
II-айналым «Құрастырма сурет»
III-айналым «Бәйге» ойыныЛогикалық есептер
IV-айналым «Бейне сұрақ» Екі топқа бірге
V-айналым “Мыңбірмақал»
Ойын ережесімен таныстыру.
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.
І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма.
Білім мен өнер жарысып.
Тәрбие ,тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда.
Ал, енді бүгінгі ойнымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
I-айналым «Білгенге маржан»
Бірінші айналымда топтарға оқу бағдарламасының аясында әзірленген 6 сұрақ қойылады.
«Сұңқар» тобына
1.Шаршыдегеніміз не? (барлыққабырғасытең фигура)
2. 90 литр сүтті 3 литрден неше ыдысқа құямыз?30 литр
3. 1 ғасырда неше жыл бар ? 100 жыл
4. Үш бұрыштың периметрі 17 см болса ,екі қабырғасы 6см болса ,үшіншісі неше см ? 5 см
5. 5 санының 8-ге көбейтіндісі?40
6. 3 дм -? см, 4 м -? дм, 30см. 40дм.
«Тұлпар»тобына
1. 7 сиырдың мүйізінің саны?14
2. Ұзындық және оның бірліктерін ата.
3.1 сағ. + 18 мин. Дегенімізнешеминутқатең?78 мин
4. Аулада 4 тауық және олардан 3 есе артық үйрек жүр.Ауладағы үйректердің саны неше ?12
5. Периметрді қалай табамыз
6. 7 санының 8-ге көбейтіндісі?56
II-айналым «Құрастырма сурет»
Бұл айналымда топтарда суреттің бір бөлігі көрсетіледі. Топтар сол суретте жасырылған затты табуыкерек.
«Сұңқар» тобынаЖемістер
«Тұлпар»тобынаКірпі
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 25.67 Kb |
Количество скачиваний: | 26 |