ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҰСЫНЫЛАТЫН АШЫҚ САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ «АНА ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ» Қазақ тілі 7сынып
Предмет: | Химия |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Бекбулатова Айгуль Адамбековна
|
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру бөлімінің
А.М.Горький атындағы гимназиясы»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бекболатова Айгүл Адамбекқызы
Ашық сабақтың жоспары.
Қазақ тілі
7 «Г» сынып.
Сабақтың лексикалық тақырып "Ана тілінде сөйлеу"
Сабақтың грамматикалық тақырып: Жай және құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың жай және құрмалас сөйлемнен алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдану,ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізу. «Ана тілінде сөйлеу» деген лексикалық тақырыбы бойынша балалардың білім, сөз қорларын, керекті мәліметтерімен, білімдерін көбейту пысықтау, тереңдету. Оқушылардың таным дүниесін Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тіл мен ана тілі туралы түсінік пен білімдерін кеңейту.Оқулықтағы «Ана тілінде сөйлеу» мазмұнының көркемдігін меңгерту. «Жеті жұрттың тілі», «жеті түрлі ғылым» деген түсінік беру,лексикалық тақырыпты жан-жақты талдау, мәнерлеп оқу. Оқушылардың ана тіліне деген дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, пікірін,арнайы сұрақтарға толық жауап беруге үйрету және сауатты жазуларын қадағалау.
2.Дамытушылық: Балалардың Қазақстан халықтарының ана тілінде сөйлеу туралы ауызекі сөйлеуге дамыту және жазу шеберліктерін арттыру.Сыни тұрғысынан ойлауға, өзінше ой түюге баулу, танымдық түсініктерін дамыту. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, өз ойларын тиянақтау.
3.Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық, тіл мәдениеті, әдептілік мәселелерін тәрбие беру. Ана тіліне ,Отанға,Қазақстан халқы құрметтеуге сүйіспеншілік сезімін арттыра отыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі, жаңа сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,талдау, топпен оқыту,мәнерлеп оқу,ойлармен бөлісу,әңгімелеу.
Сабақтың құралдары: Қазақ тіліоқулығы,дәптері,суреттер ,мақал-мәтелдер,тірек сызба,қанатты сөздер,Ш.Уәлихановтың портреті,интерактивтік тақта,флипчарт
Пәнаралық байланыс: география,тарих,қазақ тілі,орыс тілі,этнопедагогика,этика
Қосымша материалдар:мақал-мәтелдер, мәліметтер,грамматикалық тақырып.
Технологиялар: педагогика, ақпараттық , дамыта оқыту
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (1-2слайд)
1.Сәлемдесу :
2.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындау.
3. Сабақтың мақсаттарын айту.
· Өткен сабақтың «Тілашар» деген үй тапсырмасын мен жауаптарын тексеру
· «Ана тілінде сөйлеу» деген лексикалық тақырыбының мазмұнымен танысамыз.Мазмұны мәнерлеп оқимыз, талдаймыз.
· Тақырыбын ашып, сөйлемдерді ауызша айтып жазбаша көшіріп жазып,бастауыш пен баяндауыш астын сызып отырамыз.
· Ережелерді еске түсіріп жай және құрмалас сөйлемнен алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолданып, талдау жұмыстарын жүргіземіз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Сұрақтар:
1. Бөбек қай айлығында алғашқы дыбыстар шығара бастайды?
2. Бүлдіршіндер алғаш дыбыс шығара бастағанда ата-ананың міндеті не?
3. Қазақ халқы баланың тілі тез шығу үшін қандай ырым жасаған?
4. Ана тілінің байлығын толық меңгеру үшін заттар қалай таныстырған?
5. Саусақтардың атаулары қандай?
6. Қабылдауға жеңіл болу үшін қалай жаттатқызған?
7. Сендер балаларға арнаған қандай дәстүрлерін білесіңдер?
(Балалармен бірге қазақша саусақтардың атауларын айтып көрсету.)
ІІІ. Лексикалық жаттығу. Ой шақыру. (3слайд)
-Балалар, бүгінгі жаңа сабақты «Мақал-мәтелдерді аяқта!» деген ойынмен бастағым келеді! Тапсырманың шартты осындай. Экранда өтілген қазақ тілі сабағы бойынша мақал-мәтелдердің басы ғана беріледі, ал сендердің алдағы мақсаттарың мақал-мәтелдерді аяқтау. (Мұғалімнің айтып берілген мақал-мәтелдерді аяқтау керек)
Мақал-мәтелдері : (3слайд)
1) Уәде берсең қайтпа - ...
2) Тілге құрмет - ...
3) Тәрбие отбасынан ...
4) Туысы бірдің -...
5) Отан отбасынан ...
6) Ағайын тату болса ат көп,
7)Ағасы бардың жағасы бар, ...
8) Аға- бор, ...- ...
а) уысы бір
ә) іні-тас
б) басталады
в) қолыңнан келмесе айтпа
г) інісі бардың тынысы бар
ғ) басталады
д) абысын тату болса ас көп
е) елге құрмет
1. Уәде берсең қайтпа - ...(қолыңнан келмесе айтпа.)
2. Тілге құрмет - ...(елге құрмет)
3. Тәрбие отбасынан ... ( басталады)
4. Туысы бірдің -... (уысы бір)
5. Отан отбасынан ... ( басталады)
6. Ағайын тату болса ат көп, ( абысын тату болса ас көп)
7. Ағасы бардың жағасы бар, ... (інісі бардың тынысы бар)
8. Аға- бор, ...- ... (іні-тас)
"Кім жылдам?" (4-5слайд)
(Мұғалімнің ауызекі тілде айтып берілген мақал-мәтелдерді қазақша аударып аяқтау керек)
· - гостья в семье
· - и все разные
· -дерево , ... - листья.
· - так отблагодарят тебя дети.
IV.Жаңа сабақ:Кiрiспе әңгімесі: (6слайд)
- Балалар,«Ана тілі» дегеніміз не?Қазақстан қандай мемлекет?
22 қыркүйек күні бүкіл Қазақстан халқы үлкен бірлік пен берекенің мейрамын тойлайды. Яғни «Қазақстан Республикасының тілдер мерекесі». Бұл мерекенің биыл 21 жылдығы тойланды.
- Ал, елбасы Назарбаев былай деген екен:
«Ана тілі мен мемлекеттік тілді білу-уақыттың талабы» (Знание родного языка и государственного –это веление времени)
«Тіл - достықтың құралы» дегендей, туған жер,туған тіл адамға қандай ыстық, кандай қымбат.Әр ұлттар достығы мен тіліміз жасай берсін! Осымен Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған «Ана тілінде сөйлеу» деген ашық сабағымызды бастайық!
а/ Оқылым. (7слайд)
«Ана тілінде сөйлеу» деген жаңа тақырыптың берілген мәліметті мәнерлеп оқып түсіну,талдау,түйін жасау. (Оқулықта 1тапсырма 16бетте)
1- Тапсырма
Жеті жасқа дейін тек бір тілде – ана тілінде сөйлеген сәби туған тілін ешқашан ұмытпайды. Көнеден келе жатқан қазақ зиялылардың тағылымы бойынша «жігіт болсаң , жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» деп талап қоя тәрбиелейтін. Мысалы,ұлы ғалымымыз Ш.Уәлиханов осы талапқа сай жеті жұрттың тілін білген.
(М.Қазбеков)
ә/ Жазылым. Тақта мен дәптермен жұмыс. (7слайд)
1. -Балалар, «Ана тілінде сөйлеу» лексикалық тақырыбы бойынша берілген хабарлы сөйлемдерден сұраулы сөйлемдер құраңдар. Мысалы.
(Жеті жасқа дейін сәби тек бір– ана тілінде сөйлеген бе? Кімдер келе жатқан ұрпақты «жігіт болсаң , жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» деп осы талап бойынша тәрбиелейтін? Ұлы Ш.Уәлиханов кім? Ол осы талапқа сай болды ма? Жеті жұрттың тілін білген адам нені біледі?.)
2. -Балалар, эл. тақтадағы «Ана тілінде сөйлеу» 1 тапсырманың берілген сөйлемдерді оқып, бастауыш пен баяндауыштың астын сызыңдар. (8слайд)
(Балалар эл. тақтада бастауыш пен баяндауыштың астын сызып тұрады)
1-Тапсырма (8слайд)
Жеті жасқа дейін тек бір тілде – ана тілінде сөйлеген сәби туған тілін ешқашан ұмытпайды. Көнеден келе жатқан қазақ зиялылардың тағылымы бойынша «жігіт
болсаң , жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» деп талап қоя тәрбиелейтін. Мысалы,ұлы ғалымымыз Ш.Уәлиханов осы талапқа сай жеті жұрттың тілін білген.
(М.Қазбеков)
б/ Айтылым: (9слайд)
-Балалар, «Ана тілінде сөйлеу» мазмұны бойынша сөздердің ішінде қандай синоним,антоним, омоним сөздерін білесіңдер, айтып беріңдер.
· Халық= …, бірінші = …, сәби = …, ұлы = …, адам = ….
· білген ..., туған ... , соңғы ... , көне ... , жас ... . т.б
· Талап- ..., ана-... т.б
в/ Айтылым. Оқулық пен тақтамен жұмыс. (Оқулықта 2тапсырма 16-17бетте)
Берілген 2 тапсырмадағы диалогті толықтырып,өзара сөйлесіңдер: (10слайд)
1. – Сенің ұлтың кім?
2. – Сен қазақша сөйлей аласың ба?
3. – Ата-анаңмен қазақша сөйлесесің бе?
4. - Отбасыңда қай тілде сөйлесесіңдер?
5. –Ата-анаң тағы да қандай тілдерді біледі?
6. -Өзің қазақ,орыс тілдерінен басқа қандай тілді білесің?
7. –Ағылшын тілін қалай меңгеріп жүрсің?
8. -Қосымша сабақ алып жүрсің бе?
9. –Қазақ тілін толық меңгеру үшін не істеу керек?Қалай ойлайсыңдар?
V.Сабақтың бекіту кезеңі: (11 слайд)
-Бүгінгі сабақта «Ана тілінде сөйлеу» мазмұнымен таныстық.
«Ана тілінде сөйлеу» тақырыбы бойынша арнайы сұрақтар .
· Мәтінде кім, не туралы айтылған?
· «Ана тілі» дегеніміз не?
· Неше жасқа дейін тек бір тілде сөйлеген сәби туған тілін ешқашан ұмытпайды?
· Шоқан Уәлиханов кім?
· Шоқан Уәлиханов неше жұрттың тілін білген?
· Қазақтарда жігіт болса қалай тәрбиелейтін?
· Балалар, біз неге ана тілін білуіміз керек?
· Қазақстан халықтың этностық құрамы қандай?
· Қазақ халқының ана тілі қандай?
· Басқа ұлттар қазақша сөйлей ала ма?
-Балалар, сендер неше тіл білсеңдер сонша рет адамсыңдар. Өйткені, Қазіргі заманда полиглот болу -өмір талабы.
Сондықтан бүгінгі жаңа сабақты үш тілдің үндесуін көрсету үшін «Полиглот» деген ойынмен аяқтағым келеді!Шарттым мынадай: (12слайд)
Қазір мақал-мәтелдерді оқимын,олардың бір сөзі түсіріліп қалады. Ал сендер сол кезде сөзді тауып соны 3 немесе 4 тілге аударасыздар .(Балалар эл. тақтада берілген мақал-мәтелдердің сөзін тауып 3 немесе 4 тілге аударып тұрады. Қазақ,орыс,ағылшын мен француз тілдеріне аударады)
«Полиглот» (12слайд)
А) Доссыз өмір-тұзсыз .... (тағам , еда, food)
Б) Отанды сүю .... басталады (отбасы , семья, family)
В) Отансыз ..., ормансыз бұлбұл (адам , человек, man)
Г) Аға- бор,іні- ... (тас , камень,stone )
Ғ) Өнер алды қызыл ... (тіл , язык,language)
Д) Ана сүті – бой өсіреді,ана тілі ... өсіреді (ой,мысль,thonght)
Е) Қос тіл- қос .... (қанаты , крылья,wings)
VІ Үйге тапсырма: (13слайд)
а/Балаларды І,ІІ,ІІІ нұсқасына бөліп, үйде 3тапсырманың17 бетте берілген сөздерге жазбаша дыбыстық талдау жасау.
І нұсқа -отбасы,ІІ нұсқа -татулық, ІІІ нұсқа –тәрбие.
ә/ Дәптерге «Менің ана тілім» деген шағын әңгімені жазып дайындаңдар.
VІІ.Сабақтың қорытындысы: (14слайд)
1. Бағалау .
2. Мадақтау
3. Қорытын айту-«Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» А.Байтұрсынов
Осымен Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған ашық сабағымыз аяқталды!
4. Қоштасу: Қош сау болыңыздар!
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 652 Kb |
Количество скачиваний: | 38 |