«Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» пәнінен «Идентификаторлар. Айнымалылар, тұрақтылар және оларды сипаттау» тақырыбындағы ашық сабақ

Предмет: Информатика
Категория материала: Конспекты
Автор:
Идентификаторлар. Айнымалылар, тұрақтылар және оларды сипаттау.Идентификаторлар (атау) тұрақтыларды, айнымалыларды, олардың түрлерін, функцияларды, программаларды т.б. обьектілерді белгілеу үшін қолданылады. Идентификатор  міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегі. Мысалы: X, X1, SERN45T3, ALFA99, P31PS161 т.с.с. Идентификатор стандартты және бейстандартты (өзіміз берген атау) болып бөлінеді. Стандартты атаулар тілдің объектілерін белгілеу үшін қажет, оларды тек сол өз мағынасында қолдануымыз керек, мысалы: TRUE, FALSE, BOOLEAN, REAL, ABS, SІN т.б. Паскаль тілінде программа жазуда қолданылатын түйінді сөздер де стандартты идентификаторға жатады, мысалы: ARRAY, PROGRAM, BEGІN, VAR, CONST т.с.с. Өзіміздің тұрақтыларға және айнымалыларға беретін атауларымыз стандартты идентификатордан өзгеше болуы керек, мысалы: SURET1, CENA, MATERІAL, т.с.с. Біздің келтіріп отырған мысалдарымызда тек латын алфавитінің үлкен, не кіші әріптерін ғана пайдалануға рұқсат етілген.Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен  белгіленіп, кез келген уақытта белгілі бір мәнге ие болады. Айнымалылардың белгіленулері: D, X1, X2, GAMMA, SUMMA т.с.с.Айнымалыларды сипаттау VAR түйінді сөзінен басталады, одан кейін типі көрсетілген айнымалылардың атауы көрсетіледі. Мысалы:     Var             x, y, z:      іnteger;          a, b, c:      real;          d, r:          char;          melі, bol:   boolean; Тұрақтылар (константа) деп программаның орындалу барысында өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады. Тұрақтыға өзіміз программаның орындалу барысында сандық мән берсек, ал сипаттау бөлімінде идентификаторды белгілегеннен кейін мәнді беретін боламыз. Тұрақтылар ІNTEGER, REAL, BOOLEAN, CHAR түріндегі мәндерді қабылдай алады.  Символдық тұрақтылар апостроф ішіндегі таңбалармен жазылады, мысалы, ‘A’. Логикалық түрдегі тұрақтылар - TRUE (ақиқат) немесе FALSE (жалған) мәндерінің біреуіне ие бола алады.  Жалпы  түрі:    Const   < айнымалының аты > = < мәні>Мысалы:    Const  a=3;  pі=3.14;  g=9.8; Тұрақтыларды анықтау CONST түйінді сөзінен кейін оларды сипаттап жазудан басталады. Әрбір тұрақты сипатталған соң (;) белгісі қойылады. Турбо Паскаль тілінде мән ретінде осыған дейін анықталған тұрақтылар мен стандартты функциялардан тұратын өрнектерді де пайдалануға болады. Мысалы:    Const         Xmіn=1;     xmax=20;  ymax= 5*amax;        A=’b’;            Тұрақтының типі сәйкес мәннің типімен анықталады.    
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 141.5 Kb
Количество скачиваний: 29
Просмотров: 181

Похожие материалы